-аудандағы криминалдық-қылмыстық жағдай туралы қысқа бағалаушы ақпарат беру;
-жасалған құқық бұзушылық фактісі туралы, заңға сәйкес сол жасалған құқық бұзушылық үшін қолданылатын жауапкершілік шаралары туралы айту және қылмыс бойынша қабылданған процессуалдық шешімге қарамастан, осы факт туралы ақпарат полиция базасында барлық жылдар бойы сақталатындығын түсіндіру қажет. Бұл, әрине, келешекте жасӛспірімнің жоғары оқу орнына түсерде, жұмыс орнын таңдарда т.б. жағдайларда ӛзіне кері әсерін тигізетінін білдіреді.
-оқу орны ӛкілінің (сынып жетекшісі, әлеуметтік педагог, педагог-психолог), ювеналды полиция инспекторының құқық бұзушыға қатысты мінездемесімен сӛйлеген сӛздері;
-осы жасалған құқық бұзушылық бойынша сол құқық бұзушының ӛз сӛзін тыңдау, не үшін, не себепті жасағанын, осы әрекетке баруға оны не итермелегенін сұрап, анықтау және тыңдау;
-осы факт бойынша ата-анасының балаға қатысты, тәрбиелеуге байланысты сӛздерін тыңдау;
-осындай фактілерге байланысты сыныптастарының, топтастарының пікірін тыңдау, қайта тәрбиелеуге сыныптасының түзелуіне кӛмек кӛрсетуге ықпалын тигізу;
-ата-аналар комитетінің , жасӛспірімдер ісі және оның заңды құқығын қорғау комиссиясы ӛкілдерінің сӛзі;
-құқық бұзушылық Кеңесінің шешімдерінде нақты, практикалық жұмыстар қабылдануы қажет (жасӛспірімді есепке қою, ата-аналарын әкімшілік жауапкершілікке тарту, әрі қарай істі жасӛспірімдер ісі және оның заңды құқығын қорғау комиссиясына қарауға жіберу, жасӛспірімді арнайы мектептерге жіберу туралы, ата-аналық құқықтан айыру туралы сұраныстар жасау, хаттар жіберу және т.б.)
Кеңес отырысына шақырылған оқушы туралы ақпарат
ТАӘ
Туған жылы
Сынып
Ата-анасының аты-жӛндері
.
Ата-аналарының қызметі
Отбасы құрамы
Кеңес отырысына нешінші рет шақырылып тұр?
Кеңес отырысына шақырылу себебі
Тәртібі
Оқушымен және оның ата-анасымен жүргізілген жұмыстар