Келеді деме, қайдан мұң?



Pdf көрінісі
бет13/19
Дата12.03.2017
өлшемі31,05 Mb.
#8977
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19

Ақмарал МҰҚАШЕВА,

С.Бәйішев атындағы Ақт бе облыстық әмбебап- 

ғылыми кітапха насының қызметкері

ЖИЫН


Жеті жарғыдан 

Ата Заңға дейін...



14

№27-28 (1285-1286) 

10 – 22 шілде 

2015 жыл


АНА ТІЛІ

Бірақ оны байқатпайтын. Байқатпайды 

дегенде, қызмет жағдайында болмаса, кез 

келген орта, жиындар мен бас қосулар, 

тіпті  екеуара әңгімелесу кезінде де к сіле 

шалқып, тыңдаушысын түйдек-түйдек цита т-

тармен тұқыртып, тұншықтырып, оза шауып, 

суырылмайтынына ден қойып отырмыз.  

мірінің соңғы жылдарында бір адамдай 

а р а л а с ы п ,   а ш ы қ - ж а р қ ы н ,   с ы р   б ү к п е й 

пікір алмасатын шақтарда ондайды әсте 

байқамаппын. Осы күндерде еске түседі: 

жабықтау не ақтаңдақтау мәселелер т ңірегі, 

әлде, жазықсыз жапа шеккендер жайлы ой 

б лісу үстінде нақты айғаққа сүйеніп, қысқа, 

дәл дерек-мәліметтермен шектелетін де 

қоятын. Ауа жайылмайтын. Кесімді аксиомадан 

ауытқымайтын. Және  з тарапынан бояу қосып, 

әрлеп-әспеттемейтін. Осындай қарапайым, 

кіші пейіл, бір қарағанда, жусаннан аласа, енді 

бір қарасаң, бетеге емес, асқаралы асудан биік 

ғазиз жан бақиға озғалы қашан. Мен үшін де 

зек  ртер  кініш, қимастықпен еске түсетін 

жарқын бейне. Ол кім десеңіз, ол – ең алдымен 

қарымды қаламгер, талантты журналист, 

ақтаңгер ақын, аудармашы, зерттеуші-ғалым, 

шынайы дос, жолдас, сүйікті жар, абзал әке, 

ардақты ата, тума-туысқа қамқоршы аға, 

пана болған кәдімгі Сәкең, аяулы Сатыбалды 

Дауымов. Иә, иә, кең-байтақ қазақ  лкесінің 

батыс аймағы – атақты Орда топырағында 

дүниеге келіп, саналы ғұмыры Алматыда 

ткен (к зі тіріде жарқосағы Асылғанымға 

үнемі айтып жүргеніндей) кештеу табыссақ та, 

дию ды жұтып жіберердей қарбалас тіршілік 

толқынында санадан  шпей, жү рек тің бір 

түкпірінде сақталып келе жатқан бірегейлердің 

бірі... Жас айырмамыз бір жылға жетер-жетпес 

замандас, әріптес, энциклопедиялық білім 

иесі, ғұлама. Осы с здерді ешкім жалған дей 

алмасына иман кәміл. Бұған оны жақсы білетін 

жақын-жуықтар ғана емес, күллі к з к ргендер 

куә деуге бәс тігуге бармын.

Ал енді мен Сәкеңді қашан, қай кез-

ден білдім, – білемін – соған келейік. Шы-

нымды айтсам, Сатыбалдымен бірге оқып, 

бірге қызметтес болған емеспін. Жазған-

сызғандарының да ілуде болмаса, к бі есте 

қалмай, аты-ж нін ғана еміс-еміс жобалайтын-

мын. Қандай атақ-марапаттары болғанынан 

да бейхабар екенмін (Ол олқылыққа жатпаса 

керек. Бәлкім, менде де Сәкеңмен әлдебір 

ұқсастықтар болуы ғажап емес шығар).

Иә, солай. Сәкеңмен қызмет бабы не 

бір-бірімізге ұсынып, автор болған да кезіміз 

болмапты (ол к п жылдар бойы «Қазақ 

энциклопедиясында» істедім дей тін). Тек 

мірден озарынан бес-алты жыл бұрын мен 

қызмет ететін «Парасат» журналына жиі келіп, 

мақала,  леңдері жарияланып, әңгімелесіп, 

сырласып жүрдік. Еңбекшіқазақ ауданындағы 

табиғаты керім жерде саяжай іспетті үйіміз 

бар, қысы-жазы сонда боламыз, мұндағы үйде 

балалар тұрады. Қалаға анда-санда жол түседі. 

Қонаққа келіп, таза ауа жұтып, аунап-қунап 

қайтсаң жақсы болар еді дейтін. Бұлай деуінің 

кейбір  зіндік себептері де болатын.  ріптес, 

қызметтес ретінде араласпасаңдар, онда 

араларың қалай жақын болды дегенге айта-

рым, осында біраз оралдық азаматтармен ұзақ 

жыл  араласып-құраласып тұрдық. Бүгінде 

кейбірі бақилық, кейбірінің к зі тірі.  рине, 

бәрі зейнеткер. Осы естелік терде – сәлемнің 

де сәті бар дегендей – олардың да есімдерін 

атап, ықылас-ниет таныта отырып аз-кем 

ткен шақтармен қауышу к птік етпес дейміз. 

Солардың бірі – Қабдулман Шағиев.

Сегіз жылдай 10-шы ықшам ауданда тұрған 

біз 1976 жылы орталықтан пәтер алып к шіп 

келгенде танысқан құдайы к рші Қабдулман 

ұзамай  қонаққа шақырып, сұраса келе менің 

КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІНЕН

ОРДАЛЫҚ ОЙШЫЛ 

АҚЫН ДОС

белгілі зерттеуші-ғалым 

Сатыбалды Дауымов жайлы мөлтек сыр

Қайран Сәке! Сатыбалды! Өмірі нің соңғы жылдарында жиі кездесіп, сырлас-

мұңдас болған шақтар да келмеске кетті-ау, беу, жалған-ай! Адами пішім, сырт 

келбет, жұртпен (өзгелермен) қарым-қатынас, жү ріс-тұрыс, қимыл-қозға лыс, 

сөй леу мәнері – бәрі мейлінше қара пайым, табиғи, ойлы көздері мен күлімсіреген 

жүзінен теңіздей терең білім, парасат иесі екені қашанда аңғарылып тұратын. 

Жәнібек ауданынан келген (былтыр дүниеден 

т кен) туған балдызыммен туыс боп шық ты 

да, жекжаттық, достық аясы ұлғайып, қарым-

қатынас нығая түсті. Қалалық ауруханалардың 

бірінде бас дәрі гер боп істейтін Қабулман кейін 

әуелі қала лық, онан соң облыстық медтех-

ника бірлестіктеріне басқарушы болды. Одан 

кейін басқа мекемелерге жоғарылады.  йтеуір, 

сатыдан-сатыға  рлеп,  сіп келе жатқанда, 

он жыл ілгері 59 жасында бақиға озды. Інілік 

ілтипат-құрметі шексіз еді. Дастарқаны жиыл-

майтын қонақжайлылығы  зінше. Оның үстіне, 

арысы Мәскеу, Орал, берісі Қазақстанның 

түкпір-түкпірінде келетін игі жақсылармен 

дәмдес, таныс, сыйлас болатын. Милиция 

полковниктері Қимат, Болат, Басқарма бастығы 

Мансұр Мәжитов, Министрлер Советінің жа-

уапты қызметкері Баймақан, Орал облыстық 

комсомол комитетінің бірінші секретары боп 

істеп, кейін біраз жыл Алматыда ғұмыр кешіп, 

ерте қайтыс болған Карл Айталиев, Алматы 

облыстық автотранспорт басқармасының 

бастығы Момыш, басқа да жақсылар мен 

жайсаңдар арасынан еңсегей бойлы, қос жа-

уырыны қақпақтай, бұйра шашы сәл бурыл 

тартқан ақсарылау жігіт ағасы Сатыбалды 

Дауымовты да к ретінмін.  йелі Асылғаным 

жақын апайы болғандықтан, Қабдулманның 

үйіндегі жиын-тойлардан екеуі де қалмайтын. 

не, сондай күндердің бірінде Сатыбал дымен 

іштарта әңгімелесіп, әріптес, бел гілі ақын 

екенін тереңірек білдім. Содан кейінгі бас 

қосуларда мамандығы басқалау  згелерден 

г рі екеуміздің мә мі леміз жарасып, оқшаулау 

с йлесіп жүр   дік. Бір жолы тарихи тақырыптарға 

к  бірек барып, батыс  ңірден шыққан 

революционер-қайраткерлер  мірін зерттеуге 

ден қойып жүргенін айтқаны бар. Қазір сәл 

ұмытыңқырадым,  лең   з алдына, зерде-

леп қамтысам деген тақырыптар мол сияқты 

еді. Бәрі болмаса да, кейбіріне үлгерді. Олай 

дейтінім, к зі тірісінде бір азын «Парасат» жур-

налында жариялауға септесіп, кейбірінің қайтыс 

болған соң жа рық к руіне к мек жасағанымды 

айта кету әбестік болмас деймін. Оған зайыбы 

Асылғаным мен қарындасы Заря Жұманова куә. 

Енді Сатыбалдымен шығармашылық орайда 

қалай жақындасып, ынтымағымыз жарасқаны 

жайлы бір-екі с з.

О л   к е з д е   к ү л л і   г а з е т - ж у р н а л д а р   – 

К кбазардың қарсысындағы – тоғыз қабат 

ғимараттан әлі к шпеген кез. Тиражы кәдім-

гідей құлдыраған «Парасат» журналында 

оннан астам қызметкер істейді. Жалпы 

жағдай жаман емес, жалақы, қаламақы – 

қалыпты. Авторлардан ұялмайсың. Ка  мал 

Смайыловтың редактор кезі ғой дей мін. Бір 

жолы арсалаңдай кіріп келген Сатыбалды 

аман-саулық сұрасқан соң, машинкаға басқан 

к лемі он т рт беттей мақала әкелгенін ай-

тып, алдыма қойды. С йтті де, темекі тартып 

келейін деп шығып кетті. Мұнысы мақаланы 

қолма-қол оқып, пікір айтсын дегені шығар 

деп жорамалдадым да, бір жағы құрмет, әрі 

сонау Еңбекшіқазақ ауданынан келгенін 

ескеріп, бірден к з жүгірте бастадым. Не 

керек, арадан жиырма-отыз минут  тіп, ол 

келгенше мақаласын оқып бітірдім.

Аса сауатты, зәредей мінсіз, қызықты да 

тартымды мақала батыс аймақтан шыққан 

қазақтың революционер қызы Алма Оразбаева 

жайында екен. Алма ж нінде бұған дейін к зіме 

түскен нәрселерді оқып, ғұмырнамасын  зімше 

бір кісідей білетін шығармын деп жүрген мені 

Сәкеңнің тыңға түрен салғандай мақаласы 

қатты тебірентіп, бұрын бейтаныс к п-к п 

мәліметтер алдан шықты. Алма Оразбаеваның 

бүкіл  мір баян, қызметі туралы Сатыбалдыдан 

артық білетін ешкім жоқтай к рінді. Ал  ол 

шынында да солай-тын. Бірде-бір екіұшты, 

дүдәмал, күмәнді дерек жоғы тайға таңба 

басқандай к рініп тұр. Айғақтар дәл, дерек тер 

нақты, ай, күн, жыл, қайдан, кімнен алған, бәрі 

– алақандағыдай. Қағаз бетіндегі маржандай 

жазуларға тіл бітіп, с йлеп тұрғандай к рінді 

(дәл солай екенін кітаптан оқып, к з жеткізуіңе 

болады).  р мамандықтың – сирек кездесетін 

– шырқау шыңына шыққан қас шеберлері 

болады. Мына ғажап дүние сондай дарабоздың 

қолынан туғаны бірден аңғарылды. Сәкеңе 

соны айттым. Күлбілтелеусіз. К лгірсімей. 

Сәкең жымиды. Мақтауға емес, шындыққа 

тәнті боп.  йткені солай екенін  зі де біледі емес 

пе? Сондықтан... бұл жолы... 

Менің олжам – Алма Оразбаева хақында 

егжей-тегжей білгенім. Неткен жаратылыс! 

Қажыр-қайрат, қарым-қабілет, қайраткерлік... 

онан соң... онан соң... күр меуі қысқа ғұмыр, 

жаралы жазмыш, қайғылы тағдыр... Аянышты! 

Бірақ артында Алма тұр. Тау тұлға. Қазақтың 

айбынды қызы! Шығыс шолпаны!

Сәкеңе солай дедім. Журналға қазір-ақ 

ұсынамын дедім. Алма туралы менің де к кейім-

ді күпті етіп жүретін әлдебір жұмбақ түйткіл 

болушы еді. Рас деп те, жалған деп те тон пішуге 

болмайтын. Жорамал. Оны айтқан бір кездерде 

Сарыағаш аудандық милицияда бастық болған 

қарт (коммунист) қазақ,  з к зімен к ріпті 

десетін. Түбі анықталар дейтінбіз. Сәкеңе соны 

айттым. «Жиырмасыншы жылдардың соңында 

Са ры  ағашта әлдебір есінен ауысқан әйел пайда 

боп, кейде секіре жұлқынып, кейде нұры семген 

к здерін бір нүктеден алмай, ұзақ м лиіп оты-

рады екен. Шашы алба-жұлба, аузынан ақ к бік 

атылып, шыңғыра жылағанда жұрт жан-жаққа 

тым-тырақай қашады екен» дейтіндерге әлгі 

милиция бастығы: «Е, ол соры қайнаған әйел 

Ленинмен бірге істепті. Күлмеңдер, күлсеңдер 

бастарыңа келеді. Тағдыры со  лай болса, амал 

не? Аты-ж ні Алма Оразбаева. Шымкенттегі 

жындыханадан қашып шығыпты. Қайта апаруға 

болмай тұр. Бәрібір тағы қашып кетеді. Не 

істеуді білмей отырмыз. Алда к реміз» дейді 

екен.

Осындай әфсана бертінге дейін айты-



латын. Кейін тыйылды. Айтатын адам да 

қалмаса керек. Бірақ менің есімде. Енді реті 

келген соң ауызға алдым. Бәлкім, бір ұштығы 

шығып қала ма деп.

Сәкең сәл ойланды да: «Айтқаныңның 

жаны бар. Себебі Шымкент пен Сары ағашты 

қайдам, бірақ Алма ет жақын адамының (туған 

сіңлісі)  опасыздығынан есі ауысып, жазылмас 

ауруға ұшыраған соң, оны қаладан-қалаға ауыс-

тырып, со ңында Жамбыл қаласындағы жын-

дыханада болыпты. Кім білсін, Сарыағашта 

да болса болған шығар.  йтеуір, қайда, қалай 

лгені белгісіз, нақты айғақ жоқ, – деп бұл 

түйткілге нүкте қойғандай болды. – Бірақ 

мұнымен шектелмеймін, Алма Оразбаева 

туралы алда да ізденіп, тың мәліметтер табуға 

тырысамын» деді онан соң.

Мен сол жолы Сәкеңнің басқа шығар-

машылық қырларынан г рі зерттеу қабілеті 

мен жазу шеберлігіне бас иіп, соны ғана 

мойындағандай күй кешкенімді жасырмай-

мын.  рине, ол – ең алдымен – ақын. Анау-

мынау ақын емес, поэзия құдіретін қапысыз 

білген арқалы ақын. Насихаты жетіңкіремесе 

де. Айтпақшы, Қадырды оқы. Мырзәлиевті. 

Сатыбалды туралы не дейді екен, танысып 

к р. Бәлкім, сонда...

Ал  з басым осылай танысып, табысқан 

Сәкең – Сатыбалды Дауымовтың аруағына 

үнемі тағзым етіп жүремін. Зәредей қоспа, ойдан 

құраған бір с з жоқ осынау естелікті марқұмның 

рухы шат бола берсін деп, әрі достық парыз 

ретінде қағазға түсірген жай боп тұр. 

Зәкір АСАБАЕВ

ОЙТОЛҒАМ


бір белгісі. Мынадай бір жағдай болғаны бар. 

Алматының Мамыр-1, Мамыр-2... деп кете 

беретін шағын аудандары жағындағы тұсында 

«Спутник» деп аталатын аса ауқымды сауда-

сауық орталағы бар. Сол орталықтың толып 

жатқан б лімдерінің бірінде жұмыс істейтін 

сырт келбеті к зіме таныс болып кеткен қыз 

бала бір жолы үстіндегі арнайы киімін шеш-

пеген қалпымен сыртқа шығып, темекі тартып 

тұр екен. Үлбіреген жап-жас қыздың шылым 

шегіп тұрғаны ерсі к рінгені сонша, жанына 

жақындап барып:

– Қызым, – дедім бас изесіп амандас қан нан 

кейін, – шыныңда айтшы, темекіні аузы сасық 

кісі тартады екен деп естіп едім, сол рас па?

  Қыз бала от басып алғандай «Ойбай!» деп 

ыршып түсіп, аузына қыстырған шылымын 

лақтыра салды да:

– Кешіріңіз, ата, енді шылым тартсам 

ауы зым күйсін! – деп жүгіре ж нелді. Тұратын 

үйіміз сол маңайда орналас қан дықтан «Спут-

никтің» ішінде де, сыртында жиі болып 

тұрамын. Сауда жасап тұрған әлгі қыз баланы 

да к ріп жүремін. Бірақ әлгі оқиғадан кейін 

оның темекі тартқанын байқаған емеспін. 

Мені к зі шалып қалса, риза к ңілмен бас 

изеп, жылы шырай білдіретін болды.

Үстіміздегі ғасырдың бастапқы жылы 

болатын. Қазіргі тұрып жатқан үйге енді  

ғана к шіп келіп, орналасып жатқанбыз. 

К ршілеріміздің кім екенін де әлі онша біле 

бермейміз. Бір кіреберістен (подъезд) кіріп-

шығып жататындықтан кездесе қалғандарына 

бас изеп қана  тетінбіз. С йтіп жүргенде, 

біздің кіреберістен шығып бара жатқан бір 

жас келіншек мені  к ріп оқыс тоқтай қалып:

– Сәлеметсіз бе, ата! – деп үлкен ізетпен 

иіле амандаса бастады. С зі қандай биязы, 

ңі қандай жылы. Мен де қауқылдай с йлеп, 

мәз болып қалдым. Қалада тұратын кісілер 

әрқашан асығып жүретіндіктен бір-біріне 

тұйық, тікбақайлау келеді ғой. Бірін-бірі 

т а н и т ы н   а д а м д а р д ы ң   з і   к е з д е с к е н д е 

басын изеп  те шығады. «Үй-іші аман ба, 

мал-жан есен бе? – деп қазақы үрдіспен 

шүйіркелесе қалуға уақыт жоқ. Соның  зіне 

шүкіршілік қылып, риза болып жатамыз. 

А л   м ы н а   к е л і н ш е к   о т б а с ы н ы ң ,   б а л а -

шағаның амандығын сұ рап, кәдуілгі ауыл 

қазағының жайбасар міне   зін танытып тұр. 

«Бір тәрбиелі отбасынан шыққан ибалы, 

иманды жан екенсің!» деп іштей риза болып 

қалдым. Ертеңіне сол келіншекпен біздің 

үйдің маңайындағы Шаляпин к ше сінің 

бойында тағы кездестім. Ол осы к шенің 

бойымен тура келе жатыр екен,  ал мен оның 

жолын к лденеңінен кесіп  туге тиіспін. 

С йтіп, ұзын к ше мен к лденең к шенің 

қиылысында жолығыса кеттік. Кешегі к рген 

келіншегімнің бүгін қабағы қату к рінді. Неге 

екенін білмейін,  ңі сұп-сұр екен. Жолдың 

қиылысына менен жарты қадамдай бұрын 

жетті. Кешегі әдептілігіне қарағанда сәл 

Соңғы кезде қазақ баспасөзінде салмағы саф алтындай, ішкі мағы на-

сының аумағы атан түйе дей деп айтуға татырлық «Құндылықтар» деген сөз – 

бір тамаша ұлық ұғым пайда болды. Қазақстан ғы лымы көшбас шыларының 

бірі, абыз ақсақа 

лы Төрегелді Шарманов ағамыз («Құн 

дылықтар құл-

дырауы», «Егемен Қазақстан», 13-наурыз, 2015 ж.) бастап айтып, қайта 

жаңғыртқан бұл көне сөз сонау зеңгір аспан әлемінен асқақтай көрінер 

асылымыз ретінде ой-санамызға ентелей кіріп, әр құлақ тың дәл түбінен үн 

қатып, әр ауызбен қайта-қайта айтылып, әр қаламның жетегіне түсіп тасқа 

басқан сөз ретінде жазылып жататын болды. «Құндылық» деген ұғымның өзі 

сегіз әріптен тұратын бір ғана қысқа сөз болғанымен мән-мәнісі талай атқа 

жүк боларлық таудай тұлғасы, теңіз суындай тереңдігі, көздің жасындай 

мөлдірлігі бар асылдардың ішіндегі ең асылы екенін бағамдай да, бағалай 

алмай жүр екенбіз.

б геліп маған жол беретін шығар деп ойлап 

едім. Бірақ  йткен жоқ, осы кісіден бұрын  тіп 

кетейінші деп асыққан сыңаймен жолымды 

алдымнан жанай кесіп  те шықты. Ол  тіп 

кеткеннен кейін  з к зіме  зім сенбей оның 

ту сыртынан тағы бір к з тастап едім, анық 

соның  зі  – кешегі  зіме таныс келіншек. 

Бірақ бұл жолы оның кешегі «Сәлеметсіз бе, 

ата!» деген жан жылытатын ибалы қалпының 

жұрнағы да қалмағанын байқадым.  лденеге 

асыққан кісіше тасыраңдай жортып барады. 

Туфлиінің биіктігі кере қарыс дерлік біз 

кшесі асфальт жолды тесіп жібере жаздап 

тық-тық етеді. Екпінмен басқан аяқтарының 

тықылы құлақты жара біраз уақыт бойы естіліп 

тұрды. Осыны к ріп, сезіне тұра мен іштей 

«бұл келіншекке ибалылық, инабаттылық» 

дегендер ана сүтімен бойға сіңген қасиет 

емес, бертін, жүре келе дарыған, кейде бар, 

кейде жоқ,  кейде еске түсіп, кейде ұмытылып 

қалатын жасанды бірдеңе болды ғой деп 

ойладым. Адам мінезі дегеннің  зі арғы түбін 

тексере келсең, мәдени құндылыққа жатса 

керек.  йткені  ол да материалдық құндылық 

сияқты адам қолымен, адамның тікелей 

араласуымен  жасалады, қалыптасады. 

Қажетіне қарай мінезді түзетуге, жақсартуға 

болады. Абай данышпанның адам мінезін 

түзетуге болмайды деген кісінің тілін кесер 

едім деген тұжырымы, міне, соған меңзейді.

Мінез – адамның к ркі, адамның адамдық 

қалпын, адамдық болмысын ашып к рсететін 

басты қасиеті.  р адамның  зіне ғана тән 

мінезі,  зіндік  згешелігі болады. Адам  мір 

бойы қалыптасқан  з мінезіне қарай іс қылады.  

Осы орайда әлі күнге ұмытылмай жүрген мы-

надай бір оқиға еске түседі. 1953 жыл болатын. 

Оныншы сыныпты бітіргеннен кейін оқу 

іздеп сол кездегі астанамыз Алматыға келген 

ауылдың қара домалақ баласымыз. Жолы бо-

лып оқуға түсу бақытына ие болған үш-т рт 

бала  зімізше соны тойлаймыз деп атақты 28 

гвардияшы-панфиловшылар паркінің іші не 

орналасқан «Қазақстан» (ол сол кезде солай 

аталатын)  мейрамханасына келдік. Салтанат 

сарайы сияқты болып к рінетін мұндай орынға 

бойымыз әлі үйреніп болмаған біз қысыла-

қымтырыла кіріп, жан-жағымызға жалтақтай 

қарап қоя мыз. Қалтамызға қарай к сіліп деген-

дей, бағасы онша қымбат емес тағамның бірер 

түрін алдырып, окуға түскен қуанышымызды 

лимонад деп аталатын тәтті сусынмен жуған 

болдық. Онда арақты қойып сыра ішудің  зіне 

дағдыланбаған кезіміз. Дауысымызды да қатты 

шығармай бір-бірімізге ақырын ғана сыпайы 

үн қатамыз. Қойдан жуас, қозыдай марғау бола 

қалған мына түріміз ұнамады ма, кім білсін, 

к рші үстелде лепіріңкіреп отырған т рт 

жігіттің біреуі бізге қайта-қайта мойын бұрып 

қарай берді. Онымен де қоймай әлгі жігіт ор-

нынан тұрып бізге келді. Жай келмей тепсіне, 

қорқыта келді. «Бұл сендер отыратын  жер 

емес, бұл мейрамхана, кетіңдер бұл жерден» 

деген секілді с здерді айтып, бізді келекелеп, 

кемсітіп  тұр. Оның с зіне қарай с з айтып, 

жауап қайтаруға тіл жетпейді. Үн қата алмай 

іштен тынып біз отырмыз. Сол сәтте:

– Прекратить! – деп күндей күркіреген 

бір  ктем дауыс естілді. Мейрамханада 

отырғандардың бәрі сілтідей тына қалды. 

Бірақ бізге тиіскен сотқар жігіт одан әрі 

ексімденіп, былапыт с здерін жалғастыра 

түсті.


– Прекратить! – деп қайта шықты әлгі 

дауыс біздің дәл жанымыздан естіліп. Сон-

да к рдік – бұл с зді айтып тұрған жасы 

қырықтан асса енді ғана асқан зор денелі кісі 

екен. Екі иығына екі кісі мінгендей келісті 

тұлға. Кеудесінде Ленин ордені жарқ-жұрқ 

етеді. Мейрамхананың кең залында масаның 

ызыңы естілгендей тыныштық орнай қалды. 

Бәрі «енді не болар екен?»  деп оқиғаның 

соңын күтуде. Алайда әлгі сотқар жігіт әлі 

басылар емес. Керісінше оған:

– Какое твое дело?! – деп үдеп барады. 

Т ңірегіне әлгінде бір дастарқанның басында 

бірге отырған басқа серіктері де жинала бас-

тапты. Соны к рген біздің кейіпкеріміз сол 

оқиғаға себепкер болған жігітті жағасынан 

алып сілкіп-сілкіп жібе ріп, мейрамхананың 

сыртқы  есігіне қарай итере салды. Содан соң 

бастапқы орнына қайтып келіп:

 – И вам туда дорога! Исчезните с глаз 

моих, – деп оның серіктеріне де есікті к рсетті. 

–  здерінің қайда отырғанын білмейтін сен-

дер сияқты кещелерге мұн дай жерде орын 

жоқ. Табандарыңды жал тыратыңдар! 

« Қ а з а қ с т а н »   о л   к е з д е   А л м а т ы д а ғ ы 

бәсі жоғары мейрамханалардың бірі еді. 

Сондықтан оған келетіндердің к бі мәр тебелі 

меймандар, лауазымды жандар болатын. 

лгі орденді азаматтың мына ісіне залда 

отырғандардың бірде-бірі араласып, бір ауыз 

тіл қатқан жоқ. Бәрі сіздікі ж н дегендей 

сыңай танытады. Біз де іштен тынып, үнсіз 

отырмыз. Бір уақытта орденді ағатайымыз 

біздің қасымызға келіп:

– Не бойтесь, ребята, вас никто не оби-

дит!  – деп ілтипат білдірді. Іштерінен тынып 

отырғандардың бәрі соны естіп дүр сілкініп:

– Правильно, правильно! – деп қай талай 

үн қатты.   

  Біз Ленин орденін таққан мына кісінің 

зімізге асқар Алатаудай қамқоршы бола 

білгенін сезініп, іштей  сіп, мың мәрте 

марқайып қалған едік.

Біле білген адамға орден дегеніңіздің  зі 

үлкен кұндылық қой. Біздің жас кезімізде 

орден таққан, әсіресе Ленин орденін, Еңбек 

Қызыл Ту орденін таққан  кісі кездесе қалса, 

тіп бара жатқандардың бәрі жолдың екі 

шетіне ығысып, тұра қалып оған басын ие 

құрмет к рсететін. Асығыс екеніне қарамай 

оған жол беріп, ол  тіп кеткенше тосып 

тұратын.  сіресе Ленин орденін таққандардың 

к ретін құрметі тіпті ала-б тен болатын. Он-

дай кісі отырған жерде бәрі аузын бағып, тым-

тырыс бола қалатын. Орденді азаматтың  аузы-

нан шыққан әр с зді қағып алып, оны  неге, 

ақыл-кеңес ретінде жырдай қылып қайталай 

айтып жүретін. Ондай с здер кейін мақал-

мәтелге де айналып, қысқа с з, нұсқа с з бо-

лып шыға келгенін де білеміз. Мәселен, «к п 

ішсең – шамырқанба, аз ішсең – азырқанба!» 

деп жататын. Сондай-ақ қазақтың әлдекімге 

ашуланғанда, к ңілі толмай ыза болғанда 

айтатын «иттің баласы» дейтін с зі бар. Бұл 

зі бір жағынан зілсіз, кексіз айтылатын с з. 

Ондай с зді мұқату үшін емес, әзіл-қалжың 

с з ретінде де ойнап айта салады. Мәселен, 

осы бертінде менің бір танысым бастауыш 

сыныпта оқитын ұл баласына қалжыңдап: « й, 

иттің баласы!» деп қалыпты. Соны ұмытпаған 

әлгі бала келесі күні әкесінен: 

– Осы мен шынында да сіздің бала ңызбын 

ба? – деп сұрайды. Бұған таңыр қаған әкесі:

– Иә, сен шынында да менің баламсың, – 

дейді ағынан жарылып. 

– Ендеше сіз ит екенсіз ғой, – дейді бала-

сы  зінің сәбиге тән аңғал әдетімен аңқылдай 

с йлеп.


– Неге, неге, олай дейсің, – деп таңыр-

қайды әкесі сасқалақтап қалып.

  – Кеше  зіңіз маған « й, иттің баласы!» 

деп едіңіз ғой. Мен иттің баласы болғанда сіз 

иттің  зі боласыз ғой. 

Бұған с з таба алай қиналған әкесі:

– Солай дедім бе? Онда менің  зім де 

нағыз ит екенмін, – деп мойындауға мәжбүр 

болыпты. 

«Аңдамай с йлеген ажалынан бұрын 

леді»»  деген с з осындайда айтылса керек. 

Алыстан ау тастап, тереңіне жеткізе  

қопара білсең, қазақтың орынды жерінде ой-

ластыра айтылған әрі с зі, салмағы саф алтын-

дай, аумағы атан түйедей деуге татитын тұнып 

тұрған кұндылықтар екеніне ешкімнің күмәні 

болмаса керек. Сол кұндылықтарымызды 

тани білуіміз, сақтай білуіміз және к п бо-

лып қорғап, одан әрі дамыта білуіміз керек. 

Сонда құндылықтарымыздың құны да артып, 

салмағы еселене түспек. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет