Кәмелетке толмағандар арасында


Білім беру мекемесі әкімшілігімен ӛзара бірлескен жҧмысты ҧйымдастыру



бет45/52
Дата15.11.2023
өлшемі0,53 Mb.
#123667
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   52

Білім беру мекемесі әкімшілігімен ӛзара бірлескен жҧмысты ҧйымдастыру


  1. Мектептің полициялық инспекторының білім беру ұйымы әкімшілігімен бірлескен жұмысы оқушылардың заңға қайшы не қоғамға жат мінез- құлықтарының себептері мен шарттарын зерттеуге бағытталған іс-шараларды дайындау мен жүзеге асыруды және оларды таратпауға арналған шараларды қамтитын жасӛспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша бірлескен жоспар негізінде құрылады.

  2. Бірлескен жұмыстың негізгі формалары:

    1. құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша мектепішілік комиссия құрамында қатысу;

    2. білім беру ұйымында жасӛспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға және болдырмауға арналған іс-шараларды орындауды тікелей ұйымдастыру және жеке қатысу;

    3. жасӛспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша білім беру ұйымы әкімшілігімен бірескен іс-шараны бірлесе жоспарлау, олардың орындалуына бақылау жасау;

    4. құқықтық тәрбиені бірлесе ұйымдастыру, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы пікір білдіру;

    5. ұзақ уақыт бойы дәлелсіз себептермен білім беру ұйымына сабаққа келмеген балалар мен жасӛспірімдерді анықтауға арналған рейд ӛткізуге қатысу, олардың сабақтан қашу себебін анықтау және олардың ата-аналарына, не оларды алмастыратын адамдарға әсер ету жұмыстарын жүргізу, не тұрмысы тӛмен отбасыларға әлеуметтік педагогтер және Жасӛспірімдер ісі және олардың құқығын қорғау жӛніндегі комиссия арқылы материалдық кӛмек кӛрсету;

    6. тұрмысы тӛмен және аз қамтылған отбасылардың тұрмыстық жағдайын, сонымен бірге мектепішілік есепте тұрған жасӛспірімдерді зерттеу;

    7. ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың қамқорлығынсыз қалған жасӛспірімдерді анықтау, оларға Жасӛспірімдер ісі және олардың құқығын қорғау жӛніндегі комиссия арқылы тұрмыстық жағдайын жақсартуға кӛмек кӛрсету;

    8. сабақтан әдейі қашып жүрген, қылмыс жасаған жасӛспірімдердің материалдарын қылмыстық жауапкершілікке тартылу жасына жеткенге дейін сотқа немесе Жасӛспірімдер ісі және олардың құқығын қорғау жӛніндегі комиссияға апаруға дайындау;

    9. ата-аналарының не оларды алмастыратын адамдардың қамқорлығынсыз қалған жасӛспірімдерді қамқоршылық және қорғау органдарына орналастыру үшін материалдар дайындау;

    10. оқушылардың мектептен тыс бос уақытын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар енгізу;

    11. ӛз балаларына тәрбие беру, бағып-қағу және оқыту міндетін орындамайтын, не тиісті деңгейде орындамайтын ата-аналарға, не оларды алмастыратын адамдарға материалдар жинау және Жасӛспірімдер ісі және

олардың құқықтарын қорғау комиссиясына оларды ата-аналық құқығынан айыру немесе шектеу үшін сотқа ұсыныс дайындау үшін жіберу;

    1. Білім беру ұйымдарында кӛшпелі соттың, Жасӛспірімдер ісі және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының мәжілістерін ӛткізуге кӛмек кӛрсету;

    2. жасӛспірімдер қылмысы, нашақорлық пен маскүнемдік, жасӛспірімдер арасындағы бақылаусыздық пен панасыздық мәселелері бойынша семинар- мәжілістер, конференциялар, дӛңгелек үстелдер ұйымдастыру және қатысу.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет