Бейорганикалық заттар өндірісін сипаттаңыз. Бейорганикалық дәрілік заттар және олардың медицинада қолданылуы. Өсімдіктердің ағзаларында шамамен 30 негізгі элемент болады. Олардың 90% - ын көміртегі, сутегі және оттегі құрайды. Олардың негізгі көздері көміртегі оксиді мен су. Басқа 10% - ын келесі макроэлементтер (азот, фосфор, калий, кальций, магний, күкірт, темір) және микроэлеметтер (бор, мырыш, мыс, молибден және т.б.) кіреді.
Топырақтын құрамындағы қоректі заттарды қалпына келтіру үшін минералды тыңайтқыштарды енгізеді. Тыңайтқыштардың сапасы олардың қорек элементтердің мөлшерінен анықталады.
Азот – хлорофил құрамына кіреді. Ол ағзадағы күн энергиясын, ақуыздардың синтезін анықтайды.
Фосфор – ақуыздардың құрамына кіреді. Өсімдіктердің дамуын және сапасын жақсартады. Қант пен крахмалдың мөлшерін жоғарлатады.
Калий – ақуыздың синтезін қамтамасыз етеді. Қанттың түзілуін күшейтеді. Шығымын және ауруларға қарсылығын жоғарлатады.
Азот тыңайтқыштары – аммиак, аммоний, нитрат, аммоний нитрат, аммидті түрі дамыған. Қатты және сұйық күйінде пайдаланады. Осыдан аммиак силитрасы және карбанид алынады. Өндірісте шикі зат ретінде аммиак және азот қышқылы, көміртегі қышқылы мен аммиактан карбанид алады.
1. HNO₃ + NH₃ → NH₄NO₃ + Q
Аммиак силитрасы
2. NH₃ + CO₂ → NH₂COONH₄ + Q
Аммоний карбаматы
NH₂COONH₄ → CO(NH₂)₂ + H₂O – Q
Карбамид
Силитра алуда бірнеше сатысы бар:
1. Химиялық реакция өткізу.
2. Ерітіндіні концентрлеу.
3. Кристалдау
4. Суыту мен өндеу
1 тонна силитра алу үшін шикі заттардан 213 кг аммиак + 800 кг (конц) HNO₃, су булары 1,26 МДж (10⁶), энергия 15 кВт 1 сағатта, 33 м³ су қажет.
Карбанимті алу сатылары:
1. Карбанидтін синтезі.
2. Өнімдердің дистиляциясы.
3. Карбанидті сату формасына өндеу.
1 тонна карбанидтке 580 кг NH₃ + 750 кг CO₂, 400 кВт сағат этектр энергиясы, 4,82 ГДж (10¹²) су буы.
1985 жылы 15 млн тонна карбанид алған.