Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы. Автордың ғылыми жаңалылық элементтері бар қағидаларының ішінен келесілерді көрсетуге болады:
Бірінші нәтиженің жаңалық дәрежесі болашақ педагог-психологтардың диагностикалақ құзыреттілігін қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық әдібиеттерде зерттелу деңгейі айқындалған.
Екінші нәтиженің жаңалық дәрежесі автор болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастырудың психологиялық аспектісін айқындап ашып берген;
Үшінші нәтиженің жаңалық дәрежесі болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастырудың моделі құрастырылған;
Төртінші нәтиженің жаңалық дәрежесі ЖОО-да болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыруды әдістемелік қамтамасыз ету бағытында «Оқытуды өнімді ету бағытындағы педагог-психологтың сауалнамалар жинағы» атты диагностикалық тапсырмалар құрастырылып, тәжірибеде тиімділігі дәлелденген.
Әзірленген модельге сәйкес «Тұлғаны психологиялық-педагогикалық диагностикалау» курсының мазмұны бойынша жаңартылған курсты оқытуға сәйкес ОБСӨЖ тақырыптарына өзгерістер енгізіледі. Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру үдерісін әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету жүзеге асырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |