Кенжебаева таттыгуль бекбалтиновна


 Болашақ мҧғалімнің зияткерлік әлеуетін дамытудың моделі



Pdf көрінісі
бет20/56
Дата10.04.2023
өлшемі1,84 Mb.
#80907
түріДиссертация
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   56
1.3 Болашақ мҧғалімнің зияткерлік әлеуетін дамытудың моделі 
Модельдеу адамның кәсіби қызметінің әр түрлі салаларында кеңінен 
қолданылады. Педагогикада модельдеу теориялық зерттеудің әдісі ретінде де, 
дәстүрлі проблемаларды дәстүрлі емес тәсілмен (педагогикалық новация) 
шешуге шоғырланған сана-сезім, қиял және логика жұмысының ерекше тәсілі 
ретінде және студенттермен, біліктілігін арттыру курсының тыңдаушыларымен, 
мектеп оқушыларымен және т.б. сабақ ӛткізу үшін оқу құралы ретінде 
пайдаланылады. 
Модель – физикалық конструкциялардың, таңбалы формалар мен 
формулалардың зерттелетін нысанға (немесе құбылысқа) ұқсас схема түріндегі 
жасанды нысаны. Осы нысанның элементтері арасындағы ӛзара байланысы мен 
қатынасын, қасиетін біршама қарапайым және күрделі түрдегі құрылымын 
бейнелеп кӛрсетеді және жаңғыртады.
Модельдеудің бірнеше кезеңдері бар: 
1. Модельдің құрылу мәселесіне ену. Талданатын нысанның қызметі, оның 
білім жүйесіндегі орны мен рӛлі анықталады.


64 
2. Максималды атқарымдық толықтыққа ие болатын зерттелетін нысан 
құрылымының толассыз компоненттерінің жүйесі жасалады. Критерийлер 
тұжырымдалады, құрылымдық компоненттер мәліметтерінің толықтығын 
тексеру бойынша бақыланатын шаралар ӛткізіледі.
3. Алдында белгіленген атқарымдық толықтыққа ие болатын толассыз 
компоненттерден базалық жасаушылардың ұйғарынды жиынтығы анықталады. 
Жүйе компоненттерінің логикалық, семантикалық, технологиялық және т.б. әр 
түрлі ӛзара байланыстары орнатылады [202].
Модельдеудің тиімділігі ықшамдауларды модельдеу кезінде мүмкін 
болатын шекарасын кӛрсететін алдыңғы теориялар мен болжамдарға 
байланысты болады. Бұл аспектіге модельдеу аппараттарын қолданатын барлық 
зерттеушілер айрықша мән береді. Осыған орай маңызды әдіснамалық ереже 
бар. 
«Модель» сӛзі француз тілінен «үлгі» деген мағынаны білдіреді [145].
Педагогикадағы 
модельдеу 

педагогикалық 
материалдардың, 
құбылыстардың, үрдістердің модельдерін, кӛшірмесін құрастыру. Зерттелетін 
педагогикалық жүйелерді схемалық бейнелеу үшін қолданылады. 
Педагогикалық модельдеуде сонымен қатар ғылыми мәтіндерде жиі 
қолданылатын «термин-серіктесі» бар, ол – жобалау. Кейбір басылымдарда бұл 
терминдер салыстырмалы ретінде пайдаланылады да, бір-бірін алмастырады
яғни қажет жағдайда синонимдер болып табылады. 
Ғылыми модель – бұл ойша елестететілген немесе материалды түрде 
жүзеге асқан жүйе. Ол зерттеу пәнін тәнік бейнелеп кӛрсете алады және оның 
орнын басуға қабілеттілігі соншалық, модельді зерттеу бұл нысан туралы жаңа 
ақпарат алуға мүмкіндік береді. Модельдеу – бұл модельдерді жасау және 
зерттеу әдісі. Модельдеудің басты артықшылығы – ақпараттың толық 
ұсынылуы. Модельдеу синтетикалық тәсілге негізделеді: тұтас жүйелерді 
бӛлшектейді және олардың жұмыс істеуін зерттейді [67].
Қазіргі педагогикалық модельдердің басым кӛпшілігі дидактикалық 
құбылыстарға жатады. Тәрбиелік процестер модельдерде жеткіліксіз зерттеледі. 
Оның себебі тәрбиенің адам айтқысыз қиын болуында, оның нәтижелеріне әсер 
ететін жүздеген факторларда болатындығынан. 
Дидактикада модельдеу тӛмендегі маңызды міндеттерді шешу үшін 
ойдағыдай қолданылады [203]: 
• оқу материалының құрылымын оңтайландыру; 
• оқу процесін жоспарлауды жақсарту;
• танымдық әрекетті басқару;
• оқу-тәрбие процесін басқару;
• диагностика, болжам жасау, оқытуды жобалау. 
Педагогика ғылымында модельдеу әдісі В.Г. Афанасьева, Б.А. Глинский, 
И.Б. Новик, В.А. Штофф, т.б. [204,205,206,207] еңбектерінде дәлелденген.
М. Вaртофскийдің пікірінше, модель келешек іс-әрекетке бағдaрланған 
прототип. Модель мақсaтты іске aсыру және олaрды іске aсыратын құрaл-
жaбдықтар болып тaбылaды [208]. 


65 
В.А. Штофф бойынша, модельдеу «модельдердің иерархиясын жасау 
үрдісі, онда шынайы кейбір жүйе әртүрлі аспектілерде және әртүрлі 
құралдармен үлгіленеді». Модель модельдеу әдісінің негізгі ұғымы болып 
табылады [207]. 
Кез келген педагогикалық зерттеуде модельдің практикалық құндылығы 
нысанның зерттеу жақтарына негізінен оның адекваттығымен анықталады
сонымен қатар кӛп жағдайда модельдің типі мен мүмкіндігін және 
педагогикалық зерттеуде оның адекваттылығын анықтайтын модельдеудің 
негізгі принциптері - кӛрнекілік, нақтылық, әділдік модельді құру кезеңдерінде 
қаншалықты дұрыс есепке алынғанымен анықталады. 
Ғылыми-педагогикалық қызмет моделінің, яғни парадигманың, мынадай 
әдіснамалық сипаттамалары бар: проблема, тақырыптың ӛзектілігі, зерттеу 
нысаны және пәні, оның мақсаттары мен міндеттері, болжамдар және қорғауға 
шығарылатын ережелер, ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығы 
ӛзгеріссіз қалады. Алайда практикалық білім беру қызметінің моделі ӛзгереді 
және тіпті әлеуметтік-мәдени жағдайлардың соңынан ӛзгеруге мәжбүр болады. 
Сондықтан педагогикалық тәжірибедегі ӛзгерістер байланысы, бір жағынан 
педагогика ғылымында да, екінші жағынан тура болып табылмайды. В.В. 
Краевский педагогика ғылымы парадигмасының ӛзгеруі мүмкін екі бағытын 
анықтап кӛрсетеді [209]. Біріншісі: педагогикалық білім беруде пәнаралық 
зерттеулер рӛлінің ӛсуі және педагогика ғылымының интеграциялық 
қызметінің артуы. Екіншісі: педагогика ғылымының теориялық деңгейін 
арттыру және білім беруді арнайы зерттейтін жалғыз ғылым ретінде оның 
мәртебесін анықтау. Басқа ғылыми пәндерден алған білімді қолдануға 
байланысты педагогиканың интеграциялық қызметін жүзеге асыру білім 
берудегі модельдеудің әдіснамалық шарттарының бірі болып табылады. 
Ғылыми іс-әрекеттің моделі сияқты күрделі мәселе жӛніндегі кез келген 
пікірлер терең талдауларға негізделуі керек. 
Сонымен, модельдеу теориялық зерттеудің әдісі, дәстүрлі проблемаларды 
дәстүрлі емес тәсілмен шешуге шоғырланған жұмыстың ерекше тәсілі. Кез 
келген салада кеңінен колданылады. Педагогикада оқу материалының 
құрылымын оңтайландыру, оқу процесін жоспарлауды жақсарту, танымдық 
әрекетті басқару, оқу-тәрбие процесін басқару, диагностика, болжам жасау, 
оқытуды жобалау сияқты міндеттерді шешуде қолданылады. 
Біз зияткерлік әлеуетті дамыту бойынша негізгі ғылыми кӛзқарастарды 
тұжырымдап, 
сипаттап, 
зияткерлік 
әлеует 
ұғымын 
философиялық, 
педагогикалық-психологиялық тұрғыдан, болашақ мұғалімдердің зияткерлік 
әлеуетін дамыту мәселесін талдай отыра, зияткерлік әлеуетті дамытудың 
құрылымдық-мазмұндық моделін ұсынамыз (кесте 4)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет