Керейбаева Гүлсара Хабиболлақызы



Pdf көрінісі
бет46/59
Дата16.11.2022
өлшемі0,66 Mb.
#50610
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   59
Əдістемелік ұсыныстар: Табиғи судың сапасының көрсеткіштерін
анықтау үшін, əр түрлі жыл мезгілінің берілген су көзіне тəн периодтарында
физикалық, химиялық, бактериялогиялық, биологиялық жəне технологиялың
анализдерді жасайды.
Физикалық көрсеткіштерге температура, түсі, иісі, дəмі (тек қана ауыз су
үшін), мөлдірлігі, лайлығы сияқты маңызды көрсеткіштер жатады.
Табиғи судың сапасы толық анализден кейін белгілі болады.
Тапсырманы орындау үшін алдын ала су сапасының көрсеткіштерін
анықтау əдістемелерімен, табиғи жəне ауыз су сапасына нормативтік
документтермен танысу қажет.
Əдебиеттер: нег.1 [14-38], 2 [9-30], 3[18-48], 5 [17-48] , 4 [7-13],
қос. 9 [5-45] , 25 [1-15], 26 [1-10] , 27 [1-12] .
Бақылау сұрақтары:
1. Су сапасын қандай физикалық көрсеткіштер анықтайды?
2. Су сапасының иіс дəм көрсеткіштері қалай бағаланады?
3. Табиғи жəне ағынды сулардың құрамындағы жүзгін заттардың мөлшерін
анықтаудың негізгі əдістері.
4. Ауыз су сапасын қандай көрсеткіштер сипаттайды?
 2-тақырып: Су сапасының химиялық көрсеткіштерін анықтау.
 Тапсырма: Лабораториялық жұмыстарды орындауға арналған əдістемелік
ұсыныстарға сəйкес (18), табиғи су сапасының негізгі химиялық көрсеткіштерін
(рН, судың қышқылдығын, сілтілігін, қаттылығын, негізгі аниондардың
мөлшерін) тəжірибе арқылы зерттеу керек. Лабораториялық жұмысты
орындағанда алынған нəтижелерді кестеге енгізіңіз.
 Əдістемелік ұсыныстар: Тапсырманы орындау үшін алдын ала су сапасының
көрсеткіштерін анықтау əдістемелерімен, табиғи жəне ауыз су сапасына
нормативтік документтермен танысу қажет.
Химиялық факторларға рН сутек иондарының концентрациясы, суда еріген
газдардың құрамы (оттегі, көмір қышқылы, күкіртті сутек, азот, метан),
құрамында азоты бар қосылыстар (аммоний иондары, нитриттер, нитратті
аниондар). Бұл көрсеткіштерден басқа, темірдің жəне марганецтің, фосфор,
кремний, фтор, йод қосылыстарының, улы жəне радиоактивті заттардың
құрамы анықталады.
Табиғи судың сапасы толық анализден кейін белгілі болады. Судың тұзды
құрамын дұрыс анықталғандығын негізгі катиондардың қосындысының


82
(натрий, калий, кальций жəне магний) аниондардың қосындысына (хлоридтер,
сульфаттар, бикарбонаттар жəне силикаттар) тендігін тексеру арқылы білеуге
болады.
Кейбір химиялық көрсеткіштерді белгілі бір белгілері бойынша
топтастырып, су сапасының технологиялық көрсеткіштерін аламыз. Оларға
мына көрсеткіштер жатады: жалпы қаттылық, карбонатты жəне карбонатты
емес қаттылық; жалпы сілтілігі жəне бөлек формалары, мысалы, гидраттық,
карбонаттық, бикарбонаттық. Технологиялық 
көрсеткіштерге 
тотығу
(перманганаттық жəне бихроматтық) ; құрғақ қалдық; күйдірілген қалдық;
тұздардың жалпы құрамы (катиондар мен аниондардың қосындысы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет