Протеин тіршілікке аса қажетті қоректік зат тобына жатады. Ол жануарлар денесінің 45%, ал кейбір мүшелердің 85% құрайтын негізгі құрылымдық қосынды.Протеин тіршілікке аса қажетті қоректік зат тобына жатады. Ол жануарлар денесінің 45%, ал кейбір мүшелердің 85% құрайтын негізгі құрылымдық қосынды. Өсімдіктер протеині негізінен дәнде, гүлде, жапырағында жиналады. Бұршақты дәндерде протеиннің мөлшері 35-45%. Жоңышқа жапырағында ол 24%, сабағында 10%-ға дейін болады.
Протеин мал организміне азықпен, үздіксіз жеткізіліп тұруы қажет. Өйткені ол денедегі белок алмасуын қамтамасыз етіп, жас малдың өсуіне, ал ересектерінің белогын жаңалап, сүт, жүн, т.б. өнімдердің түзілуіне керек. Белоктар негізгі құрылымдық қосынды болумен қатар ферменттер, гормондар мен иммундық заттар құрамында зат алмасуын реттейтін қызмет атқарып, биохимиялық үрдіске белсенді әсер етеді.Малдың протеинге қажеттілігін, жалпы протеин көлемін бұрынғыдай шикі протеинмен қоса есептеп, қосымша ыдырайтын (ЫП) және ыдырамайтын (ЫРП) протеинді, оның бөлшектерімен қорытылатын протеинді және құрамындағы аминқышқылдарында есептеген дұрыс. Орта есеппен ыдырайтын және ыдырамайтын бөлшектердің қатынасы60-70:30-40 болуы керек. Протеин құрамында жалпы азоты бар органикалық заттар кіреді. Күрделі ақуыздар және өнім бөлшектері,қарапайым амидтер, амин тұздары, нитрит және нитраттар жатады. Аминқышқылдары көбінесе ақуыздың құрамына кіреді, бірақ олар бос түрлерінде азықтың құрамында болады. Ақуыздың негізгі атқаратын жұмысы мал денесінің құрылыс материалы болғандықтан, торша мен ұлпаның жаңаланып тұруын реттейді. Осыған байланысты күйіс қайтармайтын малды азықтандырғанда, әсіресе ақуыздың
мөлшерін ескеру керек. Азықтың құрамындағы ақуыздар өзінің еру қабілеті бойынша қарапайым және күрделі болып екі түрге бөлінеді. Қарапайым ақуыздарға: альбуминдер, проламин, глютамин, протамин және склеропротеин жатады. Күрделі протеиндер құрамында қарапайым ақуыз бен қосымша қосылған түрлі қызмет атқаратын азотсыз заттар бар. Құрамындағы
қоспаларға байланысты олар: глюкопротеиндер, липопротеиндер, нуклеопротеидтер, хромопротеидтер және басқа заттарға бөлінеді. Бұл заттар жалпы азықтың құрамында күнжара мен зығырда 3045%, бұршақ тұқымдас дәндерде 25-30% және пішенде 12-15%, тамыртүйнекті жемістілерде 0,5-1,0% болады
Ақуыз (Белок) – мал азығындағықоректікзаттардыңеңбастысы. Оныңқұрамына: оттегі, сутегі, көміртегі, міндеттітүрде азот, үнемідерліккүкіртжәнекейде фосфор кіреді. Протеинде орта есеппен 16% азот бар дегендіеске ала отырып, мал жәнеқұсазығындағышикі протеин құрамындағы азот мөлшерін 6,25 коэффициентінекөбейтуарқылыанықтайды. Ақуызмалдыңтіршілігіне, жасмалдыңөсуіне, ірімалдыңетқұруына, сүтініңартуынақажет. Оныңжетімсіздігінбасқақоректікзаттардыңешқайсысыалмастыраалмайды. Ақуызбарлықазықтардыңқұрамынакіредідеугеболады. Азықтардаоныңмөлшерітүрлішеболады. Ал малғаазықбергендеақуздыңорганизмгесіңірілгенмөлшеріғанақорытылған протеин мөлшеріболыпесепкеалынады.