ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
СУЛТАНОВА МЕНСЛУ БАКТИБАЕВНА
ГАББАСОВА ЖУМАКЫЗ ЖАКСЫГЕРЕЕВНА
КЕНЖИН ЖАКСАТ БОЛАТОВИЧ
К Ә С І П К Е Р Л І К:
ЖОО студенттеріне арналған оқу құралы
Орал, 2019
УДК 658.114(075.8)
ББК 65.29я73
С89
РЕЦЕНЗЕНТТЕР:
Даухарин Ж.К. – э.ғ.д., Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының БҚО бойынша филиалының директоры
Айдаралиева А.А. – э.ғ.к., «Есеп және қаржы» кафедрасының доценті
Султанова М.Б.
Кәсіпкерлік: жоғары оқу орыны студенттеріне арналған оқу құралы / Султанова М.Б., Габбасова Ж.Ж., Кенжин Ж.Б. – Орал : Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, 2019. – 139 б.
ISBN 978-601-319-147-8
Оқу құралында «Кәсіпкерлік» пәні бойынша теориялық ұғымдар мен негізгі қорытындылар жасалған. Оқу құралы қазіргі күнгі талаптарға сәйкес құрастырылған, енгізілген ақпараттар жеткілікті, теориялық және тәжірибелік мағынасы бар. Осыған сәйкес оқу құралы бакалавриат бойынша білім алып жатырған барлық экономикалық мамандықтардың білім алушыларына арналады.
© Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті КеАҚ, 2019
Мазмұны
Кіріспе
|
|
Тақырып 1. Кәсіпкерліктің пайда болу тарихы, мәні, қалыптасу шарттары
|
|
Тақырып 2. Кәсіпкерліктің жіктелулері мен түрлері және ұйымдастырылу нысандары
|
|
Тақырып 3. Кәсіпкерлік іс-қызметті жоспарлау
|
|
Тақырып 4. Кәсіпкерліктегі маркетингтік зерттеулердің ерешеліктері және тауар стратегиясы
|
|
Тақырып 5. Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер
|
|
Тақырып 6. Кәсіптік іс-қызметті лицензиялау
|
|
Тақырып 7. Кәсіпкерлік іс-қызметті қаржыландыру
|
|
Тақырып 8. Кәсіпкерлік қызметтегі кадрлармен қамтамасыз ету
|
|
Тақырып 9. Кәсіпкерлерлік мәмлелерді ұйымдастыру
|
|
Тақырып 10. Кәсіпкерлік құпия және оны қорғау тәсілдері
|
|
Тақырып 11. Кәсіпкерлік мәдениеті мен этикасы
|
|
Тақырып 12. Кәсіпкерлік шешімдерді қабылдау
|
|
Тақырып 13. Кәсіпкерлік қызметінің тиімділігін талдау және оны бағалау
|
|
Тақырып 14. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау және инфрақұрылым
|
|
Тақырып 15. Кәсіпкерлік қызметті тоқтату
|
|
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
|
|
Кіріспе
Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде санғасырлық тарихы бар. Ол қоғам дамуының ерте кезеңдерінде пайда болды. Кәсіпкерлік экономикалық үдерістің неғұрлым маңызды субъектісіне айналды, және оның барысында бір жағынан, адам қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті тауарлардың өндірісі мен ұсынысы, екінші жағынан, қоғам мүшелеріне нарықтық айырбас арқылы тауарларды сатып алуға мүмкіндік беретін олардың табысы қамтамасыз етіледі. Кәсіпкерлік қоғам дамуының тек экономикалық қана емес, сонымен қатар әлеуметтік дамуының да ажырамас бөлігіне айналды.
Қойылған кәсіпкерлік мақсатқа қол жеткізу үшін кәсіпкерден жоғары біліктілік пен терең кәсіби білім талап етіледі. Барлық қабылданған шешімдер үшін кәсіпкер өзі жеке жауап береді. Кәсіпкер іс-қызмет сферасын өз бетінше анықтайды, өндіріс үдерісін дайындайды, ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, тауар өндіреді және сатады. Ол нарықтағы жағдайды дұрыс бағалай білуі тиіс, дұрыс негізделген шешімдерді қабылдап, оларды жүзеге асыруға жауап беруі қажет.
«Кәсіпкерлік» оқу құралында кәсіпкерліктің теориялық, әдістемелік және тәжірибелік негіздері қарастырылады. Сонымен қатар кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары мен түрлері, оларды қаржыландыру жағдайлары, кәсіпкерлік барысында кездесетін тәуекелдер баяндалған. Бизнес жоспар әзірлеу әдістемесі мен оның құрылымына назар аударылған. Кәсіпкерлік іс-қызметті кадрлармен қамтамасыз ету мәселелеріне аса назар аударылған. Кәсіпкерлік мәмлелерді ұйымдастыруға да ерекше көңіл бөлініп, мәліметтер жеткілікті көлемде берілген.
Оқу құралының құрылымы мен мазмұны жоғары оқу орнындағы «Кәсіпкерлік» пәнін оқыту бағдарламасына сай келеді.
Бұл курстың мақсаты студенттерге кәсіпкерлікті ұйымдастырудың ғылыми және тәжірибелік негіздерін, қазіргі жағдайдағы ерекшеліктерін үйретіп қана қоймай, теориялық білімдерін іс-жүзінде еркін пайдалана білуге дайындау болып табылады.
Кәсіпкерлік негіздерін меңгеру нәтижесінде болашақ кәсіпкерлердің міндеттерін шешудің үздік әдістерін таңдау және фирманы басқарудағы қиындықтарды шешуде ұтымды шешім табу үшін қажетті шығармашылық ойлау қабілеті қалыптасады.
Кәсіпкерлік іс-қызметті меңгеру бойынша теориялық және әдістемелік материалдарды игеруді жеңілдету үшін кестелер мен суреттер көптеп келтірілген және әр тақырыптың соңында өзін-өзі бақылау сұрақтары келтірілген.
Оқу құралы ЖОО мен колледж студенттері мен оқытушыларға, сонымен қатар кәсіпкерлік саласында өз білім деңгейін жетілдіргісі келетін азаматтарға арналған.
Достарыңызбен бөлісу: |