Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы


  Т ү бір   м о р ф ем а  м ен  негіз



Pdf көрінісі
бет27/237
Дата31.12.2021
өлшемі5,78 Mb.
#21265
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   237
Байланысты:
akhanov k grammatika teoriiasynyn negizderi

2.  Т ү бір   м о р ф ем а  м ен  негіз
Түбір  (немесе  негізгі)  морфема  мен  сөздің  негіздері  жайында 
кейбір  ойлар жоғарыда,  сөздің морфемалық бөлшектері жайында- 
ғы  баяндауларда  айтылды.  Түбір  морфема  мен  сөздің  негізі 
жэне  олардың  табиғаты  туралы  қосымша  ойлар  мен  деректерге 
тоқталамыз:
§ 22.  Түбір морфема сөздердің әртүрлі лексика-грамматикалық 
топтары  үшін  бірдей  ортақ  морфема  ретінде  қызмет  ете  алады. 
Мысалы,  бас  морфемасы  бастъщ,  басшы,  баспа,  баспалдац, 
басиіылыц  деген  зат  есімдердің  де,  басты,  бассыз  деген  сын 
есімдердің де, баста,  бастат,  басцар деген етістіктердің де түбірі 
болып  саналады.
Ал  негіздің  (основа)  түбірден  айырмашылығы  сол,  ол 
сөздердің  эртүрлі  (эр  басқа)  лексика-грамматикалық  топтары 
үшін  емес,  олардың  белгілі  бір  лексика-грамматикалық  тобының 
формаларына  ортақ  болып  келеді.  Мысалы,  бас  морфемасы 
жоғарыда  аталган  зат  есімдердің  де,  сын  есімдердің  де, 
етістіктердің де -  бэріне бірдей ұйытқы, бірдей ортақ түбір болса, 
бастъщтар,  бастыща,  бастъщтан,  бастыгың,  бастыгы  деген 
зат  есімдер  тобына  енетін  сөздердің  формаларына  ортақ  негіз
-   б асты қ,  ал  бастап,  бастагалы,  бастаган,  бастайтыны  деген 
етістіктердің  формаларының  бэріне  бірдей  ортақ  негіз  -   баста.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   237




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет