Байланысты: akhanov k grammatika teoriiasynyn negizderi
§ 128. Сөйлемдер өзін құрастырушы сыңарлардың (компо-
ненттердің) сипатына қарай жай сөйлем және құрмалас сөйлем
болып екі топқа бөлінеді. Жай сөйлем сөздерден, сөздердің
формаларынан жасалса, яғни жай сөйлемді кұрастырушы сыңар-
лар создер мен сөз формалары болса, құрмалас сөйлем жай сөйлем-
дерге тән қасиеті бар сыңарлардан жасалады. Жай сөйлем мен
құрмалас сөйлемнің эрқайсысына тэн ерекшеліктерді әңгімелеу-
ден бұрын жай сөйлемнің түрлері туралы мэселеге келейік.
Жай сөйлемнің құрылымдық үлгісі жайында жогарыда ай-
тылды. Жай сөйлемнің құрылымдық үлгісінің компоненттері, яғни
іъі құрастырушы элементтер болып саналатындар - белгілі бір
сөз формалары. Сөйлемнің құрылымдық үлгісін құрастыратын
(жасайтын) мұндай сөз формалары сөйлемнің түрлаулы немесе
бас мүшелері деп аталады1. Жай сөйлемнің екі түрлі құрылымдық
үлгісі бар: оның бірі - екі құрамды (бастауыш-баяндауышты) үлгі
(двухсоставные схемы), екіншісі - бір құрамды үлгі (односостав
ные схемы). Екі құрамды сөйлемнің құрылымдық үлгісі екі бас
мүшеден құралса, бір құрамды сөйлемнің қүрылымдық үлгісі бір
ғана бас мүшеден қүралады. М үндай бас мүше бір компонентті
де, екі компонентті де болуы мүмкін. Мысалы: 1) Түн. Вокзал. Өрт! және т.б.; 2) Мыңдаган жүргіншілер. Сіркіреген жауът. Жай сөйлемнің басқа түрлері туралы мәселенің жеке (нақты-
лы) тіл білімінің грамматика саласының үлесіне енетіндігін еске-
ріп, құрмалас сөйлем жэне оның түрлері туралы мэселеге келейік.