Кенжебаева таттыгуль бекбалтиновна



Pdf көрінісі
бет49/56
Дата10.04.2023
өлшемі1,84 Mb.
#80907
түріДиссертация
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   56
«Модельдеу» шкаласы (М) сыртқы және ішкі ең маңызды талап-
шарттар туралы түсініктерін индивидуалды түрде дамытуға, және оны саналы 
түрде сезіне алу деңгейін нақтылауға, жоспарын детальдауға, оны ақиқатқа 


160 
пара-пар ете білуге мүмкіндік береді. Осы шкала бойынша Жоғары кӛрсеткішке 
ие болғандар мақсатқа жетудің маңызды шарттарын ағымдық жағдаяттарда да, 
алдағы болашақ ӛмірінде де айқындап тани білу қабілетімен ерекшеленеді. Бұл
қабілет алға қойған мақсатының нәтижелеріне, қызметті жоспарлаудағы әрекет 
программаларына сәйкес болуы тиіс. Осы шкала бойынша тӛменгі 
кӛрсеткішке ие болғандардың модельдеу үдерісін әлсіз қалыптастырған ісі 
сыртқы маңызды талаптар мен ішкі мүмкіндіктердің орындалуына лайықсыз 
баға кӛрсеткішіне әкеліп соқтырады. Бұндай жағдайда қиялдау басым болады, 
ол ӛз қызметінің орындалу әрекеттеріндегі жағдаяттарды дұрыс дамытуға 
кедергі болып, дұрыс жолдан тайқиды. Бұндай жағдайға тап болғандар 
мақсатын нақтылауда, әрбір әрекетін жоспарлауда кӛп қиындықтарға кездеседі, 
соның салдарынан сәтсіздікке ұшырап отырады. Олар жағдаяттың ӛзгергенін 
үнемі байқай бермейді, сондықтанда істері жиі сәтсіз аяқталады. 
«Бағдарламалау» шкаласы (Б) адамның ӛз әрекеттерін саналы түрде 
жоспарлау қажеттілігін сезінуін индивидуалды дамытуға диагностика жасайды. 
Бұл шкаланың жоғары кӛрсеткіші адамның ӛз қызметі мен оны орындау 
әрекеттерін ойдан ойластырып, болжамды мақсаттарына жету жолын бағдарлай 
алатын қабілеттерін шынықтырады. Сондай-ақ ойдан әзірленген бағдарламасын 
жіті-жіті бӛлшектеп нақтылау алатын қабілеттерін тануға мүмкіндік береді. 
Бағдарламалар ӛз бетінше әзірленеді, олар жаңа жағдайларда соған сәйкес 
икемделе ӛзгереді және кедергі жағдаяттарында мақсатынан ауытқымайды. 
мақсаты мен оған қол жеткізген нәтиже арасында сәйкессіздік болған жағдайда 
бұл бағдарламаға адамның күткен нәтижесіне толық сәйкес болғанша түзету 
жасауға болады. Бағдарламалау шкаласының тӛменгі кӛрсеткіші адамның ӛз 
қызметі мен әрекеттерінің орындалу ретін жоспарлауға қабілетсіз әрі ынтасыз 
екенін байқатады. Мұндай адамдар ырықсыз, албырт жұмыс жасағанды 
ұнатады, олар ӛз бетінше әрекетті жоспарлау алмайды, мақсаты мен оның 
нәтижелерінің кӛрсеткіші сәйкес келмейтін жағдайларға жиі ұшырасады
осыған қарамастан, әрекетті бағдарлау жоспарына ӛзгерістер енгізудің орнына, 
керісінше, қателер мен түрлі сынақтардың жолымен жүргенін білмей қалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет