Кәсіпкерлік мәдениеттің мәні және мағынасы. Кәсіпорын (ұйым) қызметінде кәсіпкерлік мәдениет маңызды рөл атқарды.Ол кәсіпорынның тек жоғары беделін ғана қамтамасыз етіп қоймай, сонымен қатар өндіріс тиімділігінің , өнімдер мен қызметтер сапасының артуына және табыстардың ұлғаюына септігін тигізеді.
«Кәсіпкерлік мәдениет» ұғымының бірнеше анықтамасы бар:
бұл құндылықтар туралы түсінік пен сенімді үйлестіре отырып жүзеге асыру жүйесі. Бұл тұрғыда құндылықтар туралы түсінік кәсіпорын үшін не маңызды екендігін, ал сенім – кәсіпорын қалай қызмет ету керек және оның қалай басқару қажет екендігін анықтауға мүмкіндік береді (25 сызба).
ұйымдық мәдениетке кәсіпорынның өзінше ерекше нысан екенін көрсететін түсініктер, құндылықтар мен ережелер жиынтығы жатқызылады.