Балалар мен жасӛспірімдердің қоғамдық орындарда ӛзін-ӛзі ҧстау ережелері
Балалар мен жасӛспірімдер міндетті:
Қоғамдық орындарда – кӛшеде, гүлзарларда, барлық аулаларда, саябақтарда, театрларда, кинотеатрларда, спорт алаңдарында, қалалық және басқа да қоғамдық кӛліктерде қоғамдық тәртіпті сақтауға, жолда жүру ережелерін білуге;
Ересектермен, кәрі жастағы адамдар мен кішкентай балаларға, мүгедектерге сыпайылықпен қарауға;
Мемлекеттік және қоғамдық мүлікке дұрыс қарауға;
Қоғамдық орындар мен кӛшелерде тазалық сақтауға;
Жолдастарын жағымсыз қылықтан сақтандыруға;
18 жасқа дейінгі балалар мен жасӛспірімдердің ересектердің бақылауынсыз жүруіне жазғы уақытта сағат түнгі 23.00.-ге дейін рұқсат етіледі, ойын-сауық орындарында 22.00-ге дейін (Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 442-бабы).
Балалар мен жасӛспірімдерге тыйым салынады:
Қоғамдық тәртіпті бұзатын кӛшедегі шерулерге қатысуға;
Кӛшеде, қалтарыстарда, гүлзарларда, жағажайларда және басқа да қоғамдық орындарда сауда жасауға, спиртті ішімдік ішуге, құмар ойындар ойнауға;
Кӛше, аула, подъезді және басқа да қоғамдық орындарды ластауға;
Газондар мен жасыл желектерді құртуға, үйлер мен подъездердің қабырғасын шимайлауға, сонымен қатар басқа да мемлекеттік және қоғамдық орындардың жертӛлелерінде, шатырларында, подъездерінде жиналуға;
Жолдың кӛлік жүретін жерінде коньки, шана, шаңғы тебуге, ойын ойнауға;
14 жасқа жетпегендерге жол үстінде велосипедпен, ал 16 жастан кішілерге мопед, мотоциклмен жүруге рұқсат етілмейді;
Шомылуға тыйым салынған жерлерде – ӛзендерде, тоғандарда шомылуға;