1. Тұрақты ток . Тұрақты электр тоғы. Электр тізбегі. Электр энергиясының көздері. Электр тізбегінің элементтері. Электр тізбегінің физикалық шамалары .
Тұрақты ток – ток күшінің шамасы мен бағыты уақытқа байланысты өзгермейтін электр тогы. Тұрақты ток тұрақты кернеудің әсерімен тек тұйықталған тізбекте ғана пайда болады. Тармақталмаған тұйық тізбектің кез келген қимасында тұрақты ток күшінің мәні өзгермейді.
Электр тоғы - электр зарядтарының реттелген қозғалысын айтады. Ток бағытынаоң зарядтардың қозғалыс бағытын алады. Электр тоғының сандық өлшемі ретінде ток күші қызмет етеді.