Сурет 24 - Кәсіпорынның коммерциялық құпияларын қорғау механизмі
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар Кәсіпкерлік құпия ұғымына түсінік беріңіз.
Кәсіпкерлік құпия қандай түрлерге бөлінеді?
Ғылыми-техникалық ақпараттарға нелер жатады?
Өндірістік ақпаратарға қандай ақпараттар жатады?
Қаржылық ақпаратарға қандай ақпараттар жатады?
Тақырып 11. Кәсіпкерлік мәдениеті мен этикасы
Кәсіпкерлік мәдениеттің мәні және мағынасы. Кәсіпорын (ұйым) қызметінде кәсіпкерлік мәдениет маңызды рөл атқарды.Ол кәсіпорынның тек жоғары беделін ғана қамтамасыз етіп қоймай, сонымен қатар өндіріс тиімділігінің , өнімдер мен қызметтер сапасының артуына және табыстардың ұлғаюына септігін тигізеді.
«Кәсіпкерлік мәдениет» ұғымының бірнеше анықтамасы бар:
бұл құндылықтар туралы түсінік пен сенімді үйлестіре отырып жүзеге асыру жүйесі. Бұл тұрғыда құндылықтар туралы түсінік кәсіпорын үшін не маңызды екендігін, ал сенім – кәсіпорын қалай қызмет ету керек және оның қалай басқару қажет екендігін анықтауға мүмкіндік береді (25 сызба).
ұйымдық мәдениетке кәсіпорынның өзінше ерекше нысан екенін көрсететін түсініктер, құндылықтар мен ережелер жиынтығы жатқызылады.