Келісілді Мақұлданды «Фармация және ФӨТ»



бет4/14
Дата02.05.2023
өлшемі110,7 Kb.
#89225
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Калий тыңайтқыштары – KCl, K₂SO₄ және K₂SO₄MgSO₄. Алатын шикізат KCl. Технология әдістері: 
1. Флатация (байыту) – сумен әрекеттеспеу.
2. Галлургиялық – әртүрлі ерігіштігіне байланысты. Жоғары температурада KCl жақсы ериді. Суытқанда тұнбаға түседі. 
3. Электростатикалық сипаратция (қыздырғанда және арнайы реагенттермен өнгеденде ұнтақ бөлшектерінің беті әртүрлі зарядтарды қабылдайды (+),(-). 
1 тонна KCl шығару үшін 5 тонна KCl + 9,3 м су , 25 кВт 1 сағатта энергия. 
1985 жылы 10 млн тонна KCl алған.
Фосфор тыңайтқыштары – шикізат ретінде табиғи фосфаттардан алады. Негізгі технологиялық процесс ерімейтін фосфаттарды.... Негізгі шикізат: фосфарит пен апатиттер. Негізгі тыңайтқыштарының екі түрі бар. Олар: 
1. Жай суперфосфат: монокальций фосфат (СаН₂РО₄), кальций сульфаты (СаSO₄) P₂O₅.
2. Екі еселенген суперфосфат: Са(Н₂SO₄)₂·H₂O + P₂O₅ (42 – 55%)
Негізгі технологиялық реакциясы: Фтор апатиттерді фосфор қышқылымен әрекеттестіреді. 
Са₅F(PO₄)₃ + H₃PO₄ + H₂O → Са(Н₂PO₄)₂·H₂O + HF 
Процесс сипаттамасы гетерогенді. Оған температура, концентрация және араластыру әсер етеді. 
Екіншілік супер фосфатты екі әдіспен алады: камералық және ағыстылық. 
Негізгі сатылар: 
1. Апатитті фосфор.
2. Камерада реакция жүргізу. 
3. Қоймада сақтау (15 – 20 тәулік).
4. Ұнтақтау. 
5. Калций карбанатын бос қышқылмен нейтралдау. 
6. Бөлшектеу.
7. Кептіру немесе құрғату. 
1 тонна суперфосфат алуда: 1,5 тонна H₃PO₄, 1,13 тонна апатит, отын мен энергия шығымы төмен. 
Кешенді тыңайтқыштар – екі немесе оданда көп қоректік элемент құрамында бар заттар. Осы тыңайтқыштарды бастапқы заттардың әрекеттесуі арқылы (күрделі процесс) немесе тыңайтқыштарды бір – біріне қосу немесе араластыру арқылы (қоспа немесе тука қоспа) алады. 
Күкірт қышқылы.
1. Әрбір мемлекеттің химиялық өндірісінің даму деңгейін сипаттайтын негізгі өнімдердің бірі күкірт қышқылы. H2SO4- тің өндіріс көлемі ондық миллион тоннамен есептеледі және басқа өнімдердің арасында бірінші орын алады.Оның себебі күкірт қышқылының өндірісінің әр түрлі салаларында кең пайдалану. Күкірт қышқылы ең күшті минералды қышқыл және ең арзан қышқыл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет