Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы



Pdf көрінісі
бет226/237
Дата31.12.2021
өлшемі5,78 Mb.
#21265
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   237
Байланысты:
akhanov k grammatika teoriiasynyn negizderi

3.  С ей л ем   м ен   пайы м дау
§  130.  Тіл жэне ойлау өзара тығыз байланыста, диалектикалық 
бірлікте  болады,  бір-біріне  эсер  етеді.  Бірақ бұлардың  әрқайсысы 
өзіндік  дербестігін  сақтайтын  кұбылыстар  болып  саналады.  Бұл 
бірліктің бір жағын  басым ұстау тіл  мен  ойлауды,  дәлірек айтқан- 
да,  грамматика  (тілдің  грамматикалық  құрылысы)  мен  логиканы 
(ойлаудың  логикалық  құрылысын)  теңдестіруге  экеп  соқтырады. 
Тілдін  жасалуына,  өмір  сүруіне  жэне  дамуына  ойлаудың  әсерін 
шектен тыс  етіп  көрсету  тіл  білімінде логикалық багыттың  пайда 
болуына  себепші  болды.  Тілдің  дербестігін  жэне  оның  ойлауга 
кері  эсер  етуін  абсолютті  етіп  көрсету тіл  мен  ойлауды  теңестіру- 
ге  экелді.  Мүндай  көзқарас  неогумбольдык  эртүрлі  багыттың 
өкілдеріне  (Сепир-Уорф 
гипотезасы,  Л.Вейсгербер, 
Г.Гольц 
мектебі),  структурализм  ішінде  тілді  имманентті  құрылым  деп 
қарайтын  багыттың  уәкілдеріне  (Ф.  де  Сосюр,  Л.Ельмслев  жэне 
т.б.) тэн.  Тіл  мен  ойлаудың өзара қарым-қатысы  мен  байланысын, 
әсіресе  тілдің  грамматикалык  құрылысы  мен  ойлаудың  логика- 
лык  кұрылысының  арасындагы  байланысты  мойындамайтын 
жэне  ойлаудың  тілге,  оның  грамматикалық  кұрылысына  әсерін 
теріске  шыгаратын  багыт  пайда  болды.  Тіл  біліміндегі  мұндай 
багыт  психологизм  багыты  деп  аталады.  Психологизм  багыты  тіл 
білімінде ұзақ уақыт үстемдік жасаган логикалық багытқа карама- 
карсы багыт ретінде  пайда болды.
Тіл  біліміндегі  психологизм  багыты  уэкілдерінің  логикалық 
багытты сынга алуының барысында тіл мен ойлаудың, әсіресе тіл- 
дің  грамматикалык  кұрылысы  мен  ойлаудың  логикалық  құрылы- 
сының өзара  қатысын  сипаттау  үшін  үлкен  мэні  бар  мәселелердің 
сыры ашылып айкындала түсті.
Тіл  ойлаумен  тыгыз  байланыста,  өзара  қарым-қатынаста 
болады  дегенде,  эдетте,  тілдік  құбылыстар  мен  логикалық  кұ- 
былыстардың, соның ішінде әсіресе  сөз бен ұгымның, сөйлем мен 
пайымдаудың  бір-бірімен  байланысы,  өзара  қатысы  ескеріледі. 
Ойлау  мен  тілдің  байланысы  көбінесе  үгым  мен  сөздің,  пайым­
дау  мен  сөйлемнің  байланысы  негізінде  қарастырылады.  Ал  тіл 
біліміндегі логикалық  багыттың уэкілдері  осы  байланысты  асыра 
багалап, тілдегі  құбылыстар  мен тіл  біліміндегі үғымдарга логика 
гылымының  түргысынан  анықтама  беріп  келді.  Тіл  біліміндегі
230


логикалық  бағыттың  теріс  әсерінен  туған  қате  анықтамаларға 
бірді-екілі  мысал  келтіріп  көрелік.  Ф.И.  Буслаев  сөйлемге  орыс 
тілінде  мынандай  анықтама  берген:  «Суждение,  выраженное  сло­
вами,  есть  предложение».  Ал  бастауышқа  берілген  анықтамалар 
мынандай:
Орыс тілі  грамматикаларында:
1.  «Подлежащее  обозначает  тот  предмет,  о  котором  что-либо 
говорится в предложении»1.
2.  «Подлежащим  называется  слово 
(или  словосочетание), 
обозначающее  предмет, 
о 
котором 
что-либо 
говорится 
в 
предложении»2.
Қыргыз  тілі  грамматикасында:  «Сүйлем  ичинде  ойдүн 
негизин  ээлеп,  ким  ж ана  эмне  жәнүндө  айты лы п  жатканын 
билдирген  соз  ээ  деп  аталат»3.  («Сөйлем  ішінде  ойды ң  негізіне 
ие  болып,  кім  жэне  не  ж айы нда  айтылып  ж атқаны н  білдірген 
сөз бастауыш деп аталады»).
Қазақ тілі грамматикаларында:
1.  «Сөйлемдегі  ойдың  иесі  болып  гұрған  тұрлаулы  мүшені 
бастауыш дейміз»4.
2.  «Сойлемнің кім,  не туралы  екенін  білдіретін,  айтылган  ойга 
негіз болатын түрлаулы  мүшені бастауыш дейміз»5.
Бастауышқа  берілген  мүндай  логикалық  анықтамалар  бойын­
ша,  Оган  темекі  тартуга  болмайды  деген  сөйлемдегі  оган  деген 
толықтауышты  бастауыш  деп  тануга  тура  келеді.  Олай  дейтіні- 
міз:  жогарыдагы  анықтамалар  бойынша,  бастауыш  -   «сөйлемде 
ойга  қазық  болатын  мүше»,  «кім  немесе  не  туралы  айтылганды 
білдіретін  мүше».  Ал  мысалга  келтірілген  сөйлемде  эңгіме  оган 
туралы  болып  тұр.  Бұл  мысалдагы  логикалық  субъектінін  оган 
деген  мүше  екендігі  рас,  бірақ  ол  грамматикалык бастауыш  емес. 
Пайымдаудың  логикалық  субъектісі  мен  сөйлемнің  грамматика­
лык  бастауышының  бір-бірімен  кейде  сәйкес  келетіні  бар.  Бірақ 
эрқашан  бүлай  бола  бермейді.  Демек,  логикалық  субъектіден 
грамматикалык бастауышты дүрыс ажырата білу үшін,  бастауыш- 
ка  берілетін  анықтама  логикалық  емес,  грамматикалык  анықтама 
болуы керек.
!  Грамматика русского языка,  часть II,  синтаксис, под редакцией Л.В.  Щ ербы, М ..  1953,  стр.З.
2 В.Н.  Зиновьев, Учебник русского языка для студентов-казахов, часть И, Алма-Ата,  1951, стр. 10.
■' Д.  Исаев,  Кыргыз тилинин  грамматикасы.  Ф рунзе,  1955,  13-бет.
4  С.  Аманжолов,  А.  Ә білкаев,  И.  Ұ йықбаев.  Қ а зақ тіл і  грамматикасы,  А лматы ,  1957,  10-бет.
5 М.  Балакаев,  Казак тілі  грамматикасы,  Алматы,  1949,  18-бет.
231


Қазіргі  грамматикалык  ұғымдар  мен  категорияларға  логика 
ғылымы  тұргысынан  аныктамалар  берудегі  қателіктер  түзетіліп, 
оларга 
таза 
лингвистикалық 
(грамматикалык) 
тұргыдан 
анықтамалар  беріліп  жүр.  Мысалы,  орыс  тілі  грамматикасында 
бастауышқа 
мынандай 
анықтама 
берілген: 
«Подлежащим 
называется  независимый  член  предложения,  который  отвечает  на 
вопрос кто? или что?»1.
Сонымен,  тілдегі  құбылыстарга  анықтамалар  беруде  олар- 
дың тілдік табигаты мен белгілері  негізге алынуы шарт.
Тіл  біліміндегі  психологиялық  багыттың  уәкілдері  логикалық 
багыттың  уэкілдерінің  тілдегі  құбылыстарга  грамматикалык  емес, 
логикалық  анықтамалар  берудегі  қателіктерін  сынай  отырып, 
тіл  мен  ойлаудың  ара  қатысы  проблемасын  айқындауда  өздері 
де  қате  жіберген.  Мысалы,  Г.Штейнталь  тілдік  категориялар 
мен  логикалық  категорияларды  шектеспейтін  категориялар 
деп  танып,  олардың  ара  катысы  шеңбер  деген  ұгым  мен  цызыл 
деген  ұғымның  ара  қатысымен  бірдей  деп  есептейді.  А.А. 
Потебня  «тіл  білімі,  оның  ішінде  грамматика,  логикага  ешбір 
жақындаспайды»2  деп  есептейді.  Тіл  біліміндегі  психологиялық 
багыттың  бұл  тұжырымдарымен  келісуге,  әрине,  болмайды. 
Мұндай  қате  тұжырымдар  тіл  мен  ойлаудың,  тілдің  құрылымы 
мен  ойлаудың  қүрылымының  өзара  қатысы  туралы  проблеманы 
зерттеу объектісінен шыгарып тастауга  әкеп соқтырады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   237




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет