Келді міне күз, Айнала сары түс



Дата08.11.2022
өлшемі15,45 Kb.
#48317
Байланысты:
тақпақ


Келді міне күз,
Айнала сары түс.
Керемет, тамаша,
Қандай әсем күз.

Көктен көзін бір алмай,


Қызғылт тартты кәрі құз...
Жер қызығын қия алмай,
Маужырап тұр сары күз...

Нұрға бөлеп өмірді,


Жырға бөлеп көңілді,
Жарқыраған сәулелі
Күз әуені төгілді.

Қарашы күз келді, күз келді


Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.

Ана тілім бал тілім
Өзің барда шалкыдым
Өз тілімде ән шыркап
Термелетіп балкыдым.

Тілім барда мактанам
Тілім менің аппақ ән
Бірлігімді бүгінгі Ана тілім сактаған.
Ана тілің - арың бұл
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте...
Автор: Қадыр Мырзалиев

Көктеп ерте шырмалып,
Өсемін мен бүр жарып.
Атым – қияр, теріп ал,
Жиі - жиі суғарып.


Бақшаларда тізіліп,
Қаперсіз мен жатамын.
Қабат - қабат киініп,
Қырыққабат атандым.
Картоп – біздің атымыз,
Жер астында жатырмыз.
Бір тамырдан тараған –
Ағайынбыз бәріміз.

Көрсең егер бақшада
Доп екен деп қалма.
Шөл қандырар қарбызбын,
Ерте үзіп алма!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет