6В01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті», Күндізгі бөлім 4 Күндізгі бөлім 3 курс 3 жылдық, ҚБТ
Қазақ тіліндегі көршілес дыбыстардың бір-біріне ықпал ету заңдылығын тілдік фактілермен дәлелдеңіз
Тасымал, тасымалдау ережелерін мысалдар арқылы түсіндіріңіз
Орфоэпия. Орфоэпиялық норма жайындағы ғалымдардың пікірлері
Қазақ фонетикасының зерттелу тарихына шолу жасаңыз
Дыбыс және фонема, әріп ұғымдарына фонетикалық сипаттама
Жартылай редукция мен толық редукция құбылыстарын мысалдар арқылы дәлелдеңіз
Тіл білімінің фонология саласындағы ғылыми мектептер
Қазақ тіліндегі екпін түспейтін қосымшаларды мысалдар арқылы көрсетіңіз
Сөздік қор мен сөздік құрам, олардың арақатынасы. Арақатынасын мысалдармен дәйектеңіз
Қазақ тіліндегі диалектілердің шығу төркіні мен қалыптасуы, пайда болу жолдары туралы ғалымдардың зерттеулеріне шолу жасаңыз, мысалдармен негіздеңіз
Неологизмдер. Жаңа атаулардың қалыптасу, жасалу ерекшеліктерін мысалдармен дәйектеп сипаттама беріңіз
Қазақ фразеологиясы туралы түсінік, зерттелуіне шолу жасаңыз, мысалдармен дәйектеп сипаттама беріңіз
Мақал-мәтелдердің фразеологизмдерге қатысы, ұқсастықтары мен ерекшеліктерін саралаңыз. Мысалдармен дәйектеңіз
Сөздік, оның түрлері, лингвистикалық сөздіктердің ерекшеліктерін сипаттап, мысалдармен дәйектеп көрсетіңіз
Табу, эвфемизм, дисфемизмнің ерекшеліктері, жасалу жолдары, мысалдармен салыстырыңыз
Сөзжасамның жасалу тәсілдері мен әрқайсының жолдарын сызбаға түсіріп, мысал келтіріңіз
Туынды сөз, оның құрылымы. Сөзжасамдағы және морфологиядағы туынды сөз ұғымының айырмашылығын көрсетіңіз
Сөзжасамдық мағына. Оның лексикалық және грамматикалық мағынадан айырмашылығын дәйектеңіз
Сөзжасамдық бірліктер, олардың түрлерін мысалдармен көрсетіңіз
Сөзжасамның қазақ тіл білімінде зерттелуін хронологиялық жүйемен беріңіз
Қосымшалардың жіктелуі. Қосымшаларды жіктеуде дәстүрлі және ғылыми грамматикалардағы айырмашылық неде? Қосымшаларды жіктеудегі басты ұстаным
Етістік түбіріне тән ерекшеліктерді көрсетіп, мысалмен дәлелдеңіз.
Етістік категориялары. Олардың айырмашылығын Т кестесімен көрсетіңіз
Сөз таптары мен сөз топтары, олардың арақатынасын, басты белгілерін көрсетіңіз
Септік жалғау және септік категориясы ұғымдарының айырмашылығын көрсетіп, септік категориясына тән белгілерді айқындаңыз
Шақ категориясы, оның түрлері мен жасалуын кестемен көрсетіңіз
Негізгі грамматикалық ұғымдар кестесін жасап, олардың өзара байланысын көрсетіңіз
Грамматикалық және көлемдік септіктердің айырмашылығын Т кестесіне түсіріңіз
Грамматикалық мағына, оның берілу тәсілдері мен жолдарын кестеге түсіріп, түсіндіріңіз
Қазақ тіліндегі нөлдік тұлғада қолданылатын қосымшаларды көрсетіп, мысалмен дәйектеңіз
Қазақ тілін оқыту әдістемесін дамытуға үлес қосқан ғалымдардың еңбектерінің хронологиялық кестесін жасаңыз.
Дебат технологиясын қазақ тілі сабақтарында қолдану үлгісін түсіндіріңіз. Мысалдармен дәйектеңіз
Тілдік қатынасқа байланысты іске асатын сөйлеу әрекетінің түрлерін (оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым, тілдесім) кластермен көрсетіңіз
Мәтін арқылы тіл дамытуға арналған жұмыстың маңыздылығын ПОПС-формуласы арқылы дәйектеңіз
Қазақ тілін оқытуда ақпараттық технологияны қолданудың тиімділігін мысалдармен дәйектеңіз
Қазақ тілін оқытуда оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытудың ерекшеліктерін концептуалды кестеге түсіріңіз
Қазақ тілінен оқушылардың академиялық жазба тілін дамыту жолдарын қарастыру қажеттігін дәйектеңіз (объективті түрде жазылуы; ғылыми стильде жазылуы; жүйелі құрылыммен жазылуы; сілтемелерді жиі қолдану)
Қазақ тілі сабағында синектика, синквейн әдістерін қолдану үлгілерін көрсетіңіз
Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияны (Интернет-технологияны) қолдану әдістемесін Т-кесте арқылы көрсетіңіз
Қазақ тілі пәнінен оқушылардың интернет-ресурстармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруды нақты мысалдармен дәйектеңіз
Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологияларын кластермен көрсетіңіз
Lesson study әдісінің түрлерін Т-кестемен көрсетіңіз
Lesson study әдісінің қазақ тілін оқыту үдерісіндегі мақсатын ментальді карта арқылы көрсетіңіз
Қазақ тілі сабағында қолданылатын жобалау әдісінің ерекшеліктерін мысалдармен дәйектеңіз
Оқушылардың креативтік ойлау қабілетін дамыту жəне оны бағалау жүйесін мысалдармен көрсетіңіз
Қазақ тілін ұлттық құндылықтар негізінде оқыту әдістемесінің негіздерін дәйектеңіз
Lesson Study әдісін қазақ тілінен сабақты зерттеу тәжірибесімен байланыстырып түсіндіріңіз
Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілі әдістемесіне қатысты еңбектері бойынша хронологиялық карта жасаңыз
Қазақ тілін оқытудың дидактикалық қағидаттары түрлеріне кластер құрастырыңыз
Lesson study әдісін білім сапасын арттыруға арналған тиімді құрал ретінде дәлелдеңіз
Қатысымдық-танымдық әдістің оқушылардың білігін жетілдірудегі ықпалын кластермен көрсетіңіз
Берілген тіркестердің қайсысылары сөз тіркесіне жатады, қайсысылары жатпайды? Сөз тіркесі болуының не болмауының себептерін түсіндіріңіз.