Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы


§  55. Боз  торгай,  цара торгай,  суыц торгай



Pdf көрінісі
бет95/237
Дата31.12.2021
өлшемі5,78 Mb.
#21265
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   237
Байланысты:
akhanov k grammatika teoriiasynyn negizderi


§  55. Боз  торгай,  цара торгай,  суыц торгай  немесе  ащы  шек, 
тоц  шек,  кәрі  ж ілік  дегендердің  алдыңғы  сыңарлары  (боз,  цара, 
суыц,  ащы,  тоц,  кәрі)  соңғы  сыңарлардың  (торгай,  шек,  жілік)
85


анықтауышы  емес,  олардың  сынын  да,  сапасын  да,  белгісін  де 
білдірмейді.  Боз,  цара,  суыц  деген  сөздер  (компоненттер)  өзінен 
кейінгі  торғай  сөзімен  тіркесіп,  боз  торгай,  цара  торгай,  суыц 
торгай  түрінде  сөйлемде  бір  ғана  мүше  болса,  ащы,  тоц,  кәрі 
деген сөздер де өзінен кейінгі  шек,  ж ілік сөздерімен тіркесіп, ащы 
шек,  тоц шек.  кәрі ж ілік түрінде сөйлемде бір гана мүше болады. 
Бүл  тіркестердің  (боз  торгай...,  тоц  шек...,  кәрі  жілік)  сөйлемде 
бөлшектенбей  бір  ғана  мүше  болуы  олардың  сөз  тіркесінің 
қатарына  емес,  күрделі  сөздердің  қатарына  жататындығын 
көрсетеді.  Аталған  тіркестердің  (боз  торгай,  цара  торгай, 
суыц  торгай,  ащы  шек,  тоц  шек,  кәрі  жілік)  күрделі  сөздердің 
бір  түрі  -   қүрама  сөздер  екені  мынандай  салыстырудан  ашық- 
айқын  көрінеді:  егер  боз,  цара,  суыц  сөздерін  басқа  сөздермен, 
мысалы,  цұнан,  су  сөздерімен  тіркестіріп,  боз  цүнан,  цара  цұнан, 
суыц  су түрінде,  ал  ащы,  тоц,  кәрі  сөздерін  көже,  бала,  жылцы 
сөздерімен  тіркестіріп,  ащы  көже,  тоц  бала,  кәрі жылцы  түрінде 
қолдансақ,  онда  бүл  тіркестер  күрделі  сөздердің  қатарына  емес, 
анықтауыш  пен  анықталғыштан  қүралған  сөз тіркесінің  қатарына 
жатады. Аталған сөз тіркестерінің әрқайсысы мүшеленіп, олардың 
қүрамындағы  боз,  цара,  суыц,  ащы,  тоц,  кэрі  сөздері  анықтауыш 
қызметін атқарады.
Ал  күрделі  сөздің  сыңарларының табиғаты  бүлардан  басқаша. 
Боз  торгай,  цара  торгай,  суыц  торгай  деген  құрама  сөздердің 
алдыңғы  сыңары  алғашында  бір  затты  екінші  заттан  айыру 
(торғайдың  түрлерін,  мысалы,  боз  торгайды  цара  торгайдан 
немесе  цара  торгайды  суыц  торгайдан  айыру)  қызметінде 
жүмсалғанмен,  бүл  күнде  өзінен  кейінгі  торгай  сөзімен 
тіркескенде,  біртүтас  атау  (күрделі  сөз) ретінде ұғынылады.
Бұл  жерде  заттың  алғашында  сөзбен  немесе  сөздердің 
тіркесімен  аталу  ерекшелігіне  назар  аудару  мэселені  тарихи 
түргыдан дұрыс  түсінуге  көмектеседі.  «Зат немесе  кұбылыс тілде 
сөзбен  аталғанда,  өз  бойында  бар  я  өзіне  қатысты  айрықша  бір 
белгісі бойынша аталады»1.  В.И. Ленин Л.  Фейербахтың кітабынан 
алынган мына бір жолдардың тұсына «жақсы  айтылған» деп белгі 
қояды:  «Сезім  арқылы  қабылдау  затты  береді,  ал  ақыл-ой  оган  ат 
береді.  Сезім  арқылы  қабылдауда  жок  нәрсе  ақыл-ойда  да  жоқ,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   237




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет