"Керуен" ғылыми журналы №1 (74) 2022 ISSN: 2078-8134 | elSSN: 2790-7066 46
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты "Керуен" | 1 (74) 2022 Мандараватидің мәйітін жаққан жерге үй салып, сонда тұра береді. Бірінші брах-
ман өлгенге жан беретін сиқырлы кітапты тауып, қайтып оралады. Екінші брахман
қыздың сүйегін қасиетті суға жуып, сол жерге келеді. Ол сонда тұратын үшінші жігіт
екеуі сүйек пен күлден құрастырып, бойжеткеннің бейнесін қайта мүсіндейді. Бірінші
жігіт сиқырлы мантра оқып, қызды тірілтіп алады. Қыздың өмірге қайта оралғанын
көрген соң, брахмандар арасында талас-тартыс басталады. Сюжеттің аяғында Викра-
мадитья (Викрама) патшаның арқасында келе жатқан Ветала үнді ескерткіштерінің
бәріне тән үрдіспен «Қыз кімге тиесілі?» деген сауал қояды. «Мантра оқып қызды
тірілткен жігіт оның әкесі іспетті, ал сүйегін арқалап жүрген жүрген ұлы секілді
әсер қалдырады. Бірі әкелік, екіншісі перзенттік парызын өтеді. Сондықтан оның
күліне дейін күзетіп, түтінін түтетіп отырған жігіт күйеуі болуға лайық», – дейді
Викрама (Двадцать пять рассказов Веталы, 1958: 37-38). Будда дінінің сал-дәстүрін
әйгілейтін тәмсіл мен түрленген хикаяларды салыстыра қараған кезде бір сюжеттің
қаншалықты өзгеріске түскеніне көз жеткізуге болады.
Үш жігіттің бір қызға таласы «Тотынаманың» отыз бесінші түніндегі әңгімеде де
бейнеленген. Бұл да үндінің көптеген шығармаларына арқау болған сюжет. Мұнда
бірі әлемде болып жатқан барлық жаңалықты біліп отыратын, екіншісі ағаштан ат жа-
сап, оны жылдам жүргізе алатын, үшіншісі атқан оғы мүлт кетпейтін мергендігімен
ерекшеленген үш жігіттің ұрланған қызды тауып келу хикаясы баяндалған. Тыңшы
қызды перілердің ұрлап кеткенін анықтайды, шебер ағаш ат жасап, жолға әзірлеп
береді, садақшы періні өлтіріп, қызды алып келеді. Ғасырлар бедерінде көп өзгеріске
түскен бұл сюжеттің «Қыз көреліктің» оқиғасымен тоғысатын тұсы – «менің еңбегім
бәрінен артық, сондықтан қыз менікі болуға тиіс» деп таласып, атқарған ісін мін-
детсуі. Бұл сюжеттің соңында «Кабул көпесінің қызы Зухра өзін ажалдан құтқарған
үш жігіттің қайсысына тиюге тиіс?» деген дәстүрлі сұрақ қойылады (Зийа ад-Дин
Нахшаби, 1979:231; Зияааддин Нахшаби, 1991 208). Сайид Хайдар Бахш Хайдаридің
«Тотының әңгімелерінде» жиырма төртінші тарауында баяндалған осы сюжеттің
(Сайид Хайдар Бахш Хайдари, 1933: 133-136) Нахшаби шығармасындағы сюжеттен
айырмасы жоқ. Тек қызды ұрлап әкеткен дүлей күштің иесі бірінде пері, екіншісінде
мыстан кейпінде сипатталады. Қытайда жарияланған «Тотынама» сюжетінде қыздың
аты Зуһра, әкесінің аты Ғанка, үш жігіттің есімдері Дилнауаз, Рахшысаз, Тайран-
даз деп көрсетіледі (Тотынама , 1987: 116). Әрине, бір нұсқаны негізге алғандықтан,
Нияз Тобыш аударған хикаяның бұдан айырмасы болмайтыны белгілі.
Имад ибн Мұхаммед ан-Нааридің «Түнгі жауһарларында» Джауза деген қызды
жын ұрлап әкеткені айтылады (Имад ибн Мухаммад ан-Наари, 1985: 269). Ал
оқиғаның қалған бөлігінде өзгеріс байқалмайды. Сонымен қатар, Мұхаммед аз-
Захири ас-Самарқандидің «Синдбаднамасында» осы сюжеттің түрленген тағы
бір нұсқасы кездеседі. Бұл – Кашмир патшасының сұлу қызын жынның (ифрит)
өңгеріп кетуіне байланысты туындаған аңыз. Тек мұнда әдеттегідей үш жігіт емес,
төрт жігіттің өнері сыналады. Қызды құтқару үшін төрт ағайынды өнерпаз жігіттің
жорыққа шығуы, жолды жетік білетін біреуінің ифрит мекен еткен жерді тауып бе-
руі, батылдығымен ерекшеленген екіншісінің қызды алып шығуы, жауынгерлігі-
мен танылған үшіншісінің қуғыншыларды күйрете жеңуі, емшілігімен көзге түскен