Кел, танысайық !



Дата18.10.2023
өлшемі0,74 Mb.
#119004
Байланысты:
кел танысайық!


Тренинг тақырыбы: “ КЕЛ, ТАНЫСАЙЫҚ ! ”


Мақсаты: Психологиялық тренинг ережелерімен танысу, қатысушылар арасында жақсы қарым-қатынас орнату, достық пен сыйластыққа баулу.
Қолданылатын құралдар:

  1. Баяу музыка;

  2. Үлестірме қағаздар;

  3. Арқан немесе жіп;

  4. Ағаштың суреті;

  5. Жеміс – жидектердің суреті;

  6. Қағаздан қиылған жүректер;

І. Ұйымдастыру кезеңі /Кіріспе бөлім/

  • Тренингтің қатысушыларын шеңбер жасап тұрғызу;

  • Баяу музыка қойып, қатысушылар қол ұстасып 1 минут алақандар арқылы жылы ипульстер жібереді;

ІІ. Негізгі кезең
1 – ойын: “Адам есімі және қасиеттері”
Оқушылар шеңберде тұрып бір-біріне доп лақтыру арқылы өздерінің есімін атап және сол есімінің бірінші әріпіне сәкес өзінің бойындағы жақсы қасиетін айтады.
Мысалы:
-- Жанерке – жайлы;
-- Заңғар – зерек;
-- Гүлжаз – гүлдей көңілді;
-- Дильназ – достыққа берік;
-- Таңнұры – тапқыр;
2 – ойын: “Кәне, ары қарай танысайық !”
Бұл ойында қатысушыларға жеке – жеке үлестірме қағаздар таратылады. Берілген үлестірме қағаздағы тапсырманы жылдам орындап беру керек.

    1. Өзін-өзі мақтау;

    2. Өзіне-өзі сын айту;

    3. Өзін-өзі өсімдікке теңестіру;

    4. Өзін-өзі көлікке теңестіру;

    5. Өзін-өзі тағамға теңестіру;

    6. Өзін-өзі сусынға теңестіру;

    7. Ең әдемі қатысушы туралы пікірін айту;

    8. Ең пысық қатысушы туралы пікірін айту;

3 – ойын: “Сиқырлы шеңбер”
Ортаға арқаннан шеңбер жасалып, қатысушылар орындарына отырады. Жүргізуші психолог қатысушыларға көбірек кездесетін заттарды немесе қасиеттерді айтады. Кімге сол аталған заттардың және қасиеттердің қатысы болса жылдам ортадағы шеңберге тұра қалады.
Енді осы шеңберде тұрған қатысушыларға берілген сөздерді іс – қимылмен көрсету ұсынылады.

  • Кімнің сағаты бар ?

  • Кімнің сақинасы бар ?

  • Кім шалбар киген ?

  • Көлікті қалай жүргіземіз ?

  • Жел тұрғанда талдар қалай қимылдайды ?

  • Суда балықтар қалай жүзеді ?

4 – ойын: “Сізге қандай жеміс – жидек ұнайды ? ”
Қ атысушыларға 7 түрлі жеміс – жидектер ұсынылады. Солардың ішінен өзіне ұнайтын біреуін таңдайды. Таңдаған жеміс – жидектеріне қарай қатысушылардың мінездерінің ерекшеліктері айтылады. Қатысушылар мінездерінің ерекшеліктерін тыңдаған соң берілген ағаш суретіне жемістерін орналастырады. /интерактивті тақтада жұмыс жасайды/


5 – ойын: “Жылы тілектер”
Әр қатысушыға қағаздан қиылған “жүректер” беріледі. Сол жүректерге бір-бір жылы тілектер жазып, интерактивті тақтаның ортасындағы салынған үлкен жүрекке сол жазған тілектерін жазады.
ІІІ. Қорытынды кезең. Тренингті аяқтау жұмысы.
Қатысушыларды шеңберге жинап, естелікке сол “жүректерді” қалдырып, жалпы алғыс айтылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет