Кенжебаева таттыгуль бекбалтиновна


Әдістеменің мақсаты: ӛзін-ӛзі бағлаудың ерекшеліктерін зерттеу



Pdf көрінісі
бет54/56
Дата10.04.2023
өлшемі1,84 Mb.
#80907
түріДиссертация
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
Байланысты:
Diss Kenzhebayeva

Әдістеменің мақсаты: ӛзін-ӛзі бағлаудың ерекшеліктерін зерттеу. 
Ӛткізу процедурасы 
Сыналушыға бланк беріледі, онда жеті сызық бейнеленген, әрқайсысының биіктігі - 
100 мм, шкаланың жоғарғы, тӛменгі және ортасындағы нүктелері кӛрсетілген. Жоғарғы мен 
тӛменгі нүктелері айқын, ортасы — сәл ғана кӛрінетіндей нүктемен белгіленген. Шкаланың 
екі полюсі және ортасы бар. Шкала – бұл, кейінірек Дж. Келли атауынша «даралық 
конструкт» немесе «тұлғалық конструкт». Әр адам мұндай бірімен-бірі байланысты 
конструктардың талайын біледі. Ереже бойынша, даралық конструкттар екіполюсты 
шкалалар формасында беріледі. Бірақ, екіполюсты ғана емес үшполюсты да шкалалар бар. 
Үшполюсты шкала – бұл, айрықша ӛзін-ӛзі бағалаудың ортадағы белгісіне сәйкес келуі 
ықтимал. С.Я. Рубинштейн міндетті түрде тӛрт шкаланы ұсынады: «денсаулық», «ақыл», 
«мінез» және «бақыт». Әр адамда бар шынайы сегментінің нақты (Мен – 
тұжырымдамалары, ӛзін-ӛзі бағалауы) тӛртеуін бейнелейді. П.В. Яньшиннің ұсынысы 
бойынша тағы да екі қосымша шкала бар: «ӛзіне қанағаттануы» және «оптимизм». Оның 
пікірі бойынша, қалған шкалалар, сыналушымен клиникалық әңгімелесу барысындағы 
жауаптарынан «шығарылады». Шкалалар саны зерттеушінің қаншалықты қажетсінуіне 
байланысты мақұлдауымен шешіледі. Полюстер – бұл құндылықтар: адамның ӛзінің 
жариялайтын тілектеріне сәйкес немесе сәйкес келмейтін күйлері. Полюстің жоғары 
жағында жағымды құндылықтар (бұларға сыналушы ұмтылады). Тӛменгі жағында 


166 
жағымсыз құндылықтар – адам олардан қашуға тырысады (немесе, сондай сенімде болуға, 
тырысады). Әдістемені фронталды – сыныппен тұтастай (немесе топпен), сондай-ақ дара 
жүргізуге болады. Фронталды жұмыста әр сыналушы бірінші шкаланы қалай толтырылғаны 
тексеріледі. Ұсынылған белгілер сұрақ жауабына дұрыс қолданылғанына сенім туғызуы 
тиіс. Содан соң сыналушы ӛз бетінше жұмыс істейді. Шкаларды толтыруға берілген уақыт, 
инструкцияны оқумен бірге - 10-12 мин. 
Ӛңдеу 
Ӛңдеу алты шкаламен жүргізіледі (бірінші, жаттығу - «денсаулық» - ескерілмейді). Әр 
жауап баллдармен есептеледі. Әр шкаланың ұзындығы 100 мм, соған сәйкес жауаптар 
сандық сипатқа ие болады (мысалы, 54 мм 54 баллға сәйкес келеді). 
1. Әр алты шкала бойынша анықталатындар: 
- талаптану деңгейі - тӛменгі нүктедегі шкаланың ара қашығы («0») мм-ден «х» 
белгісіне дейін; 
- ӛзін-ӛзі бағалаудың жоғарғысы - «О» белгісінен «-»-ге дейін; 
- талаптану деңгейі және ӛзін-ӛзі бағалау арасындағы айырмашылық мәні - ара 
қашықтығы «х»-тен «-» белгісіне дейін, егер талаптану деңгейі ӛзін-ӛзі бағалаудан тӛмен 
болғанда, жағымсыз санмен кӛрінеді. 
2. Талаптану деңгейі мен ӛзін-ӛзі бағалаудың әр кӛрсеткішінің орташа мәнін барлық 
алты шкаламен есептеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет