63
Фраунгофер 1814 жылы қайтадан ашып, сипаттап берді. XIX ғасырдың
60 жылдары Кирхгоф осы жолақтардың дұрыс түсіндірмесін берді,
яғни сіңірілетін осы жолақтардың күн атмосферасында əртүрлі газда-
ры бар жəне əрбір газбен белгілі бір жолақ байланысқан.
1953 жылы Андрес Йонас Ангсрем газдардың əртүрлі химиялық
элементтермен сəулелендіріп, жолақтарды салыстырған кезде бағыт-
талған ғылыми спектроскопия басталды. Сөйтіп, спектрлік талдау –
заттардың құрамы бойынша мəліметті алу үшін жаңа əдіс пайда бола-
ды.
Оптикалық спектроскопия бүтіндей физиканың дамуына əсер
етті. Кванттық механика спектроскопиялық зерттеулердің маңызды
дəрежесі арқасында құрылды жəне бекітілді. Кванттық электроди-
намика радиоспектроскопия (радиодиапазондағы спектроскопия)
негізінде құрылды. Бұл жағдай Лэмбовский қозғалысы тіркелгеннен
кейін сынақ түрінде белгіленді деп есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: