Кенжебаева таттыгуль бекбалтиновна



Pdf көрінісі
бет28/56
Дата10.04.2023
өлшемі1,84 Mb.
#80907
түріДиссертация
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   56
Байланысты:
Diss Kenzhebayeva

Студенттердің жалпы және арнайы дайындық дәрежесінің қажетті 
немесе жеткілікті деңгейі. 
Зияткерлік қабілеттерді дамыту мына жағдайларда толық мүмкін болады: 
егер білімалушы қажетті білім мен практикалық іскерлік тәжірибелерін толық 
бойына жинаған болса.
B.Milner пікірінше, білім – бұл жаңа идея тудыратын 
материал [316]. Сондықтан, қызықтыратын іс-әрекеттің саласы бойынша 
қажетті білімнің болуы (жалпы және арнайы дайындық дәрежесінің қажетті 
немесе жеткілікті деңгейі). Сондай-ақ қажетті білім – бұл кәсіби 
тапсырмаларды сәтті орындау үшін жұмсалатын мазмұнды қор, яғни база 
болашақ мұғалімнің зияткерлік әлеуетін дамытудың маңызды шарттарының 
бірі болып табылады. 
Болашақ мұғалімнің зияткерлік әлеуетін дамыту үшін белгілеген 
когнитивтік база, ішкі қор кәсіби білім беру үрдісінде қалыптасады. Осыған 
орай ғалымдардың зерттеуі бойынша оқытудың бастапқы сатысында 
студенттердің белсенділігі жаңа оқу ұжымына бейімделуге, күрделенген білім 
беру талаптарына бағытталады. Тек жоғары курстарда ғана студенттердің 
кәсібилікке бағытталған белсенділігін қалыптастыру жұмыстары жүргізіледі. 
Себебі, бұл кезеңде студенттер кәсіби маңызды білім қорын жинақтайды, соған 
орай саналы түрде мақсатты түрде кәсіби тапсырмаларды шешуге қабілетті 
болады. Ӛздерін болашақ кәсіп иесі ретінде іскерлігін, дағдысы, білімін 
жоспарлауға, жұмсауға жоба жасауға бейімді болады [286]. Жоғары 
курстардағы мамандық пен кәсіптің қыр-сырын оқытатын арнайы пәндердің 
кәсіби бағыты тұлғаның кәсіби белсенділігін арттыруды мақсат етеді.
Болашақ 
мұғалімнің 
зияткерлік әлеуеті 
кәсіби 
педагогикалық 
тапсырмаларды ӛз бетінше шешу үрдісінде дамиды. Педагог мамандығына тән 
күрделі педагогтық құрылымдарды, жұмыстарды, шараларды үйлесімді 
құрастыруда оқушыларының жас ерекшеліктерін ескеріуі тиіс. Мұнда, олардың 
практикалық қажеттіліктері, теориялық-әдістемелік білім деңгейі есепке 
алынады. Мұғалімнің зияткерлік әлеуеті бір деңгейде қалмауы тиіс, ол 
әлеуметтік, қоғамдық ӛзгеріске сай дамып, толығып отыруы тиіс. Сонда 
зияткерлік әлеуеті жоғары педагог тұлғасы үшін ӛмірлік болмысында, еңбек 
жолында үздіксіз даму динамикасы әлемдік немесе отандық зияткерлік әлеует 
стандарттарынан қалыс қалмауы қажет. Себебі педагог мамандығының 
жұмысы күрделі зияткерлік міндеттерге толы, оларды шешу үшін жоғары 
дәрежелі жалпы және кәсіби дайындық қажет. Ол үшін әлеуметтік-
гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарынан (педагогика, психология
математика 
т.б.), 
әлеуметтік-психологиялық, 
әдістемелік 
(тәсілдік, 
диагностикалық, технологиялық) ғылымдарынан алған білімдері мен іскерлігі 
жиналып, қажетті жерінде кешенді үйлесімді қолданылуы тиіс. 


98 
Осылайша, біз болашақ мұғалімнің зияткерлік әлеуетін дамытудың 
маңызды педагогикалық-психологиялық шарттар қатарына мыналарды 
жатқызамыз: болашақ мұғалімнің зияткерлік әлеуетін дамытуда оқыту үрдісінің 
акмеологиялық бағыттылығы және оқытушылардың кәсібилілігі; болашақ 
мұғалімдерді дайындау үрдісінде андрагогикалық қағидаларға сүйену; ЖОО-
нда зияткерлік әлеуетті дамытуға ықпал етуші кәсіби-зияткерлік орта; 
студенттердің жалпы және арнайы дайындығының қажетті және жеткілікті 
деңгейінің болуы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет