пайымдаудың логикалық субъектісі болса, сөйлемнің - бастауы-
шы емес, толыктауыш мүшесі. Жайылма сөйлемде бастауыш пен
баяндауыш пайымдаудың логикалык субъектісі мен предикатына
сэйкес келмейді. Орысша
Слух обо мне пройдет по всей Руси
великой (Пуш кин) деген м ы салда сөйлемнің бастауышы -
«слух», баяндауышы - «пройдет» деген сез болса, пайымдаудың
субъектісі - «слух обо мне», предикаты - «пройдет по всей Руси
великой».
Бұл жерде предикативтілік жэне баяндауыштык (сказуемость)
деген үгымдарды бір-бірінен ажырата білудің үлкен мэні бар
екенін айту қажет.
Сөйлем-пайымдауда логикалык (аныгырак айтқанда, логика-
грамматикалық) субъект пен предикатгың катынасынан көрінетін
предикативтілік пен екі кұрамды сөйлемдегі бастауыш пен
баяндауыштың қарым-қатысынан көрінетін жэне сөйлемнің мү-
шесі ретіндегі баяндауышты сипаттайтын синтактистік категория
- баяндауыштык бір емес. Предикативтіліктің баяндауыштық-
тан айырмасы сол, ол сөйлемнің шындык болмысқа қатысын
сипаттайды; предикативтілік сөйлемнің бір гана мүшесінің,
мысалы, баяндауыштың емес, бүтіндей сөйлемнің қасиеті болып
саналады1. «Бастауыш немесе бастауыштың тобы логикалык
субъектіні, ал баяндауыш немесе баяндауыштың тобы логикалык
предикатты білдіргенде гана, баяндауыштык пен предикативтілік
бір-бірімен сэйкес келеді. Алайда олар көптеген жагдайда бір-
бірімен сэйкес келгенмен, мүнан предикативтілік пен баяндау
ыштык дегеніміз біртектес қүбылыстар деуге болмайды...»2.
Баяндауыш га. баяндауыштык та «сөйлемнің үйымдасгырушы
белгісі бола алмайды, өйткені, біріншіден, - өзінің қүрамында
баяндауышы жоқ сойлемнің түрлері аз емес», екіншіден, - бір
гана баяндауыштың өзі біршама тиянақты ойды білдіре де
бермейді жэне сөйлемді де қүрай бермейді3. Ал предикативті-
лік болса, ол эрбір сөйлемнің қажетті қасиеті жэне оның
үйымдастырушы белгісі болып саналады. Мысалы, бір мүшелі
сөйлем предикативтілік қасиетімен, ягни өзінің мазмұнының
Достарыңызбен бөлісу: