Кенжебаева таттыгуль бекбалтиновна



Pdf көрінісі
бет51/56
Дата10.04.2023
өлшемі1,84 Mb.
#80907
түріДиссертация
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
Байланысты:
Diss Kenzhebayeva

шкаласы 
(Д) 
регуляторлы 
автономдығының 
дамығандығын сипаттайды. Осы шкала бойынша жоғары кӛрсеткішке ие 
болғандар адам белсендігін ұйымдастырудағы, оның ӛз әрекеттерін дербес 
жоспарлай алу қабілеттілігіндегі, кӛзделген мақсатқа жету жолындағы 
жұмыстарды ұйымдастырдағы, сол жұмыстардың орындалу жүйесін 
бақылаудағы, әрекеттің соңғы немесе ағымдағы нәтижелерін бағалап
талдаудағы автономдылығымен ерекшеленеді. Дербес шкаласы бойынша 
тӛменгі кӛрсеткішке ие болғандар қоршаған орта бағасы мен пікіріне сүйенеді. 
Әрекеттің жоспары мен бағдарламалары ӛз бетінше емес, бірпеуді кӛмегі 
арқылы әзірленеді. Бұндай адамдар кӛп жағдайда ӛзгелердің кеңесіне тәуелді 
болады. Қосымша, жанама кӛмек болмаған жағдайда олардың бойында 
регуляторлық адасу туындайды. 
Аталмыш сауалнама-нұсқаулық тұтастай алғанда «Ӛзін басқарудың 
жалпы деңгейі» (ЖД) атты біртұтас шкала ретінде қызмет етеді. Бұл шкала 
адамның ерікті белсенділігіндегі саналы түрде ӛзін басқарудың индивидуалды 
жүйесі толық қалыптасуының жалпы деңгейін бағалайды. Ӛзін басқарудың 
жалпы деңгейі шкаласының жоғары кӛрсеткіш иелері ешкімге бағынбай 


162 
тәуелсіз әрекет ете алады, шарттардың ӛзгеруіне лайықты бейімделеді әрі тез 
икемделеді, олардың мақсатқа жету және оны дұрыс жоспарлау ісінің барлығы 
саналы түрде ойластырылған. Мақсатқа қол жеткізудің аса жоғары уәжділігі 
туындаған жағдайда олар ӛзін-ӛзін басқарудың мынадай стилін қолдануға 
қабілетті, яғни тұлғалық беделін теңдестіретін, кӛп жағдайда мақсатқа жетуде 
кӛп кедергі болатын мінез-құлық ерекшеліктерін қалыпқа келтіретін ӛзін 
басқару стильдерін тиімді қолдануға бейімді болады.
Саналы түрде ӛзін-ӛзі реттеудің жалпы деңгейі жоғары болған сайын, 
соншалықты адам белсенділіктің жаңа түрлерін меңгере бастайды, бейтаныс 
жағдаяттарда ӛзін сенімді ұстауға үйренеді, оның қалыпты қызметіндегі 
жетістіктері мен сәттіліктері де соншалықты жоғары бола бастайды. 
Аталмыш шкала бойынша тӛменгі кӛрсеткішке ие болғандардың бойында 
ӛз әрекеті мен қызметін саналы түрде жоспарлау және бағдарлауға деген 
мұқтаждық қалыптастайды, олардың ісі мен шешімі әрібір жағдаятқа тәуелді 
және қоршаған ортадағы адамдардың пікіріне сүйенеді. Осындай мінез-
құлықты адамдардың кӛзделген мақсатқа жетудегі тұлғалық қасиеттерін 
әрекетке бейімдеу, теңестіру қабілеті тӛмен болады, соған орай алынған 
нәтижелері қолайсыз келеді.
Демек, қызмет пен әрекеттің жаңа түрлерін сәтті меңгеру кӛп жағдайда 
ӛзін басқарудың стильдік ерекшеліктеріне сәйкес келуіне байланысты болады 
және меңгерген белсенділік түрін тәжірибеде қолдану талаптарына тікелей 
тәуелді болады. 
Ӛтелетін мүмкіндіктер. Жоспарлау звеносының дамығандығы модельдеу 
звеносын дамытудағы кейбір кемшіліктерді ӛтеуге мүмкіндік береді. Осыған 
орай ӛзін басқарудың үйлесімді стилі қалыптасуы мүмкін. Ӛзін басқарудың 
жалпы деңгейін жетілдіру үшін жоспарлау мен программалау (бағдарлау) 
звеноларын дамыту талап етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет