Керейбаева Гүлсара Хабиболлақызы



Pdf көрінісі
бет48/59
Дата16.11.2022
өлшемі0,66 Mb.
#50610
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   59
Əдебиеттер: нег.1[59-101, 4[18-25], 2[54-70],
қос. 12[22-27], 9[105-133].


85
Бақылау сұрақтары:
1.
Коагуляция процесі деген не?
2.
Коагулянттың оптимальды дозасы деген не?
3.
Коагуляция тиімділігі қандай факторларға байланысты?
4.
Коагулянттар ретінде қандай заттар қолданылады?
5.
Флокулянттардың əсер ету принципі неге негізделген?
6.
Сұйықты ағарту дəрежесі қалай анықталады?
4-тақырып: Фильтрлену көрсеткішін, фильтрдің қорғаныс əсерінің
уақытын анықтау.
Тапсырма: 1. Фильтрлену көрсеткішін жəне фильтрдің қорғаныс əсерінің
уақытын тəжірибе арқылы анықтап, нəтижелерін төмендегі кестеге енгізіңіз.
Фильтрдің
жұмыс істеу
ұзақтығы
Судың
лайлығы,
мг/л
Фильтрленген
судың көлемі, мл
Фильтрдің
биіктігі жəне
диаметрі, мм
Ескерту
2.Фильтрленген судың көлемінің жəне лайлылығының фильтрлеу
уақытына тəуелділігін графигін тұрғызыңыздар.
3. Эксперименттің нəтижесі бойынша фильтрлеу циклінің ұзақтығы мен
фильтрлеу қабатының биіктігінің дұрыс таңдалғандығы туралы қорытынды
жасаңыз.
Əдістемілік ұсыныстар: Судың құрамындағы ірі дисперсті қоспаларды
реагентті əдіспен, сондай-ақ реагнтсіз əдіспен бөліп алуға болады. Суды
реагентсіз мөлдірлеу конструкциялары əр түрлі тұндырғыштарда фильтрлеу,
флотация əдістері арқылы жүзеге асырылады.
Реагентті əдістер – судың құрамындағы жүзгіндерді толық жəне тезірек
тұндыруға мүмкіндік беретін химиялық қосылыстармен (коагулянттар жəне
флокулянттар) өңдеу болып табылады. Сонымен қатар, биологиялық
қоспалармен ластанған суларды да реагенттер (озон, хлор жəне оның
туындылары, ауыр металдардың тұздары) арқылы өңдейді.
Жұмыстың мақсаты – фильтрлеу көрсеткішін жəне фильтрдің қорғаныс
əсерінің уақытын анықтау.
Фильтрлеу көрсеткіші фильтрлеу коэффициенті Ф арқылы өрнектеледі,
зерттелетін суды жəне дистилденген суды фильтрдің əр түрлі жүктемелері
арқылы фильтрлеу жылдамдығын салыстыруға негізделген.
Бұл үшін зерттелетін судың жəне дистилденген судың бірдей көлемін
жүктемесі кварц құмынан тұратын фильтр арқылы фильтрлейді (фильтрдің
жүктемесінің биіктігі – 500мм, фильтрдің диаметрі – 50 мм, құм
түйіршіктерінің размері – 1,2 мм). Зерттелетін судың жəне дистилденген судың
фильтрлеу ұзақтығын жазып алу керек, одан соң фильтрлеу коэффициенті Ф
төменде берілген формула бойынша есептеледі:
Ф = t
дист.
/t
зерт.


86
Фильтрдің қорғаныс əсерінің уақытын анықтау үшін фильтрлеуді
бастаған кезден бастап фильтраттың лайлығы 1,5 мг/дм
3
асып кеткенге
(проскок) дейінгі фильтрлеу уақытының ұзақтығын анықтау керек. Осы уақыт
фильтрдің қорғаныс əсерінің ұзақтығын сипаттайды t
о
, ал фильтрленген судың
көлемі берілген жүктеменің фильтроциклі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет