Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы


§  42.  М о р ф о л о ги ял ы қ  тұ т а с т ы қ   белгісі.  Күрделі  сөз  де



Pdf көрінісі
бет72/237
Дата31.12.2021
өлшемі5,78 Mb.
#21265
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   237

§  42.  М о р ф о л о ги ял ы қ  тұ т а с т ы қ   белгісі.  Күрделі  сөз  де 
жалаң  сөз  тэрізді  түрленіп,  көптеледі,  септеледі,  жіктеледі.  Оның 
сыңарларының  әрқайсысы  бөлек-бөлек  өзгермей,  тұтас  күйінде 
түрленіп,  бір  тұлғаға  (формаға)  ие  болады.  Күрделі  сөздің  жеке 
сыңарлары  өздігінен  белгілі  бір  парадигматикалық  катардың 
мүшелері  бола  алмайды.  Күрделі  сөз  түтасқан  (бүтін)  күйінде 
ғана  парадигматикалық  қатарға  мүше  ретінде  ене  алады.  Мүнын 
өзі  күрделі  сөздің  морфологиялық  жақтан  тұтастығын,  бір  бүтін 
екендігін көрсетеді.
А.И.  Смирницкий  индоевропа  тілдерінің  ішінде  флективті 
тілдерде  күрделі  сөз  сыңарларының  біртұтас  түлғаланып,  ал 
сөз  тіркесі  сыңарларының  эрқайсысының  эр  басқа  түлғалануын 
ескеріп,  тіл  біліміне  түіпас  тулгалану  (цельно-оформленность) 
және  ажыратыла  тулгалану  (раздельно-оформленность)  деген 
терминдерді енгізді. Оның пікірінше, тұтас түлғалану белгісі сөзге 
(соның  ішінде  күрделі  сөзге  де)  тән  де,  ажыратыла  тұлгалану 
белгісі  сөз  тіркесіне  тэн  жэне  бұл  белгілер  күрделі  сөз  бен  сөз 
тіркесін  бір-бірінен  ажырататын  ең басты  таяныш  ретінде  негізге 
алынуға тиіс2.
А.И.  Смирницкий орыс тіліндегі железная дорога,  дом отдыха 
тәрізді  терминологиялық  сипаты  бар  түрақты  сөз  тіркестерін 
железнодорожник,  прямоугольник  тэрізді  күрделі  сөздермен 
салыстыра  келіп,  мағыналық  тұтастык  (оның  терминологиясы 
бойынша  «идиоматизм»)  сөздің  даралығының,  дербестілігінің 
белгісі  екендігіне күмән  келтіреді.  Оның  пікірінше,  семантикалық


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   237




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет