Келісім Біз (түсуші және түсушінің ата-анасы немесе заңды өкілі), Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, баламның немесе қамқорлығымдағы баланың дербес деректерін кез келген заңды тәсілдермен (автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе осындай құралдарды пайдаланбай фото, видео және бейнедемонстрацияларды, оның ішінде ақпараттық дербес деректер жүйелерінде пайдалану үшін), шектелмеген мерзімде өңдеуге келісім беремін.
Біз (түсуші және түсушінің ата-анасы немесе заңды өкілі):
тыйым салынған заттардың бірін ғимаратқа кіргізуге тырысқаны үшін және тестілеу кезінде пайдаланғаны үшін тиісті жою актісі жасалатынымен;
кіргізу барысында "бөгде тұлға" анықталған жағдайда, "бөгде тұлғаны" қатыстырған түсуші тестілеуге жіберілмейтінімен;
тестілеу аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 25 тамызына дейін Ұлттық тестілеу орталығы тестілеудің бейнебақылау жазбаларын қарауды жүзеге асыратынын және тестілеу жүйесіндегі түсушінің іс-қимыл журналын (логтарын) тексеруді жүргізетінін, егер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген «Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және «Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларының» (бұдан әрі – Қағидалар) 75, 80-тармақтарына сәйкес бұзушылық фактілері анықталған жағдайда, тестілеу нәтижелері жойылатындығымен таныстық.
Тестілеу кезінде:
аудиториядан (компьютерлік сыныптан) дәліз кезекшісінің функциясын атқаратын тестілеу администраторының рұқсатынсыз және алып жүруінсіз шығуға;
құжаттармен, кез-келген тыйым салынған заттармен және түсушіге жұмыс үшін берілген А4 форматындағы парағымен алмасуға;
құжаттарды және А4 форматындағы парағын аудиториядан шығаруға;
ғимаратқа және аудиторияға (компьютерлік сыныпқа) ақпаратты тасымалдау функцияларымен жабдықталған ұялы байланыстың мынадай тыйым салынған заттарын, фотоаппарат, ақпараттарды тасымалдау функциясымен жабдықталған кез келген ұялы байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (Смартфон), рациялар, ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер), смарт сағаттар, сымды және сымсыз құлаққаптар, микроқұлаққаптар, сымсыз бейнекамераларды, GPS (ДжиПиЭс) навигаторларды, GPS (ДжиПиЭс) трекерлерді, қашықтан басқару құрылғыларын, сондай-ақ келесі стандарттарда жұмыс істейтін басқа да ақпарат алмасу құрылғыларын: GSM (ДжиСиМ), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), VHF (ВиЭйчЭф), UHF (ЮЭйчЭф), Wi-Fi (Вай-фай), GPS (ДжиПиЭс), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект), сондай-ақ шпаргалкалар, оқу-әдістемелік әдебиеттер, Менделеев кестесін және тұздардың ерігіштігі кестесі, калькулятор және басқаларды алып кіруіне және қолдануына рұқсат етілмейтінімен;
тестілеу басталар алдында берілген А4 форматындағы қағаздарын өзімен бірге алып кетуге;
тестілеу тапсырмаларының мазмұнын талқылауға және жария етуге;
тестілеуге пайдаланылатын техникаға және қауіпсіздік жүйесіне қасақана зиян келтіруге;
тестілеу жүйесіне араласу әрекетіне және тестілеуден өтуге байланысты өзге де бұзушылықтарға рұқсат етілмейді.
Тестілеудің екі мүмкіндігін пайдаланған жағдайда түсушіге бейіндік пәндер комбинациясын өзгертуге жол берілмейді.
Бұл ретте тестілеу өткізілетін компьютердің интерфейсіндегі калькуляторларды, Менделеев кестесін және тұздардың ерігіштігі кестесін пайдалануға рұқсат етіледі.
Түсуші аудиториядан шыққан жағдайда аудиторияға қайта кірген кезде металл іздегішпен тексеріліп кіргізіледі.
Түсуші тестілеуге қатысудан бас тартқан жағдайда деректер базасы жабылғанға дейін жеке кабинетінен өзінің өтінішін жоюы қажет. Бұл жағдайда тестілеу үшін төлем келесі құжаттарды:
1) тестілеу үшін төлемді қайтару туралы түсушіден өтінішті;
2) тестілеуге қатысуға арналған төлем туралы түбіртекті;
3) жеке куәліктің көшірмесін;
4) төлем картасының көшірмесін;
5) банктің реквизиттерін көрсете отырып, 20 таңбалы есепшотын ұсынған кезде қайтарылады.
Тестілеу үшін төлем деректер базасы жабылғаннан кейін қайтарылмайды. Тестілеу тапсыру күні, уақыты мен орны туралы ақпарат түсушілердің сайттағы жеке кабинетінде болады. Сонымен қатар тестілеуден бір күн бұрын тестілеу күні, уақыты және бейіндік пәндері туралы ақпарат түсушінің және оның ата-анасы немесе заңды өкілінің ұялы байланыс құралдарына хабарлама арқылы жіберіледі.
Біз (түсуші және түсушінің ата-анасы немесе заңды өкілі) жоғарыда көрсетілген тәртіп бұзу фактілері анықталған жағдайда тиісті акт жасалып түсуші осы тестілеуге жіберілмейтінімен және/немесе бейнебақылау жазбаларын қарау қорытындылары мен тестілеу жүйесіндегі түсушінің іс-қимыл журналын (логтарын) тексеру бойынша Қағидаларға сәйкес тестілеу нәтижелерінің жойылатындығымен таныстық.