Мінез-құлықтың концептуалдық қабілеттері мен стандарттары: 1. Көзқарастар ауқымдылығы, аса ауқымды тәсіл.
2. Ұзақ мерзімді болжау, икемділік.
3. Қуаттылық, бастамашылық және шешімділік (соның ішінде тәуекелдік жағдайында).
4. Табанды жұмыс және тұрақты оқу, білім.
Ә. Тұлғалық сапалар:
5. Мақсаттар мен бағдарды нақты тұжырымдау.
6. Өзге пікірді тыңдауға дайындық.
7. Менменсіздік, құмарсыздық, бейқамдық.
8. Қызметкерлерді дұрыс орналастыру, адал санкциялар.
9. Жеке бастың әдемілігі.
10. Ұжым және ондағы үйлесімді құра білу шеберлігі.
11. Денсаулық.
МӨЖ 2.2. Ғылыми әкімшілік басқару, адамдық қатынастар мен мінез-құлық ғылымдары түсініктеріне талдаулар жасау.
Басқарудағы әкімшілік («классикалық» мектеп) (1920-1950)). Басқару теориясының әрі қарай дамуын қарастыруды тереңдету және қорыту жолымен жүріп отырды, бұл жерде ең бастысы оның басқару саласына таралуы болып табылды. Сондықтан бұл мектептің ірі өкілдері өндірісшілер емес, басқарушылар болғаны заңды. Мектептің негізін қалаушы А.Файоль ірі француз компа- ниясының басшысы болды. Оның жетекші ізбасарларының да (Л. Урвик, Д. Мунк, Э. Реймс, О. Шелдон, т.б.) жоғары әкімші- лік басқару тәжірибесіне қатынасы болды.
«Классикалық» мектеп ұйымдардың барлық типтеріне жа- рамды және олар қызметінің жоғары нәтижелеріне кепілдік бе- ретін басқарудың әмбебап принциптерін жасады: еңбек бөлінісі, уәкілдік пен жауапкершілік, тәртіп, бір басшылық, жеке мүд- делерді қоғамдыққа бағындыру, қызметкерлерді марапаттау, скалярлық тізбек (басшының иерархиялық ұстанымы), адалдық, қызметкерге арналған жұмыс орнының тұрақтылығы, құлшы- ныс, корпорациялық рух.
Дегенмен «классикалық» мектепке, оның басқару ғылымына қосқан үлкен үлесіне қарамастан, басқарудың әлеуметтік ас- пектілеріне қызықпаушылық тән болды; психологиялық және мінез-құлықтық факторларға зейін аз аударылды. Бұл мектепті, әдетте, басқару теориясындағы ұтымды тұрғыдан жүзеге асыру ретінде қарастырады.