1 А .А . Реформатский, В ведение в языковедение, издание четвертое, М ., 1967,
стр.324.
176
лексикалық құбылыс ретінде ғана емес, грамматикалық құбылыс
ретінде де қаралады.
Сөздердің белгілі бір тобы белгілі бір сөз табы ретінде
қарастырылғанда,
ең
алдымен
оның білдіретін
мағынасы
есепке алынады да, зат есімдер тобына тэн мағына - заттылык
магына, сын есімдер тобына тэн мағына - атрибутивтік мағына,
етістіктер тобына тэн мағына - процессуальдык мағына ретінде
қаралып, аталған мағыналарды лингвистердің бірі лексикалық
мағынаның (А.А. Шахматов) немесе лексика-семантикалық ма-
ғынаның қатарына жатқызса (В.М. Жирмунский), екіншілері
категорияльды мағынаның (категорияльная семантика) немесе
классификациялаушы мағынаның қатарына (А.Н. Савченко. А.Н.
Тихонов, А.Ы. Ысқаков жэне т.б.), үшіншілері грамматикалык
магынаның қатарына жатқызады (Н.С. Поспелов, М.И. Стеблин-
Каменский, О.П. Суник, Э.В. Севортян, Б.И. Косовский жэне т.б.).
Жогарыдағы баяндаулардан сөздерді сөз таптарына клас-
сификациялауда, қалайда болмасын, бір белгі ретінде магынаның
негізге алынатындыгы көрінеді. Ол магынаны кандай термин-
мен, атап айтқанда, лексикалық мағына, категорияльды (немесе
классификациялаушы) магына немесе грамматикалык магына
деген терминдердің кайсысымен атауымыз керек?
Бұл сұраққа жауап беру үшін сөздің сөз табы ретіндегі
мағынасының табигатын айқындап алу қажет. Сөз өзінің лексика-
лык магынасымен бірге белгілі бір сөз табының мағынасына да
ие болады. Сөздің лексикалық магынасы мен сез табы ретіндегі
магынасын бірдей деп есептеуге де, бүл екеуінің арасына тепе-
тендік белгісін қоюга да, эрине, болмайды. М ысалы, таза,
тазалъщ, тазалау деген сөздер лексикалық магыналары жагынан
ұқсас болганымен, сөз табы ретінде эр басқа, бір-біріне үқсамай-
тын магыналарды, атап айтқанда, таза - атрибутивтік (сындық)
магынаны, тазапъщ - заттылық магынаны, тазалау процессуаль
дык (іс-әрекет) магынаны білдіреді. Белгілі бір сөз табына енетін
алуан түрлі сөздер эр басқа лексикалық магыналарды білдіргені-
мен, сөз табы ретінде бір гана магынаны білдіреді. Мысалы,
етікші, малшы, жаңсылыц деген сөздердің алғашкысы «аяқ киім
тігетін адам» деген лексикалық магынаны
білдірсе,
екіншісі
«мал багатын адам», үшіншісі «игілікті іс» деген лексикалық
177
магыналарды білдіреді. Ал бүл үшеуінің жэне т.б. осылар тэріздес
сөздердің (зат есімдердің) сөз табы ретіндегі білдіретін мағынасы
біреу ғана: ол мағына - затгылық мағына. Заттылық мағына
- зат есімдер тобына енетін күллі сөздердің бэріне бірдей тән,
солардың бэрінің басын косатын, зат есім атаулының баршасына
бірдей жалпылама ортақ жэне зат есімдер тобына енетін сөздердің
нақтылы лексикалық мағыналарынан абстракцияланған мағына.
Сын есімдер тобына енетін сөздер жайында да осыны айтуға тура
келеді. Мысалы, сары, ацылды, сезштап деген сөздер лексикалық
мағыналары жағынан әр басқа мағыналарды, ал сөз табы (сын
есім) ретінде бір мағына - сапалық, сындық
(атрибутивтік)
мағынаны білдіреді. Сондай-ақ тыңдау, сөйлеу, ж үру тэрізді
сөздердің әрқайсысы әр басқа лексикалық магыналарды білдірсе,
сөз табы (етістік) ретінде бір гана мағына - процессуальдық (іс-
эрекет) магынаны білдіреді. Қимыл, іс-эрекет мағынасы — аталған
сөздердің (тыцдау; сөйпеу, ж үру) жэне осылар тәріздес т.б.
сөздердің нақтылы лексикалы қ мағыналарынан абстракциялан-
ған, күллі етістік атаулы сөздердің барлығына бірдей тэн, жал
пылама ортақ мағына.
Сөз таптарына тэн, жалпылама ортак магыналарды, атап
айтқанда, заггылық, атрибутивтік (сапалық, сындык), процес-
суальдық (іс-эрекет) жэне т.б. осылар тәріздес магыналарды сөздің
лексикалық магыналарымен бірдей деп қарауға, эрине, болмайды.
Жогарыда аталып өткеніндей, лексикалық магыналары эр баска
сөздер сөз табына қатысы жағынан бір ыңғайлас, бір сипаттас
болып, ол сөздер сөз табы ретінде жалпылама ортақ, сол сез табына
тэн, жеке, нактылы сөздердің магыналарынан абстракцияланган
бір гана магынага (ол магына заттылық, атрибутивтік, процес-
суальдық жэне т.б. осылар тәріздес магыналардың бірі болуы
мүмкін) .үласады. Демек, жогарыдагыдай, кейбір лингвистердің
сез табының мағынасын (заттылық, атрибутивтік, процессуаль-
дық жэне т.б. осылар тәріздес магыналарды) лексикалық магына
деп тануы дүрыс болып шықпайды.
Лингвистердің екінші тобы, жоғарыда аталып өткеніндей,
сөз табының магынасын грамматикалык магына немесе жалпы
грамматикалык магына деп есептейді. Егер сөз түрлендіруші
аффикстер мен сез тудырушы жэне форма тудырушы аффикстер-
178
дің (жұрнақтардың) грамматикалык магыналарды білдіріп, ол
аффикстердің де магыналары грамматикалык магыналар деп
аталып жүргенін ескерсек, сөздердің сөз табы ретіндегі магына
сын да грамматикалык магына деп атау тиімді де, колайлы да бола
алмайды.
Бұл мэселе, біздің байқауымызша, орыс тілінің кейінде жарық
көрген академиялық грамматикасында дұрыс шешімін тапқан
сиякты. Аталган грамматикада сөз табының мағынасы жалпы
категорияльды магына (общее категорияльное значение) деп
аталып, ол магынаның сол сөз табына жататын барлық сөздердің
лексикалық магыналарынан жэне сол сез табына тэн грамматика
лык категориядан абстракцияланган магына екендігі көрсетіледі1.
Сонымен, сез таптары бір-бірінен, ең алдымен, жалпы кате
горияльды магыналары жагынан ажыратылады. О.П. Суниктің
пікірінше, сөз таптарында жүйе бар, ол жүйеде сез таптары жалпы
грамматикалык магыналары жагынан ажыратылады. Мысалы,
зат есімнің заттылық деп аталатын жалпы грамматикалык
магынасына затгылык магынасы болмайтынын, бірақ басқаша
жалпы грамматикалык магыналарга,
мысалы,
атрибутивтік,
процессуальдық магыналарга ие болатын сез таптары магынала
ры жагынан қарсы қойылу арқылы ажыратылады2. Егер О.П.
Суниктің «жалпы грамматикалык магына» деп отырганын «жал
пы категорияльды магына» деп түсінсек, онда сез таптарын
бір-бірінен ажыратуда бүл белгінің дұрыстыгын мойындамасқа
болмайды.
Тіл білімінде сез таптарын бір-бірінен ажыратуда граммати
калык белгілер де негізге алынады. Грамматикалы к белгілердің
езі екі түрлі: оның бірі - м орфологиялық белгі, екіншісі -
синтаксистік белгі.
Достарыңызбен бөлісу: |