тілдеріне Караганда, орыс тілінде сөз түрлендіру жүйесінің сөз
таптарын бір-бірінен ажыратушы белгі ретіндегі қызметі басым
деп тұжырымдауға эбден болады. Мысалы, орыс тіліндегі сын
есімдер мен зат есімдер сөздердің кұрамындағы грамматикалык
көрсеткіштер арқылы
{болъш-ой, книг-а) ашық айқын ажыраты-
лады. Мұндай көрсеткіштері жоқ тілдерде, мысалы, ағылшын
тілі (Ъі§ - «үлкен», Ьоок - «кітап») мен түркі тілдерінде (мысалы,
казақша
үлкен және
кітап) сөздердің магыналары (анығырақ
айтканда, сөз таптарының жалпы категорияльды магыналары)
мен синтаксистік қызметі басты белгілер ретінде негізге алынады.
Ағылшын тілінде зат есімдер жапа-тармагай септеле бермейді, зат
есімдердің септелу шеңбері тар; сын есімдерде септелу жүйесі де,
орыс тіліндегідей тек (род) категориясы бойынша түрлену жүйесі
де жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: