161
сапасы да соншалықты тӛмендей береді.
Бұл кедергілер сыртқы
қиындықтардың пайда болуына әкеліп соқтырады.
«
Икемділік» шкаласы (И) адам бойындағы реттеуіш икемділіктің
қалыптасу деңгейіне диагностика жасайды, яғни
сыртқы және ішкі шарттарға
тән ӛзгеріс кезіндегі ӛзін басқару жүйесіне ӛзгертулер енгізе алу, сол
ӛзгерістерге бейімді икемделу қабілеттері тексеріледі. Икемділік шкаласы
бойынша жоғары кӛрсеткіштерке ие болғандар барлық реттеуші үдерістерде
лайықты икемделе алғандығын кӛрсетеді. Тосыннан пайда болған күтпеген
жағдайларда олар атқарушы әрекеттері мен
қызметтерінің жоспары мен
бағдарламаларын осы жағдаятқа икемдеп лайықты бейімдей алады, маңызды
шарттардың ӛзгерісіне жылдам баға бере алады және сол ӛзгерістердің
ыңғайында іс-әрекет бағдарламаларын бейімді ӛзгерте алуға қабілетті болады.
Қабылданған мақсат пен одан алынған
нәтиже арасында келіспейтін
сәйкессіздік туындаған жағдайда ӛз уақытында сол келіспеушіліктің дәйектерін
анықтап бағалай алады және әрі қарай дұрыс бағытқа салу үшін лайықты
түзетулер енгізе алады. Регуляториктің икемділігі жағдаяттың ӛзгеруіне тез
байқауға және тәуекел кезінде алға қойған міндетті сәтті орындауға мүмкіндік
береді. Ал икемділік шкаласы бойынша тӛменгі кӛрсеткіштің иелері қарқынды
қозғалыстағы, тез ӛзгеретін жағдайда ӛздеріне деген сенімсіздігі тӛмен болады.
ӛмірдің ӛзгермелі ӛткелдеріне, ӛмір салтының ӛзгерісіне қиындықпен
бейімделеді. Олар осындай жағдаяттарға лайықты әрекет етуге, яғни ӛзгеріске
орай қызметті ӛз уақытында жылдам әрі дұрыс жоспарлап, әрекеттің бағдарын
әзірлеуге, ең маңызды шарттарды анықтауға, кӛзделген мақсат пен одан алыған
нәтиже арасындағы
сәйкессіздікті дұрыс бағалауға, және сол ӛзгерістерге
лайықты түзетулер енгізуге қабілетсіз болып танылады. Нәтижесінде бұндай
адамдар регуляторлық адасуға тап болады, соның салдарынан кӛзделген
әрекеттерді орындауда үлкен сәтсіздікке ұшырайды.
«
Дербестік»
Достарыңызбен бөлісу: