Байланысты: akhanov k grammatika teoriiasynyn negizderi
өн деген түбір морфема мен -ш деген аффикстік морфемаға
мүшеленуі үшін: біріншіден, - өн деген түбір морфеманың өнім деген сөзден басқа да сөздердің құрамында болуы қажет (өнімді, онгіиі, өндір, өндіріс, ондірістік жэне т.б.); екіншіден, - -ім аффиксі
(зат есім жүрнағы) басқа да зат есімдердің құрамында қайталанып
келуі шарт (біл-ім, төз-ім, сез-ім, бөл-ім, тіз-ім, кут-ім, сен-ім, төз-ім жэне т.б.); үшіншіден, - өнім деген сөздің құрамындағы
өн түбір морфемасының мағынасы өнімді, өидір, өндіргіш, өндіріс сөздері түбірінің (ал бұл сөздердің түбірі - өн) мағынасымен
бірдей болуы қажет. Сонда ғана сөздер морфемаларға ажыраты-
лып мүшелене алады. Ал тілдегі эртүрлі морфемалардан қүрал-
110
ған сөздердің басым көпшілігінің жігі ажырап, түбір морфемалар
мен аффикстік морфемаларга мүшеленеді.
Сонымен, тілдегі сөздердің морфологиялык кұрылымы грам-
матикадагы жүйелі қатынасқа негізделігі, соның нэтижесінде
морфемаларға ажыратылуға мүмкіндік алады.