Керейбаева Гүлсара Хабиболлақызы


Əдебиеттер: қос.20 [18-23]. Бақылау сұрақтары



Pdf көрінісі
бет40/59
Дата16.11.2022
өлшемі0,66 Mb.
#50610
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   59
Əдебиеттер: қос.20 [18-23].
Бақылау сұрақтары:
1. Флотация əдісінің жіктелуі.
2. Пневматикалық флотацияны ағынды суларды қандай қоспалардан
тазарту үшін қолданады?
3. Электрофлотациялық тазарту əдісі неге негізделген?
4. Ағынды судың құрамындағы металдарды бөліп алу үшін сіздің
ұсынысыңыз?
10-тақырып. Ион алмастырғыш қондырғылардың параметрлерін есептеу.
Тапсырма: Əдістемелік ұсыныстарға (13) сəйкес, ион алмасу əдісі арқылы
айналмалы суды тазартудың жобасын жасау. Берілген су мөлшері 400 м
3
/сағ
(9600 м
3
/т). Айналмалы су сапасының көрсеткіштері 2-кестеде, ал айналмалы
суды тазартқаннан кейінгі қажетті сапасы 3-кестеде келтірілген.
Əдістемелік ұсыныстар: Айналмалы суды тұзсыздандыру үшін катионитті
жəне анионитті фильтрлерді қарастырамыз. Ион алмастыру қондырғысының
есебі ион алмастырғыш шайырлардың қажетті көлемін (катионитті жəне
анионитті), фильтрлердің регенерация санын, фильтрлердің регенерациясына
реагент шығынын анықтаудан тұрады. Анықтамалық материалдар арқылы ион
алмастырғыш фильтрлердің түрі таңдап алынады.
Ион алмасу əдісі ЖЭЦ-ке су дайындау процесінде кең қолданылады (қақты
болдырмау үшін, бу қазандары мен су құбырларының жұмыс істеуін ұзарту
үшін); су айналымы жүйесінде(су құбырларын балдырлар басып кетуімен
күресу мақсатымен). Ион алмасу ағынды суларды əртүрлі тұздардың,
металлдардың (мырыш, мыс, хром, никель, кадмий, сынап, ванадий, марганец
жəне тб.) қоспаларынан тазарту үшін де қолданылады. Əртүрлі бағалы
қоспаларды селективті бөліп алу үшін (алтын, сирек металлдар) жəне де
фосфордың, мышьяктың улы қосылыстарын, цианды қосылыстарды,
радиоактивті заттарды бөлу үшін қолданылады.
Əдебиеттер: қос.13 [21-26].
Бақылау сұрақтары:
1. Ион алмасудың мəні неде?
2. Ион алмастырғыш ретінде қандай материалдар қолданылады, иониттің
сапасы қандай көрсеткіштермен сипатталады?
3. Ион алмасу процестерінің негізгі қолданылу облыстары.
4. Декарбонизация процесі деген не?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет