Кенжебаева Сəуле Сағындыққызы биотехнологиядағЫ Қазіргі əдістер


 Жоғары тиімді сұйықтықты



Pdf көрінісі
бет33/78
Дата27.12.2022
өлшемі5,04 Mb.
#59924
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   78
2.6. Жоғары тиімді сұйықтықты 
хроматография (ЖТСХ)
Жоғары тиімді сұйықтықты хроматография (ЖТСХ) күрделі 
құрамды органикалық үлгілерді бөлудің тиімді əдістерінің бірі болып 
табылады. ЖТСХ əдісі мынадай салаларда: химия, мұнай химиясы
биология, биотехнология, медицина, тағам өндірісі, өнімнің сапасы 
мен сертификациясын бақылау үшін қоршаған ортаны қорғау, дəрілік 
дəрі-дəрмектерді өндіру жəне т.б. кең қолданыс табады. Бұл əдіс тал-
дамалы химияда, сонымен қатар химиялық технологияда да кең түрде 
қолданылады. Хроматографиялық бөлудің негізі бөлінетін қоспа 
бөлшектерінің фазалар бөлімдерінің аймағында Ван-дер-Вальстік 
əрекеттесулердің күрделі жүйесіне қатысуы болып есептеледі. 
Талданатын немесе бөлінетін заттар бөлу механизмі бойынша 
ЖТСХ адсорбциялық, таратушы, ионалмасушы, эксклюзивті, лиган-
далмасушы жəне тағы басқа болып бөлінеді.
ЖТСХ-ның негізгі бір ерекшелігі – жоғары қысымды қолдану. 
Элюентті өткіздіру үшін 3,107 Па-ға дейін қысым қолданылады (оны 
басқаша жоғары қысымды хроматография деп атайды, 400 бар-ға 
дейін.
ЖТСХ-да кішкентай мөлшерлі бөлшекпен (3-10 мкм, қазір 1,8 
мкм-ге дейін), ұсақ дəнді сорбентпен тығыздалып қапталған 5 мм-ге 
дейінгі диаметрі бар бағаналар қолданылады. Бұл заттардың күрделі 
қоспаларын жылдам жəне толық бөлуге мүмкіндік береді (талдаудың 
орташа уақыты 3-тен 30 минутқа дейін). ЖТСХ-ның нұсқалары – бұл 
кіші диаметрлі бағаналарға толтырылған микробағаналы хроматогра-
фия жəне қуыстарға сорбенттер толтырылған тамшылы бағаналарды 
тамшылы хроматография (капиллярлы хроматография) деп аталатын 
арқасында пайдаланады.
Талдау тəсілі ретінде ЖТСХ-зерттелетін үлгінің күрделілігіне қарай 
негізгі күрделі қоспаны қарапайым қоспаға бөлетін əдістер тобының 
қатарына кіреді. Алынған қарапайым қоспалар талданады, содан кейін 
қарапайым физикалық-химиялық əдістермен немесе хроматография 
үшін жасалған арнайы əдістермен ары қарай талданады.
2.5-суретте белоктарды тазалау үшін жоғары тиімді сұйықтықты 
ионалмасушы хроматографияның (ЖТСХ) типтік орнатылуы көр-
сетілген.


88
2.5-сурет. Белоктарды тазалау үшін жоғары тиімді сұйықтықты 
ионалмасушы хроматографиясының (ЖТСХ) типтік орнатылуы. 
Үлгіні жүктемеден кейін (екпе ине көмегімен) үлгіні элюциялау үшін 
сорғыш арқасында тұздың градиентін құрайды (Б. Нолтинг, 2005)
Айта кететін жайт – бұл тəжірибелік жұмыста бөлу бір-бірден емес, 
бір уақытта бірнеше механизммен жүргізіледі. Сонымен, эксклюзиялық 
бөліну адсорбциялық тиімділік пен адсорбциялық-таратушы жəне 
керісінше күрделенген болуы мүмкін. Сонымен қатар үлгіде иони-
зация, молекулалық массасы бойынша, негіздік жəне қышқылдық 
деңгейі бойынша, поляризациялануы немесе басқа параметрлері бо-
йынша заттардың айырмашылығының неғұрлым көп болуы бұл заттар 
үшін бөлінудің басқа механизмдерінің шығуына соғұрлым мүмкіндік 
туғызады.
Іс жүзінде кең таралған хроматография бұл «айналмалы фазалық» 
хроматография (таратушы) болып табылады, мұнда қозғалыссыз фаза 
полярлы емес, ал қозғалмалы полярлы (яғни, керісінше, «тура фа-
залы» хроматография). Сұйықтықты хроматографияның принципі 
қоспа бөлшектерін бөлу болып табылады жəне бұл, негізінен, олардың 
екі араласпайтын фаза арасында тепе-тең тарату айырмашылығына 
негізделген. Бұл фазалардың біреуі – қозғалыссыз, ал екіншісі – 
қозғалмалы.


89
Үлгіні талдау үдерісі екі кезеңге бөлінеді:
1. Үлгілерді құрастырушы бөлшектерге бөлу.
2. Əрбір бөлшектің құрамын детектрлеу жəне өлшеу.
Бөлу хроматографиялық бағаналар көмегімен орындалады, яғни бұл 
бағаналар сорбентпен толтырылған түтікшелер арқылы ұсынылады. 
Хроматографиялық бағана арқылы талдауды жүргізу кезінде белгілі 
құрамды сұйықтықты тұрақты жылдамдықпен береді. Осы ағымға 
үлгінің нақты, тура өлшенген мөлшерін енгізеді.
Хроматографиялық бағанаға енгізілген үлгілердің құрамдас 
бөлiктері олардың сорбенттерге əркелкі туыстықтарының арқасында 
бағаналар онда əртүрлі жылдамдықпен жылжиды жəне əртүрлі уақыт 
кезеңінде детекторға жетеді.
Сөйтіп, хроматографиялық бағана бөлшектерінің бөлінуінің 
селективтілігіне жəне тиімділігіне жауап береді. Бағаналардың əртүрлі 
тұрпатын таңдай отырып, талданатын заттардың бөліну деңгейін 
басқаруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет