Электртоғы тұрақты - егер ток күші және оның бағыты уақыт өтуімен өзгермесе осылай аталады. Тұрақты ток үшін: . Ток күшінің өлшем бірлігі – ампер (А).
Электр тізбегі – бұл электр энергиясын өндіретін, түрлендіретін, жеткізетін және тұтынатын құрылғылардың жиынтығы. Электр тізбегі электр энергиясы көзінен, сым арқылы жалғанған қабылдауыштардан және өлшеу құралдарынан тұрады..
Электр энергиясының көзі - электр энергиясын генерациялауға (өндіруге) арналған құрылғы (электргенератор және аккумуляторлы батарея). Оны қоректендіру көзі немесе электр қозғаушы күш көзі (ЭҚК) немесе ток көзі деп атайды.