Одонтогенный остеомиелит челюстей у детей
$$$001
Бала 7 жаста. Төменгі жағының сол жағы ауыратынына шағымданады. Жалпы жағдайы орташа, дене қызуы 39˚С. Бала әлсіз, реңі бозарған. Жергілікті: сол жақ ұрт, төменгі жақ жұмсақ тіндерінің домбығуы салдарынан беті ассимметриялы. Сипап көргенде инфильтрат күрт аурушаң, тығыз, шекарасы айқын емес. Ауыз қуысында: 75 тістің 1/3 бөлігі бұзылған, перкуссия кезінде ауырады, тіс айналасындағы кілегей қабығы қызарған, ұрт және тіл беті ісінген. Альвеолярлы өсінді муфта тәрізді жуандаған.
Диагноз қойыңыз:
A) Жедел одонтогенді жайылған остеомиелит
B) Жедел іріңді периостит
C) Одонтогенді флегмона
D) Аденофлегмона
E) Жедел іріңді сиалоденит
{Дұрыс жауап} = A
{Күрделілігі} = 3
$$$002
Стоматологиялық клиникаға 4 жасар қыздың ата-анасы жоғарғы жақсүйектің сол жақ бөлігіндегі ауырсынуға, көзұяастылық және ұрттық аймақтардағы ісінуге шағымданып келді. Ісіну кеше таңертен болған. Тұратын аймағына байланысты 1 жыл бұрын тісін емханада емдеуді бастаған, бірақ аяғына дейін емделмеген. Қарап тексергенде: көзұяастылық және ұрттық аймақтардағы ісінуден беттің ассимметриясы байқалады. Тері тырысқан, қатпарға жиналмайды, аздап қызарған. Ауыз қуысында 6.4 тіс ½ бөлігіне дейін бұзылған, уақытша пломбаның қалдығы бар, тіс қозғалмалы, зондтағанда ауырсынусыз, перкуссияда ауырады. 6.3, 6.5 тістер тұрақты пломба астында қозғалған. 6.4, 6.5 тістер аймағында шырышты қабаты ісініп, қызарған. Дәрігер-стоматолог қандай диагноз қойды?
A) Жоғарғы жақсүйектің сол жағындағы жедел одонтогенді іріңді периоститі
B) Жоғарғы жақсүйектің сол жағындағы жедел одонтогенді остемиелиті
C) Созылмалы гранулденуші периодонтиттің асқынуы 6.5. тіс
D) Ұрттың сол жақ аймағындағы одонтогенді флегмона
E) Көзұяастылық сол жақ аймағындағы одонтогенді флегмона
{Дұрыс жауап} = B
{Күрделілігі} = 3
Гематогенный остеомиелит
$$$001
Гематогендi остеомиелит көбiнесе анықталады
A) жаңа туған нәрестелерде
B) жыныстық даму кезеңiнде
C) 14-15 жаста
D) ересек адамдарда
E) қарт адамдарда
{Дұрыс жауап} = A
{Күрделілігі} = 3
$$$002
2,5 айлық бала облыстық балалар ауруханасынан оң жақтағы үстіңгі жақсүйек аумағының домбығуымен консультация алуға жіберілді. Анамнезде: ұзақ жазылмайтын кіндік жарасы бар. Тексерген кезде үстіңгі жақсүйек аумағы домбыққан, мұрын-ерін қатпары тегістелген, ауыз қуысындағы үстіңгі жақсүйек альвеолярлық өсіндісінде қою іріңді бөлініп шығуларымен тесік бар. Төмендегі көрсетілген диагноздардың қайсысын қолданған АНАҒҰРЛЫМ ықтимал:
A) көз асты аумағындағы іріңдік
B) гематогенді остеомиелит
C) мұрындағы шиқан
D) одонтогенді остеомиелит
E) жіті одонтогенді периостит
{Дұрыс жауап} = B
{Күрделілігі} = 3
Врожденные аномалии мягких тканей, клиника и лечение
$$$001
Нәрестеде жоғарғы еріннің сол жағынан мұрын жолы түбіне жетпейтін ақау анықталды. Жоғарғы ерні қысқарған, мұрынның сол жақ қанаты тегістеген. Ақау альвеолярлы өсінді аймағына жалғаспайды. Диагноз
A) Жоғарғы еріннің туа біткен толық жырығы
B) Жоғарғы еріннің туа біткен толық емес жырығы
C) Жоғарғы еріннің туа біткен екі жақты толық жырығы
D) Жоғарғы еріннің, альвеолярлы өсіндінің, қатты және жұмсақ таңдайдың туа біткен ашық жырығы
E) Беттің қиғаш жырығы
{Дұрыс жауап} = B
{Күрделілігі} = 3
$$$002
Бала 8 жаста. Френулопластика операциясы тағайындалды. Бұл хирургиялық емнің мақсаты:
A) Жоғарғы ерін үзбесінің төменгі аяғын ығыстыру
B) Еріннің үзбесі орталық бөлігін кесу
C) Ерін үзбесі екі аяғын да ығыстыру
D) Eрін үзбесі тінін кесу
E) Ерін узбесі аяғын ығыстыру
{Дұрыс жауап} = A
{Күрделілігі} = 3
Врожденные расщелины губы и неба
$$$001
Нәрестеде сол жақ жоғарғы еріннен мұрын жолы түбіне жететін ақау анықталды. Жоғарғы ерні қысқарған, мұрынның сол жақ қанаты тегістеген. Ақау альвеолярлы өсінді, қатты және жұмсақ таңдай аймағын қамтиды. Жұмсақ таңдай қысқарған, жұтқыншақтың ортаңғы бөлігі кеңейген.
Сіздің диагнозыңыз:
A) Жоғарғы еріннің туа біткен толық жырығы
B) Жоғарғы еріннің туа біткен толық емес жырығы
C) Жоғарғы еріннің, альвеолярлы өсіндінің, қатты және жұмсақ таңдайдың туа біткен ашық жырығы
D) Қатты және жұмсақ таңдайдың туа біткен толық жырығы
E) Беттің қиғаш жырығы
{Дұрыс жауап} = C
{Күрделілігі} = 2
$$$002
4 айлық балада мұын жолы түбінің тұтастығы бұзылған, ерні қысқарған, сол жақ мұрынның тері-шеміршек бөлігі тегістелген ақау анықталды. Ақау альвеолярлы өсінді, қатты және жұмсақ таңдай аймағын қамтиды. Жұтқыншақтың ортаңғы бөлігі кеңейген, жұмсақ таңдай қысқарған.
Сіздің емдеу жоспарыңыз
A) хейлопластика
B) уранопластика
C) хейлопластика , уранопластика
D) тері-шеміршекті трансплантат
E) остеотомия
{Дұрыс жауап} = C
{Күрделілігі} = 3
Достарыңызбен бөлісу: |