1 Н.И. Филичева, О словосочетаниях в современном немецком языке, Изд.
«Высшая школа». М., 1969, стр.32.
2 Бұл да сонда, 33-бет.
3 Бұл да сонда, 33-бет.
2 02
тіркестері де, соңгылары - еркін сөз тіркесгерінің кұрылымдық
үлгілері бойынша жасалган фразеологиялық бірліктер.
Алайда фразеологиялық сөз тіркестері
мен
еркін
сөз
тіркестерінің арасында түбірлі айырмашылықтар бар. Жеке сөз-
дердің даяр түрған бірлік ретінде сөйлем құрамьіна енетіні сияқ-
ты, фразеологиялық бірліктер де бүрыннан жасалыл қойған, даяр
түрған бірліктер ретінде еркін сөз тіркесінің немесе сөйлемнің
күрамына енеді. М ы салы , цас қакқанши,
ауызды ашып
ж үмгаиша, цас пен көздің арасы нда тэрізді ф разеологи ялы қ
бірліктер олардың қүрам ы ндагы жеке сы ңарларды ң (сездер-
дің) сөйлеу кезінде ем ін-еркін тіркесуінен ж асалған тіркестер
емес, бүрыннан тіркесіп қойған, әбден калы птасқан, даяр
гүрған тіркестер ретінде қолданылады . Ал еркін (нем есе
синтаксистік) сөз тіркестері сөйлеу кезінде толы қ м ағы налы
сөздердің тілдің грам м атикалы к заңдары бойы нш а, емін-
еркін тіркесуінен ж асалады . Осы лай болғанды қтан, еркін
сөз
тіркесінің
қүрам ы ндағы
сы ңарларды ң
(сөздердің)
бірі ыңгайына карай басқа бір сы ңарлармен (сөздерм ен)
ауыстырылуы әбден ы қтим ал. М үндай ауысты рудан сөз
тіркесінің грамм атикалы к табиғаты өзгерм ейді. М ы салы ,
калың кітап деген сөз тіркесі цызыцты кітап, м азм үнды
кіт ап деген түрде өзгеріп айты лганм ен, бүл өзгерістер сөз
тіркесінің грамм атикалы к табигатына эсер етпейді де, аталган
тіркестердің бәрі де атрибутивті сөз тіркестері ретінде қала береді.
Ал фразеологиялық бірліктер бүлайша өзгертуге көнбей, түрақты
қалпын сақтайды, түтасқан күйінде даяр түрган тіркестер ретінде
қолданылады. Сөздің морфемалық қүрамы түрақты болатыны
сияқты, фразеологизмдердің күрамы да, сыңарларының орны да
тұрақты болады.
Фразеологиялық
бірліктің
қүрамындагы
сыңарлардың
эрқайсысы эр басқа магынаны емес, барлыгы жиналып келіп
біртүтас, бір бүтін магынаны білдіреді де, осыган орай, белгілі бір
фразеологиялық бірлік сойлемде бір ғана мүше ретінде қызмет
атқарады. Ал еркін сөз тіркесінің қүрамындагы сыңарлардың
әркайсысы сөйлемнің эр басқа жэне дербес мүшелері ретінде
қызмет атқара алады.
Фразеологиялық бірліктер де, еркін сөз тіркестері де тілдің
номинативті
кұралдарының
катарына
енгенмен,
бүлардың
203
номинативті сипаты бірдей емес. Еркін сөз тіркестерінің номи-
нативті қызметінен фразеологиялық бірліктердің номинативті
қызметі анағұрлым басым. Бұлай болатындығы мынадан. Еркін
сөз тіркесінің сыңарлары өзара қаншалықты байланысты,
бірі екіншісіне тэуелді болғанымен, олар, қалай да болмасын,
дербестілік қасиетін сақтайды. Ал фразеологиялық бірліктің
құрамындагы сыңарлар еркін сөз тіркесін құрастырушы сыңарлар
сияқты емес, мағыналық дербестіліктен де, грамматикалык
дербестіліктен де айырылады, біртұтас, бір бүтін мағынага ие
болады, мағыналық жақтан жеке сөздің эквиваленті ретінде
ұғынылады. Осының бэрі, еркін сөз тіркесімен салыстырғанда,
фразеологиялық бірліктің номинация тұтастыгы элдеқайда басым
екендігін көрсетеді. Ал еркін сөз тіркесінің құрамының оңай
ажыратылуы, сыңарларының сөйлемнің өз алдына мүшелері бола
алуы оны құрастырушы сыңарлардың дербестілік қасиетін сақтай
алатындығымен байланысты.
Синтаксистік сөз тіркесі құрамындағы сөздердің өзі тектес
басқа бір сөздермен емін-еркін алмаса алатындыгы ескеріліп,
еркін сөз тіркесі деп те аталады. Осы мағынада ол фразеологиялық
бірліктерге қарсы қойылып қарастырылады. Дегенмен, бүл жерде
бір жайға айрықша назар аудару қажет: синтаксистік сөз тірке-
сінің құрамындағы сөздер емін-еркін тіркеседі дегенде, эдетте,
олардың грамматикалық тұрғыдан тіркесу мүмкіндігі ескеріледі.
Ал сөздердің лексикалық бірліктер ретінде бір-бірімен тіркесе
алу қабілеті мен мүмкіндігі немесе, тіл біліміндегі терминология
бойынша атаганда, сөздердің лексикалық тіркесімділігі (лексичес
кая сочетаемость слов) олардың грамматикалык тіркесімділігін-
дей шексіз емес. Сөздердің лексикалық тіркесімділігінің шеңбері
олардың грамматикалык тіркесімділігінің шеңберінен шағын да
тар болады. Мысалы, грамматикалык түргыдан сөз тіркесінің
сары жер (цара ж ер деген сөз тіркесімен салыстырыңыз) түрінде
болуы мүмкін десек те, сары мен жер деген сөздер лексикалық бір-
ліктер ретінде бір-бірімен, эдетте, тіркеспейді, сөз тіркесін жасай
да алмайды. М үның себебі шындық болмыстың езінде жер деген
сөз арқылы аталатын зат пен сары деген сөз аркылы аталатын сапа-
белгінің арасында байланыстьщ болмауында жатыр.
Мүнан шыгатын қорытынды: сөздердің бір-бірімен грам
матикалык тұрғыдан тіркесу кабілеті мол болганмен, олар лек-
204
сикалық тү.ргыдан тіркесу мүмкіндігі болған жағдайда ғана, бір-
бірімен тіркесіп, сөз тіркесін жасай алады. Осы тұрғыдан келген-
де, синтаксистік сөз тіркесі мен фразеологиялық бірліктердің ара
сында түбірлі айырмашылық бар екендігі байқалады. Синтаксистік
сөз тіркесі үшін сөздердің лексикалық тіркесімділігі міндетті
шарт болса, фразеологиялық бірліктер үшін олардың сыңарла-
рының лексикалық тіркесімділігі міндетті емес. Фразеологиялық
бірліктер үшін оларды кұрастырушы сөздердің лексикалық
тіркесімділігі қажетті шарт бола алмайтындығы мүртын
балта иіаппау, ж үрек жалгау, көз байланганда, аузымен
орақ ору, су жүрек, ж үрек жұтцан жэне т.б. осылар тәріздес
фразеологиялық бірліктерден жэне
олардың
құрамындағы
сыңарлардың (сөздердің) тіркесуінен ашық айқын аңғарылады.
Ал синтаксистік сөз тіркесін құрастырушы сыңарлар сөздердің
лексикалық тіркесімділігіне багынбай, өзінше тіркесе бермейді.
Синтаксистік сөз тіркесі дегеніміз еркін сөз тіркесі, бірақ оның
еркіндігі сөздердің лексикалық, мағыналық жақтан тіркесе алу
мүмкіндігіне негізделеді. Синтаксистік сөз тіркесінің еркін сөз
тіркесі екендігі оның ашық айқын мүшелене алу мүмкіндігінен,
лексикалық мағынасы мен грамматикалык магынасының өзін
күрастырушы сыңарлардың мағыналарынан туатындыгынан,
осыған орай, оган (синтаксистік сөз тіркесіне) лексикалық жэне
грамматикалык идиоматизмнің (грамматикалык идиоматизм де
ген термин бүл жерде сөз тіркесінің синтаксистік жактан бөлшек-
тенбеуі деген магынаны білдіреді) тэн емес екендігінен көрінеді.
Синтаксистік сөз тіркесінде лексикалық жэне грамматикалык
идиоматизмнің болмауы оны лексикалық жэне грамматикалык
идиоматизм қасиетімен сипатталатын басқа тізбектерден, мыса
лы, етістіктердің аналитикалык формасынан, артикльдер (көмекші
сөздердің бір түрі) мен зат есімдердің тізбегінен, ажырататын
белгілердің бірі ретінде қаралады. Аналитикалык конструкция
немесе сөздің аналитикалык формасы сөздердің тіркесінен (то-
лык мағыналы сөз бен көмекші сөздің тіркесінен) құралганымен,
жоғарыда, IV тарауда, аталып өткеніндей, бір бүтін лексикалық
магынаны
білдіріп,
синтаксистік
жагынан
мүшеленбейді,
лексикалық
жэне
грамматикалык
идиоматизм
қасиетімен
сипатталады. Артикль мен толық мағыналы сөздің тіркесінен
жасалган тізбектер де осы тэріздес болып, синтаксистік жагынан
мүшеленбейді.
205
Сонымен,
синтаксистік
сөз
гіркесі
лексикалык
та,
грамматикалык та идиоматизм сипатына ие бола алмай, осы
жағынан ол сөздің аналитикалык формасынан да, артикль мен
толық мағыналы сөздің тізбегінен де, фразеологиялық бірлік пен
лексикаланған әртүрлі тұрақты сөз тіркестерінен де ашық айқын
ажыратылады.
Достарыңызбен бөлісу: |