Кенжебаева таттыгуль бекбалтиновна


Кесте 2 – «Зият» (интеллект) ҧғымының теориялық кӛзқарастардың



Pdf көрінісі
бет14/56
Дата10.04.2023
өлшемі1,84 Mb.
#80907
түріДиссертация
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   56
Байланысты:
Diss Kenzhebayeva

Кесте 2 – «Зият» (интеллект) ҧғымының теориялық кӛзқарастардың 
негізіндегі салыстырмалы талдауы 
 
Тҧғырдың атауы, бағыт 
ӛкілдері 
Зият (интеллект) тҥсінігі 
Философиялық 
энциклопедиялық сӛздікте 
Интеллект» 
ұғымы 
латын 
тілінен 
(«intellectus» 
таным, 
ұғыну), 
ойлау 
қабілеті, рационалды таным деген мағына 
береді, кӛне грек ұғымындағы нус 
(«ақыл») сӛзінен туындаған.
Б.Г. Ананьев 
интеллект тұлғаның психофизиологиялық 
үрдістерін, қалпын және қасиеттерін 
қамтитын танымдық күштердің 
кӛпдеңгейлі ұйымы ретінде қарастырады 

Гештальтпсихология 
тұрғысынан 
интеллект қабылдау мүмкіндіктері мен 
оның сипаттамасы ретінде танылады. 
Бихевиоризм бағытында 
бейімделгіштік қабілет ретінде түсініледі 
Вюрцбургдық мектеп ӛкілдері 
интеллектіні ойлаудың абстрактілі 
формасына теңеді 
Векслер 
зият абстрактты құрылым болып табылады 
Ж.Пиаже 
зияткерлік ӛзара үйлестірілген және 
қозғалмалы біртұтас құндылықтарды
тудыратын операциялардың жиынтығы, 
субъект мен объекті арасындағы ӛзара 
әрекеттестіктің ерекше формасы. 
Психометриялық тұғыр
зиятты нақты таным қызметтерінің 
қалыптасуында, сонымен қатар білім мен 
дағдыларды меңгеру дәрежесінің 
кӛрсеткіштерінде кӛрінетін деңгей ретінде 
таниды 
Мальцев A.A.
зият деп мидың бейнелеуші қызметінің 
бүтіндігін мен үйлесімділігін, адамның 
барлық ақыл-ой қабілеттерінің жиынтығын 
атайды. 
 


30 
Зият деп мидың бейнелеуші қызметінің бүтіндігі мен үйлесімділігін, 
адамның барлық ақыл-ой қабілеттерінің жиынтығын атайды. Бұған қоса зердені 
түсіндіру зияткерліктің жоғарғы деңгейі деген мағынаны сақтайды. Демек адам 
құрылымдық жүйеленген құндылық ретінде қабылданады, яғни иерархиялық 
тәртіп бойынша негізгі компоненттер қатарына әртүрлі ұйымдасу деңгейіндегі 
базалық ойлау қабілеттері жатады [137]. Осыған орай ойлау интеллектімен тең 
дәрежеде емес деп тану қабылданған. Бұл ұғымдардың әрқайсысында ақыл-ой 
әрекетінің түрлі күйі белгіленген.
Зият деп тұлғаның жеке даму үдерісінде қалыптасатын және ӛнімді 
ойлаудан құрылатын ақыл-ой іс-әрекетінің нәтижесі, интегралды ӛнім; ойлау 
операцияларын қолдана алу қабілеттілігі; ақпаратты адекватты түрде қабылдау, 
түсіну, қайта жаңғырту және қолдана алуды сипаттайды [138]. 
Бүгінгі күні зияткерлік қабілеттерді зияттың сыртқы кӛрінісі ретінде 
авторлар әртүрлі топтастырады. Оның бұл мәселеге бір тұғыры – дивергентті 
және конвергентті ойлауға жіктеу болып табылады. Екінші кӛзқарас бойынша, 
оқи алушылықты да зияткерлік қабілет ретінде қосымша белгілейді. 
Зиятты 
ойлауды 
интегралды 
және 
жоғары 
деңгейде 
дифференциациялайтын қабілет ретінде қарастыру қажет. Бұлайша ұғымда 
адамның ақыл-ой мүмкіндіктерінің негізгі кеңістігі бейнеленген. Себебі 
адамның ақыл-ой мүмкіндіктері арқылы ақпаратты талдау және бағалау, жаңа 
логикалық әрекет формаларын тудыру жүзеге асырылады. Ақыл-ой белсендігі 
ретінде танылатын ойлау, керісінше, интеллект тұтынушылары арқылы жүзеге 
асырылатын нақты әрекет деп түсініледі. Демек, ойлау қабілеті мен ойлау 
үрдістері арасындағы шекара айырмашылығы құрылымдық-функционалды 
сипатқа ие және әртүрлі жағдаяттық ӛзгерістермен, психикалық факторлармен 
белгіленеді. Зияткерлік (ақыл-ой қабілеті) секілді ойлау (ақыл-ой белсенділігі) 
қабілеті де бір бірінен жеке алшақ тұрған формалар емес. Олардың арасында 
үнемі ӛзара байланыс, ӛзара ауысу болып тұрады. Ойлау зияткерлік 
мүмкіндіктерін алмастырмайды, оның жүзеге асырылуының басқаша 
формасын заттық әрекет ретінде кӛрініс береді. Зияткерлікте қоршаған ортаға 
қатысты қатынастардың негізгі типтері құрастырылған және бұл қатынастар 
зияткерлікті ұйымдастыруда күрделі сипатта болады. Себебі олар әртүрлі 
зияткерлік деңгейде жүзеге асады 

