Кеніштің қызметету мерізімін анықтау Әрбір кен орындары кен қорының саны, сапасы және пайдалы бөлік мөлшерімін сипатталады.Кен қоры деп жер қойнауында белгілі бір орын алып жатқан кенді айтады.Кен қоры шаруашылық мәніне қарай геологиялық, есептік(баланстық), есептелмес(баланстан тыс), өнеркәсіптік,жоғалымдық және түсім қоры болып бөлінеді.
Геологиялық қор деп кен орнының немесе шахта алабында жатқан кеннің жалпы мөлшері айтады.
Кенорнының геологиялық қорын келесі теңдеу арқылы анықтаймыз:
Гқ= Lсоз ⋅Lқұл⋅ m , т
Экономикалық маңызына қарай анықтаған геологиялық қор өз алдына санаққа алынатын есептік және есептелмес қор болып екіге жіктеледі.Есептік қор деп белгілі техникалық және қазу технология деңгейінде, сондай ақ жетілдірілген тәсілдерді қолданғанда шаруашылық мұқтажын толық қанағаттандыратын әрі экономикалық тұрғыдан тиімді болатын кен қорын айтады.Бұған керісінше, тұтас кенішті немесе оның бөлігін қазу өте күрделі болып әрі оның құрамындағы пайдалы бөліктерді алудың күрделілігіне байланысты жұмсалған қаражат ақталмайтындай геологиялық қордың түрін есептелмес қор деп атайды.Кен қазу технолгиясы жетіліп, кейде олар кеннің есептік қор тобына қосылып отырады.
Кенорнының баланстық қоры келесі теңдеу арқылы анықтаймыз:
Бқ= Гқ(1 - ), т
Кен өндірісінде есептік қорды түгел қазып алу мүмкін емес.Кеннің біраз бөлігі арнайы кентіректер ретінде қалдырылады.Осындай жағдайлардың салдарынан есептік қордың біразы жер астында алынбай қалып қояды.Мұны жоғалым қоры дейді.
Өнеркәсіптік қордың қазып алынатын, бос жыныстармен құнарсызданған бөлігін түсім қоры деп атайды.
Әр кен орынына тән пайдалы бөлітің көлемі өнеркәсіптік минимум немесе кондиция деп аталады.
Кондиция – пайдалы қазылымға қойылатын өнеркәсіптік талаптар.Оларыдың негізінде кенорынды немесе оның бөліктерін игерудің экономикалық ұтымдылығы анықталады.Басқаша айтқанда, кондиция дегеніміз одан төменгі көрсеткіштерде пайдалы қазбаны өндіру тиімсіз саналатын шекаралық параметрлер.