Кеніштің өнімділігі және қызмет ету мерізімі Кеніштің өнімділігін анықтау



бет9/22
Дата06.01.2022
өлшемі373,94 Kb.
#13123
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22
Жалпышақтылық жоғалымға -үйлер мен ғимараттар, су қоймалары мен шақты үстіндегі көлік коммуникациялар астында қалдырылатын сақтық кентіректерінде, күрделі-кен қазбалар маңында, шақты алабы арасында қалдырылатын тосқауыл кен тіректерінде, геологиялық бұзылыстар мен түрлі гидрогеологиялық жағдайларға байланысты жер қойнауында қалдырылатын кен қоры жатады.

Тұтынымдық жоғалым -жекелеген кен алынатын учаскелерді қазымдау кезінде пайда болады. Олар уатылмаған және уатылған кен түрінде екі түрлі жоғалымнан тұрады.

1.Уатылмаған кен жоғалымы-даярлау және тілме қазбалар кен алынатын жердегі кентіректерінде, сондай-ақ қазылатын кен сілемі қыртыстар жиегінде, төнбе, жатпа бүйірлерде қалып кететін кен бөлігі.

2.Уатылған күйінде жоғалымға айналатын кен қорына блоктың жатпа бүйірлерінде қалып кететін, бос жыныстармен қатар қазылғанда даярлық тазартпа кенжарларында жыныспен араласып кетіп, жыныспен үйіндіге төгілетін, толық түсірмеу салдарынан қазым кеңістіктерінде қалып қоятын және құлаған жыныспен араласып кеткен кездерде, кен ұнтағының толтырмамен араласып кетуінен, тиеп-түсіретін жерде және қоймаларда қалып қоятын, сондай-ақ тасымалдау кезінде жолда түсіп қалатын және сорттау барысында жыныста кетіп қалатын уатылған түрінде сырапқа айналатын өнім бөлігі жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет