Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы


  Б.  М.  Ю нусалиев.  Киргизская  лексикология,  часть  I  (развитие  корневых  слов)



Pdf көрінісі
бет31/237
Дата31.12.2021
өлшемі5,78 Mb.
#21265
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   237
Байланысты:
akhanov k grammatika teoriiasynyn negizderi

1  Б.  М.  Ю нусалиев.  Киргизская  лексикология,  часть  I  (развитие  корневых  слов), 
Фрунзе.  1959,  стр.  120-121.
2  В.  А.  Богородский,  Общий  курс  русской  грамматики,  издание  5-е,  М.—Л..  1935, 
стр.99-102.  Онын  ж эне  де  мына  енбектері:  Очерки  по  языковедению  и  русскому 
языку. М .,  1939,  стр. 193-197; В ведение в татарское языкознание в связи с другим и 
тюркскими  языками,  издание  2-е.  Казань,  1953,  стр .133.
27


тілен,  оран,  цырын  тэрізді  туынды  етістіктер  жасайтын  -н  (-ын, 
-ін)  жұрнагымен  сэйкес  келеді.  Тарихи  тұрғыдан  алып  қарағанда, 
бүлік  жэне  бүлін  деген  сөздердің  ең  бастапқы  түбірі  (бүл-)  есім 
сөз  емес,  етістік  болғаны  аңғарылады.  Бұған  айғақ  болатындар 
жоғарыда  келтірілген  мысалдар  мен  осы  алғаш қы  түбірден 
(бүл-)  жасалған  бүлдір  деген  етістіктің  морфологиялық  қүрамы 
деп  білеміз.  Егер  бүлдір  деген  сөздің  құрамына  морфологиялык 
талдау  жасап,  оны  бүл-  деген  түбір  морфема  мен  -дір  деген 
аффикстік  морфемага  мүшелеп  ажыратсақ  жэне  жан+дыр, 
күй+дір,  жаз+дыр,  ен+дір т.б.  осылар  тәріздес  сөздердің  морфе- 
малық құрамымен  салыстырсақ,  бүл- деген  түбірдің етістік екені 
ешбір  күмэн  тудырмайды.  Бұл  сөздің  (бүлдір)  құрамындагы  аф- 
фикстік морфема  (-дір)  алғашында жогарыда келтірілген  етістік- 
тердің  құрамындагы  -дір  (-дыр)  аффикстік  морфемасы  тэрізді 
өзгелік етістің жүрнагы болған да, кейінде түбірге сіңісіп, өзгелік 
етіс  жүрнагы  болу  қызметінен  айырылған.  Бұл  айтылғандарды 
түйіндей  келгенде,  мынандай  тұжырым  жасауға  болады:  тілде 
құрамындағы  түбір  морфемалар  мен  аффикстік  морфемалар 
бір-бірінен  ажырап,  шегі  ашық-айқын  көрініп  тұратын  негіздер 
де  (немесе  сөздер),  құрамындағы  негізгі  (түбір)  морфема  мен 
аффикстік  морфемалар  өзара  кірігіп,  бір-біріне  сіңісіп  кеткен, 
тілдің  қазіргі  қалпы  тұргысынан  морфемаларға  бөлшектеуге 
келмейтін  түбірлер  немесе  негіздер  де  кездесе  береді.  А.А. 
Реформатский  «Тіл  біліміне  кіріспе»  атты  оқулығында  алғашқы 
көне  түбір  мен  аффикстің  бір-біріне  кірігуінен  жасалып,  бұл 
күнде  бөлшектеуге  келмейтін  біртүтас  морфеманы  сіңіскен  түбір 
(опрощенный  корень)  деп  атаса1,  ағылшын  тілін  зерттеуші  И.  В. 
Арнольд оны сіңіскен  негіз  (опрощенная основа) деп атайды2.
Тарихи  тұрғыдан,  яғни  алгашқы  жасалуы  тұргысынан  алганда, 
бүлік  пен  бүлін  сөздерінің  құрамын  морфемаларга  ажыратып, 
олардын бастапқы түбірі-  бүл-, аффикстері — ік, -ін деп мүшелеуге, 
осыған  орай  бүлік,  бүлін  дегендерді  негіз  деп  карауға  болады.  Ал 
тілдің қазіргі  қалпы тұрғысынан  алғанда,  бүлік,  бүлін дегендердің 
іштей  морфемаларға  мүшеленбей,  бір  бүтін  түбір  морфемалар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   237




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет