Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтеріліс Жоспар; Көтерілістің себептері, мақсаты және қозғаушы күштері



бет2/2
Дата24.05.2023
өлшемі34,22 Kb.
#96498
1   2
4. Көтерілістің жеңілу себептері
Сол тарихи кезеңде Қазақстанда қалыптасқан қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономиқалық жағдайда бұл ұлт-азаттық қозғалыстың да түпкілікті жеңіске жетуі мүмкін емес еді. Ресей империясының қуатты, тұрақты әскери күші бар екенін былай қойғанда, жеңілудің басқа да себептері болды. Көтеріліске қатысқан үстем тап өкілдері арасында ауызбіршілік болмады. Өзін қолдамаған туыстарымен, қазақтың ауқатты топтарымен, Қоқан хандығымен, ақырында қырғыз ағайындармен күресіп, Кенесары өз күшін әлсіретті. Жікке бөлінген қазақ рулары көтерілісті көбіне өз аймақтарында қолдап, басқа аймақтарға ауысқанда, әсіресе Қоқан және Қырғыз жеріне басып кіргенде, оған қосылмады. Өзін қолдамаған ауылдарды қатаң жазалауы да көтерілісті әлсіретті.
Бұл ұлт-азаттық қозғалыстың маңызы зор, ол Орталық Азия мен Қазақстан халықтарының тарихында өшпес із қалдырды, кейінгілердің азаттық, тәуелсіздік жолындағы күресіне үлгі-өнеге әрі тарихи сабақ болды. Кенесарының күресі, оның өзінің халықтың мақсат-мүддесіне шын берілгендігі, қолбасшылық өнері, ақылды саясаткер ретіндегі сирек кездесетін қасиеті XIX ғасырдың өзінде-ақ халық тарапынан қадірлеушілік туғызды. Патша өкіметі тұсында бұл қозғалыстың мүлде сөз болмауы, ал бола қойса, оны бұрмалап теріс түсіндіру себептері белгілі. Кең өкіметі түсында да бұл қозғалыс кертартпа, хандық-феодалдық мемлекетті көксеушілік деп теріс түсіндірілді. Оны тарихи шындық тұрғысынан дұрыс бағалаған ғалымдар қуғын-сүргінге ұшырады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ғана Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыс өзінің шын бағасына ие болды. Осы қозғалыстың басы-қасында болған Кенесары хан мен оның басқа да қаруластарының есімдері тарихтан лайықты орнын алуда.

Сөзжұмбақ шешу «Кенесары».















К



















е




























н

























е




























с

























а




























р































Ы



















Сұрақтары:
1. Іс –әркеттің, негізінен алғанда қаржының жұмсалу заңдылығын Қадағалайтын шенеунік.
2. 1,09 гектарға тең жер.
3. 1842 ж Жәңгір ханға қарсы бас көтерушілердің бір?
4. 1812-1824 жылдары кіші жүзге хан болған.
5. 1840 ж. сатқындықпен жасалған қастандық салдарынан қаза тапқан сұлтан.
6. Кіші жүз руларының бірі.
7. Алыс жерге жүк тасуға немесе сауда жасауға арналған көлік тізбесі.
8. Белгілі бір ұййымның атқаруы тиіс қызметі туралы оның құқықтары мен міндеттері туралы ережелер жыйнтығы
Жауаптары
1.Фискаль
2.Десятина
3.Мантайұлы
4.Шерғазы
5.Қасым
6.Тама
7.Керуен
8.Жарғы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет