Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.
Ана тілім бал тілім Өзің барда шалкыдым Өз тілімде ән шыркап Термелетіп балкыдым.
Тілім барда мактанам
Тілім менің аппақ ән
Бірлігімді бүгінгі Ана тілім сактаған.
Ана тілің - арың бұл Ұятың боп тұр бетте, Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте... Автор: Қадыр Мырзалиев
Көктеп ерте шырмалып, Өсемін мен бүр жарып. Атым – қияр, теріп ал, Жиі - жиі суғарып.
Бақшаларда тізіліп, Қаперсіз мен жатамын. Қабат - қабат киініп, Қырыққабат атандым. Картоп – біздің атымыз, Жер астында жатырмыз. Бір тамырдан тараған – Ағайынбыз бәріміз.
Көрсең егер бақшада Доп екен деп қалма. Шөл қандырар қарбызбын, Ерте үзіп алма!