139


Адам интеллектісі ойлауда ғана жүзеге асырылмайды. Біріншіден, 
күрделі зияткерлік операциялар санадан тыс түбегейлі түйсінбей-ақ жүзеге 
асырылады береді. Бұл мағынада интеллект типтік тұрғыдан санадан кең, 
себебі ол ӛз бойына санадан тыс ортада орындалатын ақыл-ой қызметтерінің 
барлық формаларын сіңіреді, оны іске қосады. Екіншіден, сана интеллектіге 
қарағанда бай, себебі оның бойында ақиқатты тануда жұмсалатын қабылдау, 
эмоция, ерік, тағы да басқа рационалды ойлаудан тыс элементтер (кӛркем, 
діни, т.б.) бар. Интеллект адам миының біртұтас қызметі болып табылады, 
бірақ оның жүзеге асырылу деңгейлері мен типтері бірдей дәрежеде 
қалыптаспауы мүмкін. Дамыған интеллект – бұл ӛзінде үйлесімді 


31 
ұйымдастырылған деңгейлер иерархиясын ықпалдастыратын құрылым, 
біртұтас бүтіндік ретінде ұйысатын полифониялық әрекет 

140


Н.А. Менчинскаяның зияткерлік даму мәселесінің зерттеулерінде 
зияткерлік даму құбылыстарының екі категориямен байланыстылығы 
сипатталады [141]. Біріншісі, жиналған білім қорының болуы, кезінде
«Білімсіз адам талқылай алмайды: тәжірибе мен білім кӛп болған сайын, адам 
талдауға қабілеттірек болады» деп П.П. Блонский да айтқан еді [142]. 
Сонымен, білім-ойлаудың, зияткерлік әлеуеттің қажетті шарты деген тұжырым 
жасауға болады.
Екіншіден, зияткерлік дамуға қажетті, білім жинақтауға ықпал ететін 
операциялар, зияткерлік әлеуетке, іскерлікке жататын тексерілген және берік 
бекіген тәсілдерді меңгеру қажет. 
Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, зияткерлік дамудың мазмұндық 
критерийлері (белгілері, кӛрсеткіштері) жайлы мәселе туындайды. Жалпы 
критерийлердің тізімін Н.Д. Левитов ұсынған болатын. Оның пікірінше, 
зияткерлік әлеуеттің дамуы келесі кӛрсеткіштермен сипатталады: ойлаудың 
дербестігі, оқу материалын жылдам және анық меңгеру, стандартты емес 
міндеттерді шешу (яғни дивергенттік ойлау таныту), оның барысында 
зияткерлік 
бағыттылығы 
(тапқырлық) 
және 
жылдамдығы, 
зерттеу 
құбылыстарының мәнін терең ұғыну (шынайы түсінікті ажырата алуы, яғни 
қиылыстыруға қабілеттілігі), сыни ойлау (рефлексия), негізсіз пікірлерден 
аулақ болу [143].
Жоғарыда талдауларды, ғалымдардың кӛзқарастарын ескере келе, біз 
зияткерлік 
әлеуеттің кӛрсеткіштерін 
толықтырғымыз келді. Біздің 
зерттеуіміздің жоспарында оқу іс-әрекетінде болашақ мұғалімнің зияткерлік 
әлеуетінің кӛрінісін анықтайтын оның құрамдастары ретінде тапқырлық, 
қиылыстыруға қабілеттілігі, дивергенттік ойлау, ассоциация еркіндігі сияқты 
кӛрсеткіштер алынады. 
Зерттеулерді талдай келе, интеллект интегралды және жоғары деңгейде 
дифференциациялайтын қабілет ретінде, біртұтас құндылықтарды тудыратын 
операциялардың жиынтығы, субъект мен объекті арасындағы ӛзара 
әрекеттестіктің 
ерекше 
формасы 
және 
адамның 
ойлау-танымдық 
қабілеттерінің жаңа, саналы сапасы екендігін айқындадық. 
Зият (интеллект) зияткерлік әлеуеттің орталық буыны ретінде адамның 
заттық және тұлғалық сипаттағы әрқашан жаңа мәселелер мен міндеттерді алға 
қою, іздеу, оның шешімдерін табу қабілеті және сапасы болып табылады.
Зерттеуіміздің тірек ұғымы «зияткерлік әлеует» түсінігінің анықтамасын 
нақтылау үшін, «әлеует» ұғымына салыстырмалы талдау жасадық.


32 
Әл-Фараби әлеует ұғымын «мүмкіндіктегі сана» ретінде енгізеді және 
оны жанның бір бӛлігі немесе заттардың формаларының мәнін абстракциялауға 
дайын жанның бір қабілеті ретінде қарастырады. Сана заттардың формаларын 
қабылдамайынша, ол мүмкіндіктегі сана болып қалады, ал формалардың санада 
бейнеленіп, іске асу кезінде ол шынайылылықтағы санаға ауысады [144]. 
С.И. Ожеговпен Н.Ю. Шведованың орыс тілі сӛздігінде әлеует сӛзіне 
«белгілі бір қатынастағы қуаттылық деңгейі, қасиеттері мен мүмкіндіктер 
жиынтығы» деп анықтама берілген. Әлеует үнемі оны жүзеге асыратын 
саламен тығыз байланыста болады және белгілі бір сипаттамалар мен қасиет 
элементтерінің жиынтығымен анықталады [145]. 
Ал жеке алып қарайтын болсақ, А.И. Савенков пікірінше, тұлға әлеуеті 
дегеніміз адамның зияткерлік-шығармашылық және уәжді мінездерінің, 
қасиеттерінің кешенді жиынтығы. Жоғары дәрежелі биік жетістіктерге 
талпындыратын қабілеттер кешені 

146

.
Д.Н. Ушаковтың редакциясымен (1939 ж.) орыс тілі түсіндірме сӛздігінде 
«әлеует» ауыспалы мағынада бір нәрсені жүргізуге, қолдауға, сақтауға қажетті 
амал-шарттардың жиынтығы деген ұғымды білдіреді [147]. 
Кіші кеңес энциклопедиясында (1959 ж.) «әлеует» мүмкіндік, қолданыста 
болатын күш, қор, құрал сияқты анықтама беріледі [148]. 
«Әлеует» термині адамның дамуына қатысты 80-нші жылдары «адами 
фактор» ұғымы идеологияға берік сінген кезде қоғамдық ғылымдар саласында 
кең қолданысқа ие болды. Адами фактор (әлеуметтік мағынада-тұлғалық) 
тұлғаның жалпыадамдық қасиеттерінің іс-әрекетке, мінез-құлыққа әсер етуін 
сипаттайды [149]. 
Л.И. Иванько бойынша «маманның тұлғалық әлеуеті» ұғымы адамды 
еңбек үрдісінің тұтас субъектісі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді, ондағы 
тұтастық мыналарды білдіреді: 
- Ӛзіндік ӛзгеруге және ӛздігінен дамуға қабілеттілік. Маманның 
тұлғалық әлеуеті интегралды ұғым ретінде еңбек адамының ішкі рухани 
энергиясын (күшін), қоғамдық ӛзіндік бекітуге, ӛздігінен жүзеге асуға, 
шығармашылық ӛзіндік кӛрініске бағытталған әрекеттік позициясын құрайды; 
- Ішкі элементтердің құрылымдық тұтастығы. Маман әлеуетінің тұлға 
дамуының деңгейі және оған сәйкес келетін еңбектің тиімділік дәрежесі 
олардың интеграция амалына, барлық элементтерінің ішкі балансына тәуелді 
(байланысты). Тұлғалық әлеуетті қалыптастыру жалпы (психофизиологиялық, 
зияткерлік), арнайы (кәсіби-біліктілік) және ерекше (ұйымдастырушылық, 
шығармашылық, т.б.) тұлғалық қабілеттердің диалектикалық бірлігі негізінде 
жүзеге асады [150]. 
Сонымен, тұлғалық әлеует құрылымына мынандай элементтер жатады: 
- кәсіби құзіреттілікті құрайтын кәсіби білім, білік және дағды (біліктілік 
әлеует); 
- жұмысқа қабілеттілік (психофизиологиялық әлеует); 
- зияткерлік, таным қабілеттері (білімдік әлеует); 
- креативті қабілеттер (шығармашылық әлеует); 


33 
- ынтымақтастыққа, ұжымдық ұйымға және ӛзара әрекетке қабілеттілік 
(коммуникативті әлеует); 
- құндылықты-мотивациялық сала (идеялық-дүниетанымдық, адамгершілік 
әлеует). 
«Тұлғалық әлеует» интегралды ұғымы жұмыскердің ӛндірістік 
қабілеттерінің тұтастық спектрін, сонымен қатар оны қалыптастыру 
шарттарын, 
тұлғаның 
дамуы 
және 
ӛздігінен 
дамуы 
әлеуметтік 
перспективаларын қарастыруға мүмкіндік береді.
Кӛпқырлы тұлға ұғымына әлеуеттегі барлық қабілеттерді дамытумен 
қатар оларды жүзеге асыру да жатады. Тұлғаның зияткерлік әлеуетінің 
құндылығы табиғат күштерін меңгеруде адамның мүмкіндіктерін қаншалықты 
кеңейтетінімен анықталады, яғни тұлғаның жан-жақты ашылуына, оның 
қоғамдық мәнінің, барлық байлығының, даралығының дамуына қаншалықты 
ықпал етуінде.
Әлеует кеңістік пен уaқыт сипаттамасының бірлігінде байланыстар мен 
қарым-қатынастардың мынандай үш деңгейін біріктіреді:
1. 
Ӛткеннің кӛрінісі: әлеует адамның сапаларының, оның қалыптасу 
үрдісінде жинақталған жүйенің тұрақты жиынтығын, жүйенің оптималды 
қызмет етуге және дамуға қабілеттілігін білдіреді. Бұнда әлеует ресурс, яғни 
ресурстардың, мүмкіндіктердің, қабілеттердің болуы деп түсіндіріледі. 
2. 
Қазіргі шақты білдіретін: қабілеттердің актуализация үдерісі, олардың 
тәжірибедегі қолданысы. Бұл қызметте әлеует қор ұғымымен сәйкес келеді 
және жүйенің даму динамикалығын, ортаның ӛзгермелі жағдайында оның 
иілгіштігін қaмтамасыз етеді. 
Сӛйтіп, болaшаққа бағытталған еңбек үрдісінің барысында бар 
қабілеттердің ойдағы формадан актуалды формаға ауысып, жүзеге асумен қатар 
жаңа қабілеттер туындайды. 
Б.С. Генкиннің пікірінше aдам әлеуетінің негізі болмысынан тума 
берілген сапалар. Олардың дамуы және жүзеге асуы үш негізгі жүйемен 
анықталады: отбасы, ұжым және қоғам. 
Ӛз кезегінде әлеует тӛрт әлеует негізінде анықталады: 
1. гносеологиялық (жаңа идея, ойлардың пайда болу үрдісі); 
2. aксиологиялық 
(идеалға 
қол 
жеткізу, 
қажеттіліктер 
мен 
қызығушылықтардың қанағаттандыру тұрғысынан туындаған идеялар 
мен ойларды таңдау және бағалау); 
3. туындаушы-прaктикалық (адамның идеяларды іске асыру біліктері және 
қабілеттерінің жиынтығы, іс-әрекет объектісін ӛзгерту) [151]. 
Сонымен, психологиялық-педагогикалық зерттеулерді талдай келе, 
ғылымда әлеует ұғымына қатысты пікірлер баршылық, бірақ оларда әлеуеттің 
түрлері мен типтері (экономикалық, ғылыми, мәдени, шығармашылық, 
аксиологиялық, ғылыми-педагогикалық, мотивациялық кәсіби-тұлғалық, 
тәрбиелік, білімділік, т.б.) жайлы кӛзқарастар берілген. Ал біз қарастырып 
отырған зияткерлік әлеует интегралды ұғым ретінде маңызды орын алады. 


34 
Зияткерлік әлеует ӛзінің субстратты кӛрінісінде тұлға және қоғам 
әлеуетінің мәніне жүгініп, яғни қажеттіліктер мен қабілеттердің негізгі 
базалық екі түрі ретінде болады. Сонымен қатар күрделі құрылым ретінде: 
- әртүрлі іс-әрекеттерді табысты меңгеруді қамтамасыз ететін тұлғаның 
дамыған қабілеттері; 
- адамның рухани құрылым жүйесі, яғни білімдер, икемділіктер
дағдылар, олар даралық деңгейде танымдық және белсенді-ӛңдеуші іс 
әрекеттің нәтижелері; 
-рухани құндылықтармен (идеалдар, сенімдер, құнды бағдарлар, 
тұлғаның қызығушылықтары) сипатталады. [152]. 
А.А. Деркач, В.Г. Зазыкиннің еңбектерінде зияткерлік әлеует жалпы 
әлеуеттің (кәсіби, тұлғалық, биологиялық) құрамдас иерархиясы деп 
қарастырылады. Авторлар тұлғалық әлеуетті ашу, ең біріншіден, қабілеттерді 
дамытумен тығыз байланысты деп есептейді [153]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет