Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы


§  131.  Сөйлем  мен  пайымдау  бір-бірімен  тыгыз  байланысты



Pdf көрінісі
бет227/237
Дата31.12.2021
өлшемі5,78 Mb.
#21265
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   237
Байланысты:
akhanov k grammatika teoriiasynyn negizderi


§  131.  Сөйлем  мен  пайымдау  бір-бірімен  тыгыз  байланысты, 
бірақ  ол  байланыс  -   өте-мөте  күрделі  байланыс.  Бүлардың 
арасындагы  байланыс  пен  айырмашылықты  жете  түсіну  үшін, 
пайымдау  мен  сөйлемнің  әрқайсысына  тэн  белгілердің  жэне 
олардың  эрқайсысының  құрылымдық  ерекшеліктерін  айқындап 
алу  қажет.
Ойдың  формасы  ретінде  қаралатын  пайымдауда  затқа  немесе 
оның  белгісіне  қатысты  бірдеме  мақұлданады  немесе  теріске 
шыгарылады.  Осыған  орай,  макүлдау  немесе  теріске  шыгару 
пайымдауга  тэн  белгілердің  бірі  ретінде  қаралады.  Бұл  -   бір. 
Екіншіден,  пайымдау  ақиқат  не  жалган  пайымдау  түрінде  болуы 
мүмкін.  Бұлар -  пайымдаудың мазмұнына қатысты белгілер.
Пайымдаудың  өзіне  тән  логикалық  құрылымы,  логикалық
1 С.Г.  Бархударов, С.Е.  Крючков, Учебник русского языка, часть II,  синтаксис, М.,  1961, стр.10.
2 А.А.  Потебня,  Из записок по  русской  грамматике, т.  I—II,  М .,  У чпедгиз,  1958,  стр.70.
232


элементтері  бар.  Жай  сөйлеммен  айтылған  пайымдаудың  құры- 
лымында,  байпанысты  (связка)  құрылымдық  элемент  ретінде 
есептемегенде,  екі  элемент  болады:  оның  бірі  -   л о ги к а л ы қ  
субъект  (ойдың  предметі  туралы  ұгым),  екіншісі,  -   л о г и к а л ы қ  
предикат  (ойлауға  қатысты  белгі  жайындағы  ұғым).  Бұл 
ұғымдардың  эрқайсысы  жеке  сөзбен  немесе  сөздердің  тобымен, 
мысалы,  бастауыштың  синтаксистік  тобы  немесе  баяндауыштың 
синтаксистік  тобымен  берілуі  мүмкін.  Мысалы,  Тіл  дегеніміз 
қатынас цүралы деген пайымдауда мынандай логикалық элемент- 
тер  бар:  тіл  -   логикалық  субъект,  цсітынас  цүралы  -   логикалық 
субъект (дегеніміз -  байланыс);  орысша  сөйлеммен  айтылған  мы- 
на  бір  пайымдауды талдап  көрелік:  Слух  обо м не  пройдет  по  всей 
Руси  великой  (Пушкин).  Бұл  пайымдаудың  логикалық  субъектісі
-   «слух  обо  мне»,  логикалық  предикаты  -   «пройдет  по  всей  Руси 
великой».
Сөйлемнің  басты  белгілері  ж айы нда  ж оғары да  (125-пара- 
графта)  айтылды.  Енді  оның  пайымдаумен  ара  қатысы  туралы 
мэселеге тоқталайық.
Бастауыш-баяндауыштық  құрылымы  бар  жай  сөйлем,  эдетте, 
пайымдаумен  құрылымдық  элементтері  жагынан  сэйкес  келеді. 
Мысалы:  Жер  -   планета.  Алтын  -   металл.  Арам   шөп  -   егінніц 
жауы  жэне т.б.  Сейлем  мен  пайымдаудың,  олардың  құрылымдық 
элементтерінің  арасында  сәйкестілік  те,  сэйкессіздік  те  ұшыра- 
сады.  «Субъект  пен  предикат  сөйлем  мүшелерімен  салыстыры- 
лады,  бірақ  олармен  тендестірілмейді.  Субъект  бастауыш  болып 
қана  қоймайды,  вербальды  баяндауыштың  жіктік  жалғауынан  да 
көріне  алады.  Предикативтік  мазмұнға баяндауыш  қана  ие  болып 
қоймайды,  баяндауыштан  тыс  қолданылатын  етістіктен  жасалган 
сез табы да ие бола алады.  Мұндайда предикативтілік мазмұн сөй- 
лем мүшесімен емес,  сөз табымен байланысады.  Әйтсе де субъект 
жэне  предикаттың  сөйлем  мүшелерімен  әр  жақты  байланыста- 
рында  сөйлем  мүшелері  олармен  (субъект  жэне  предикатпен) 
бір  жақты  байланысқа  түседі.  Бастауыш  субъектінің  мазмұнын 
иеленеді. Баяндауыш предикаттың мағынасына ие болады»1.
Логикалық  субъект  грамматикалык  бастауышқа  жақсыз 
сөйлемдерде  сәйкес  келмейді.  Мысалы,  жоғарыда  аталған  Оган 
темекі  тартуга  болмайды  деген  мысалда  оган  деген  мүше


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   237




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет