Жұмыс нәтижелерінің басылымдарда жарық көруі және сынақтан өтуі. Диссертация орындағанда алынған нәтижелер "Педагогикалық ғылымдар" кафедрасының және Қ.А. ясауи атындағы ХҚТУ ғылыми-техникалық кеңестің отырысында талқыланып, қорғауға жіберілді. Диссертацияның негізгі мазмұны бойынша 2,41 баспа табақ құрайтын 6 ғылыми мақалада жарияланды. Олардың төртеуі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласын бақылау комитеті ұсынған басылымдарда жарияланды (ЖАҚ-журналында); екеуі Халықаралық және Республикалық конференция материалдарында жарияланды.