ПБО отряды қызметін Қҧқықтық ҧйымдастыру негіздері
Мектептегі ПБО отряды мектеп директорының бұйрығы негізінде құрылады, бұйрықта отряд жұмысын ұйымдастырушы тұлға нақтыланып, отряд жұмысының ұйымдастырылуы мен қызметтің негізгі бағыттары жүктелінеді. Отряд жұмысын бақылауды директордың тәрбие ісі жӛніндегі орынбасары жүзеге асырады.
Оқу жылының басында ұйымдастырушы (отряд жетекшісі) отрядтың жылдық жоспарын құрады, онда ата-аналармен жұмыс, мектепішілік және мектептен тыс шаралар, үйірмелер жұмысының жүйесін қарастыратын болады, жоспарды сынып жетекшілерінің бірлестігінде келіседі, оны директор бекітеді. Жұмыстың ұйымдастырушысы ПБО отрядымен бірге жоспардан тыс немесе жоспар бойынша ӛткізу туралы құжатнамаларды жүргізуді жүзеге асырады.
ПБО отрядының мүшелері болып білім беру ұйымының 12-16 жастағы ПБО отрядында жұмыс жасаймын деп ниет білдірген, балалар мен жасӛспірімдер арасында әрекеттегі заңдылықтар бойынша құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, мектептің оқушыларын азаматтық және құқықтық тәрбие беруге жағдай жасау бойынша жүргізілетін жұмыстарға қатысатын балалар бола алады.
Отряд құрамы 13 адам болған жағдайда құрылады және бӛлімшелерге бӛліне алады. ПБО отрядына қабылдау отряд жиынында жасаған ауызша ӛтініші ретінде қабылданады. Отрядтың командирі отрядтың жалпы отырысында сайланады.
ПБО отрядының жоғары органы болып оның мүшелерінің жиналған отырысы болып табылады. Отряд мүшелерінің ортақ дауыс беруімен жауапты мәселелер шешіледі. Оқу жылының соңында отряд командирі мен отряд мүшелерінің жыл бойы жасаған жұмысының есебі тыңдалады.
ПБО отрядының ӛзіндік нышаны (таңба, тӛсбелгі, жалауша), формалық киімі болады.
БӚЛІМ
Қарағанды облысының білім беру ҧйымдарында кәмелетке толмағандар арасындағы қҧқық бҧзушылықтың
алдыналуКеңесіжҧмысынтексерубойынша ЖАДЫНАМА Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі туралы ереже.
Мектепішілік есепке қою туралы ереже.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық, қылмыс пен бос жүрудің алдын-алу шаралары бойынша құқықтық және нормативтік құжаттардың болуы (Заңдар, Қаулылар, оқушылар, ата-аналар мен тәрбиешілер арасында құқықтық Жалпы оқытуды ұйымдастыру бойынша, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық, қылмыс пен бос жүрудің алдын алу шараларын ұйымдастыру бойынша бұйрықтар).
Құқық бұзушылық, қылмыс жасаған оқушылар бойынша мониторинг жасау, оның ішінде темекі шегу, нашақорлық, токсикомания, алкогольді ішімдік ішу фактілері орын алған жағдайлар бойынша да мониторингтер жүргізу.
Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесінің жоспарлары мен хаттамалары (соңғы 3 жыл бойынша). Есепте тұрған жекелеген оқушылардың істерін қарастыру.
Мектепішілік есепке алудың мерзімін қарастыру: алдын-алу бойынша кеңестің отырыстарында есепке алу, есептен шығару, есепке алу мерзімін ұзарту, оқушылар және ата-аналармен жүргізілген жұмыстың қорытындысына талдау жасау.
Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесінің алдын алу мәселелеріне қатысты сұрақтарды қарастыруы: оқуды ұйымдастыру, оқушылардың бос уақыты, кәмелетке толмағандардың осы бейәлеуметтік жүріс-тұрыстарының алдын алу бойына жұмысын жақсарту, әлеуметтік қауіп тобындағы оқушылармен жұмыс, МІЕ, ІІО есепте тұрған оқушылармен жұмыс, ата-аналармен жұмыс, нақты шешімдер қабылдап, нұсқаулар беру.
Оқушылардың салауатты ӛмір салтын ұстауға және заңға бағынушылықты қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған іс-шаралар ӛткізу. Осы шаралардың сараптама анықтамалары. Ата-аналар, мұғалімдер және оқушылар арасында жалпы құқықтық оқытуды ӛткізу.
Құқық қорғау органдарымен ӛзара бірлесіп жұмыс жасау: жекелеген әңгімелесулер ӛткізу, ата-аналар жиналыстары мен сынып сағаттарында баяндамалар жасау, алдын-алу шаралары бойынша Кеңестің отырыстарына қатысу, рейдтер жүргізу және т.б.
«Жасӛспірім», «Түнгі қаладағы балалар» және т.б. рейдтерді тіркеу және жүргізу.
Құқық бұзушылық, қылмыс жасаған оқушылар, темекі шегу, нашақорлық, токсикомания, алкогольді ішімдік ішу бойынша және балалар мен жасӛспірімдер арасында бейәлеуметтік іс-әрекеттер бойынша құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жекелеген, сыныптық және мектепішілік іс-шараларды ӛткізу, оны есепке алу, балалар мен жасӛспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қараусыздық, бақылаусыздық бойынша жұмыс істейтін қызмет жүйесі ӛкілдерінің қатысуымен шаралар ӛткізу: денсаулық сақтау ұйымдары, дағдарыстық орталықтар, үкіметтік емес ұйымдар (НПО) және т.б.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық , құқықтық Жалпы оқытуды ұйымдастыру бойынша сұрақтарды оқу жылы бойында сынып жетекшілерінің бірлестігінде, директор жанындағы отырыстарда, педагогикалық кеңестерде қарастыру.